5. «нұр жауды, туар жыл жақсы жыл болады» деп қуанған.
5.. «Наурыз» сөзіне синквейін әдісін қолданыңыз. 1. Зат есім
2. 2 сын есім
3. 3 етістік
4. Сөйлем
5. Синоним
ХІХ «Судың да сұрауы бар» -5 сағат. Су-тіршілік көзі. Жер асты сулар. Судың емдік қасиеті. Қазақстандағы шипажайлар. Тіл дамыту. Сұрау есімдігі.
1. Суға байланысты тыйым сөздерді толықтырыңыз. 1. Суға түкірме.
2. Түнде суға барма.
3. Суды сапырма.
4.
5.
6.
2.Асты сызылған сөздерге сұрау есімдіктерін қойыңыз. Үлгі: Адам тәулікте шамамен 1,5 – 2 литр су(не?) жоғалтады.
Адам тәулікте шамамен 1,5 - 2 литр су жоғалтады. Сондықтан адам күніне сонша су ішіп отыру қажет. Таңертең бір стакан су ішуді әдетке айналдырған дұрыс. Зиянды микроорганизмдер болмауы үшін суды қайнатып ішкен дұрыс. Қайнаған судың құрамындағы кальций, магний сияқты элементтер – ағзаға ерекше пайдалы. Тұзды су зиян. Тұзды су ағзаны сусыздандырады және қан қысымының көтерілуіне ықпал етеді. Таңертең тұрғанда мұздатқыштағы суық суды да ішуге болмайды. Ең дұрысы, таңертең тұрғанда үй температурасымен бірдей қайнаған су ішкен жөн. Су - тіршілік нәрі. Адам сусыз өмір сүре алмайды. Адам ағзасы 86 пайыз судан тұрады екен. Егер ағзада судыңмөлшері азайса, онда адам әртүрлі ауруға шалдығады.