І. Жансүгіров "Құлагер" поэмасы



Pdf көрінісі
Дата25.01.2023
өлшемі0,85 Mb.
#62837
түріСабақ
Байланысты:
І.Жансүгіров Құлагер поэмасы .



Автор: Турлыбекова Гулжамила Сулетайқызы
Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 9-сынып
Бөлім: Адам жанының құпиясы
Тақырып: І.Жансүгіров "Құлагер" поэмасы .
Оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтемеу):
9.1.3.1.Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар орындай алады: көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін
анықтайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Берілген үзінділерден шығарманың идеясы мен
образдар жүйесін ашып, қорытындылап, кейіпкерді анықтайды . Кейбір оқушылар орындай алады:
Поэма идеясы мен кейіпкерлерін қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, ойын тұжырымдайды.
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар орындай алады: оқушылар кейіпкерлер жүйесін анықтау үшін жұптасып, топтасып, жеке
жұмыс атқарады. Сабаққа қажетті жұмыс тілін ұсыну: анықтайды,ашады,талдау жасайды,өмірмен
байланыстырады,тұжырымдайды.. Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің ойымша... Мен
ойлаймын... Себебі... Осыған байланысты...
Күтілетін нәтиже:
Берілген үзінділерден шығарманың идеясы мен образдар жүйесін ашып, қорытындылап, кейіпкерді
анықтайды . Поэма идеясы мен кейіпкерлерін қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, ойын
тұжырымдайды.
Бағалау критерийлері:
көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды; образдар жүйесін
анықтайды,талдау жасайды; қазіргі өмірмен байланыстырады; ойын тұжырымдайды.
Құндылықтарды
дарыту:
Бірін-бірі бағалау арқылы ойлау қабілеттерінің қалыптасып дамуына, бір-бірімен ынтымақтастықпен
қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу
АКТ-ны қолдану
дағдылары:
https://bilimland.kz/
қолдану
Пәнаралық байланыс:
тарих
Бастапқы білім:
«Ой қозғау» әдісі арқылы осы тақырып туралы білетіндерін еске түсіріп жинақтау
Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал. Оқушылар шаттық шеңберін
құрып,бір-біріне жақсы тілек айтады.
Оқушылар"Құлагер","Ақан","Батыраш" сөздері жазылған қима қағаздар
арқылы топқа бөлінеді. Оқушылар оқу мақсаттары және бағалау
критериймен таныстырылады .


Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың ортасы
1-тапсырма. Кейіпкерлердің адамгершілік қасиетін анықтап мінездеме
береді, себебін түсіндіреді,кестені толтырады . Шығарма атауы Авторы
Кейіп-кері Қандай? Қандай жағым-ды қасиет-тері ұнайды? Кейіпкерге
ұқсағың келе ме? Себебін түсіндір. Жеке жұмыс. "Әдебиет лотосы"әдісі
арқылы кейіпкерлер жүйесін анықтап мінездеме береді, себебін
түсіндіреді,кестені толтырады. Дескриптор: -адамгершілік қасиетін
анықтайды, -мінездеме береді; -себебін түсіндіреді; -кестеге жазады. ҚБ:
Бағалау парақшасы арқылы өзін-өзі бағалайды. 2-тапсырма. «Құлагер»
поэмасынан берілген үзінділерден кейіпкерлер образын талдап,
қорытындылау. Дәйектеме Қорытынды Кейіпкер 1.Қайырып қыстай баптап
Құлагерді,Осы астың дақпыртына Ақан келді Атбегі Ақан 2.Көзімнің
көбеймесе бүгін ағы,Есімнен жаңылтпаса сайтан тағы.Егер де шын
жылқыны мен танысам.Хақ мұның қырып ,жойып бәйге алмағы! Нағыз
атбегі,сыншы Күреңбай 3.Жайраңдап жайсаң Ақан қаймыққан жоқ,Жүрегін
жолбарыстан айнытқан жоқ."Жат елде жалғыз жүрмін" деп именіп,Болар
деп түбі қалай қайғыртқан жоқ Ешкімге бас имейтін асқақ жан Ақан 4.Бұл
кәпір жылқы ма екен,немене екен? Осы аста алдымен -ақ келе ме
екен?Алдында ат салмаған Көктұйғынға.Бір пәле Көкшетаудан келер ме
екен! Іші тар,қауіпті,өз басының қамын ойлайтын адам Батыраш 5.Ақ отау
топырлады Ақан түскен,Қалың жұрт кетті керіп сырттан,іштен.Шығады
Ақан даусы әнге толып,Безелген ғашық жармен,қыран құспен. Еліне
сыйлы,өнері көпке ортақ,елдің еркесі. Ақан 6.Жүрегі жаралған ер
жүйрікпенен,Сері Ақан сұрауына илікпеген.Сонан соң кегін сақтап кеткен
Батыраш.Үкілеп Көктұйғынын жүйрік деген. Кекшіл,өзімшіл,қыз-ғаншақ.
Батыраш Жұптық жұмыс ." Үш түрлі күнделік" әдісі бойынша
оқушыларға(жүптасады) поэмадан дәйектеме сөздер беріледі.Олар
берілген дәйектеме сөздерге қорытынды жазып, кестені толтырады.
Дескриптор: -образдар жүйесін ашады; - дәйектеме сөздерге қорытынды
жасайды; -кестеге жазады . ҚБ: "Бутерброд" әдісі арқылы жұптар бір
мадақ,бір сын,бір ұсыныс айтып, келесі жұптың жұмысын бағалайды. 3-
тапсырма. Поэманың идеясы мен кейіпкерлерін қазіргі өмірмен
байланыстыра отырып, ойын тұжырымдау. "Попс формуласы" Бірінші
сөйлем: "Менің ойымша..." Екінші сөйлем:"Себебі,мен оны былай
түсіндіремін..." Үшінші сөйлем:"Мен оны мына үзінділермен дәлелдеймін..."
Соңғы сөйлем:" Соған байланысты мен мынадай қорытынды шемімге
келдім..." Дескриптор: -нақты дәлелдер келтіреді; -себебін анықтайды; -
қазіргі өмірмен байланыстырады ; -ойын тұжырымдайды. ҚБ:
«Сыныптастарды бағалау» әдісімен бағаланады. Топтар бағалау
критерийлеріне сәйкес бір-бірінің жұмысына кері байланыс бере отырып
жұмысын бағалайды.
Сабақтың соңы
Сараптама Білу Бүгін қандай жаңа-лық алдың?
Түсіну Алған біліміңді түсіндің бе?Түсінігіңді немен дәлелдей-сің? Қолда-ну
Алған, түсінген біліміңді қалай қолданар едің? Ұғу Нені ұға алмадың, жете
түсінбе-дің? Баға Өзіңе-өзің баға бер,ше-шіміңді білдір.
Рефлексия
"Блоб ағашы" әдісі бойынша оқушылар өз ойларын стикерге жазып,
ағашқа іледі. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет