I және II түрдегі мектепте оқыту бағдарламалары. Түзету пәндері (курстар)


Еңбекке оқытуды ұйымдастыру және кәсіби дайындық



бет20/45
Дата14.09.2023
өлшемі165,24 Kb.
#107940
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
26. Еңбекке оқытуды ұйымдастыру және кәсіби дайындық.
Мектеп жасына дейінгі балалардың пайдалы еңбекке қызығушылығын ояту, белгілі бір еңбек тәртібін тәрбиелеу, еңбекті өздігімен жасауға, орындауға, бағалауға үйрету басты міндеттердің бірі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде еңбекті дұрыс ұйымдастыру баланы жүйелі түрде еңбекке баулудың, еңбек дағдыларына үйретудің алғашқы қадамы. Еңбектің әр түріне баланың қызығушылығын оятып, ұжымда еңбек етуде белсенділік, ынта ықыласын көрсетуге қолдау көрсетуіміз керек. Өз қолымен жасаған еңбегіне қуаныш, мақтаныш сезімін оған қызығушылығын тәрбиелеп жағымды көзқарас тудырғанымыз жөн. Өз-өзіне қызмет етуі балабақшада және отбасында еңбекке араласу, яғни үлкендерге көмектесуге үйренуі тиіс. Сонымен қатар еңбек етуге жат қылықтардан еріншектік, жалқаулық, шалағайлық, ұқыпсыздықтан жиренуге баулу, яғни жол бермеуге тәрбиелеу керек. Балаларды жұмысты бастап оны аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу, еңбек жұмыстарына қатысу, ұжымдық еңбекке үйреткен жөн. Ертегі, әңгімелерді кейіпкерлер арқылы «Еңбек түбі - зейнет» екенін түсіндіріп отырсақ, бала еңбектің не үшін керектігін түсінеді. Бірте-бірте еңбек етуге деген қажеттілікті ояту баланың болашақ өмір сүру қажеттілігіне айналуға алғышарт болады.
Мектепалды даярлау тобында балалардың өсу мүмкіншілігі кеңейіп, күші мен қимыл ептілігі ұлғаяды, ұжымдық қарым-қатынастың дамуына байланысты еңбектің қоғамдық мәнін түсіне бастау пайда болады. Бұл топта бұрынғы топтарда үйретілген еңбек түрлері күрделенеді. Еңбекке баулу арқылы жағымды міне-құлық дағдыларын қалыптастырып, үлкендер еңбегіне құрмет, кішіге ізет, мейірімділік пен қайырымдылық қасиеттерін, еңбек әрекетіне қызығушылығын арттырып, сүйіспеншілік сезімін тудыруға тәрбиелейді. Еңбек әрекетін ұйымдастыруда баланың өзінің ынтасының болуы, еңбек нәтижесін мадақтау, сендіру тәсілдері арқылы өз жолдастарының еңбегін бағалай білу, еңбекке деген дұрыс көзқарастың болуы еңбекке бейімдеудің негізі болмақ.
Өзіне-өзі қызмет ету. Өз бетімен киімдерін өз орнына жинау, рет-ретімен киіну: шұлық, шалбар, аяқ киім, жейде, орағыш, сырт киім, бас киім. Шешіну: бас киім, сырт киімді шешіп, өз орнына ілу, жейдені, шалбарды, орағышты шкафтың жоғары сөресіне жинау, киімнің ілгегін салу, аяқ киімінің бауын байлау, өз киімінің тазалығына көңіл бөлу, ұқыптылыққа тәрбиелеу, жолдастарына көмек көрсетіп, жасалған көмек үшін рахмет айту, серуенге шыққан кезде басқа балаларды кешіктірмеу, ұйқыдан тұрған соң төсегін жинау, күтушіге төсек ауыстыру кезінде көмек көрсету, үлкендер еңбегін құрметтеуге үйрету.
Жеке мәдени гигиеналық машықтары: Өз бетімен ескерту жасатпай беті-қолын жуу, тамақ ішер алдында жуыну, тамақ ішіп болған соң аузын шаю.
Тұрмыстық-шаруашылық еңбек. Топ бөлмесін тазартуға қатыстыру, ойыншық бұрышындағы ойыншықтарды жуу, тазарту, жинап ретке келтіру, орындық, терезе алдының, жиһаздардың шаңдарын сүрту, қуыршақ киімдерін жуу, үтіктеу,
Жыртылған кітаптарды, ойыншықтарды жөндеу, жуынған соң еденді сүртіп тазарту.
Алаңдағы жолды сыпыру, қыста қарды күреп тазартуға әдеттендіру. Жәшіктегі құмды қопсыту, су құю, аула сыпырушыға, кіші тобының тәрбиешілеріне топтың алаңын таза ұстауға көмектесу, күтушінің төсек салуына, орамалды өз орнына ілуіне көмектесу, ұйқыдан соң төсектерін өздері жинау.
Еңбек мәдениетін қалыптастыру: белгілі бір әрекет үстінде ұқыптылық сақтау, құрал-жабдықтарды қажетіне қарай пайдалана білу, оларды дер кезінде жинастыру, жұмыс орнында тазалық сақтау.
Бөлмелердің, бақша алаңының таза, жинақылығына қанағаттана білу сезімін қалыптастыру.
Асханадағы кезекшілік. Өз бетімен тәрбиешінің ескертуінсіз кезекшілік міндетті атқару, өз бетімен таңертеңгі, түскі, бесінгі асқа үстелді дайындау, алдымен сүрткішті қою, тостаған, тәрелке қасық, шанышқы, пышақты, дұрыс қою. Пышақты тарелкенің оң жағына, қасына үлкен қасықты қою, сол жағына шанышқыны қою, екінші тамақты тарату, екі қолмен ұстау, тәрелкені тарсылдатпай қою, үстел үстінен ыдыстарды жинау, тарелкедегі тамақ қалдығын тазалау, өзі үшін ғана емес, жолдастары үшін де жұмыс жасау, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекет кезіндегі кезекшілік. Бояу, қылқалам, су құйылған ыдысты, сүрткішті тарату, бояуға арналған ыдысқа су құйып әкелу, бояуды үстелдің ортасына қою, оқу іс-әрекетке керекті құралдарды тарату, оқу іс-әрекеттен соң топты ретке келтіру, үстел, орындықтарды, құралдарды өз орнына тез жинау, үстел мен орындықтарды тарсылдатпай дұрыс қою, бірге келісіп жұмыс жасау, жасаған жұмысын аяғына дейін жеткізу керек.
Табиғат аясындағы еңбек Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға үйрету, оларға жанашырлықпен қызмет көрсету рухына тәрбиелеу керек.
Табиғат бұрышындағы кезекшілік. Бөлме өсімдіктерін күту, суару егер горшоктан жәй дыбыс шықса ылғал, ал қатты дыбыс шықса құрғақ екендігін білдіреді. Гүлдерге арналған таяқшамен топырағын қопсыту, гүлдердің жапырақтарын алақанға қойып, сулы шүберекпен сүрту. Табиғат бұрышындағы жануарларға, құстарға жем беру, жем салатын ыдысты жуу, төсеніш ретінде құм және ағаш үгіндісін себу. Аквариумдағы балықтардың суын жаңарту, тастарды, ракушкаларды жуу, балықтарға ескерту жасатпай белгілі бір уақытта жем беру, балықты ұстайтын құралмен ұстап, таза су құйылған ыдысқа жіберу, егер балық судың бетінде жүзіп жүрсе, оның суын ауыстыру керектігін түсіндіру. Берілген тапсырманы орындаған кезде жауапкершілікпен, ынтамен орындауға үйрету керек.
Топ бөлмесіндегі табиғат бұрышы, ауладағы гүлзарлар мен гүлдіктерде еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


28.Жалпы мектеп пен арнайы (түзету) мектептің І түрдегі оқу жоспарларын салыстыру, жоспар құрылымындағы, оқу пәндерінің тізбесіндегі және оқу мерзімдеріндегі айырмашылықтарды анықтау
Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мекттептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Инклюзив — сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру - мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. 
Арнайы мектептегі білімнің мазмұнына келесі талаптар қойылады:
– оқытудың түзету-дамыту бағыты;
– оқытудың нәтижелігі, яғни мазмұны білім жүйесін қалыптастыруы тиіс,
– оқытудың қол жетерлігі, оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктерін ескеру;
оқытудың ғылымилығы;
– оқу материалының білім беретін оқу бағдарламаларында шоғырланып орналасуы;
– білім мазмұны өмір, тәжірибесімен тығыз байланыста болуы;
– оқытудың тиімділігін арттыру үшін пәнаралық байланысты камтамасыз ету;
– білім беру оқу бағдарламаларын қазіргі талаптарға сәйкес әзірлеу, көптүрлі нұсқаларын ұсыну (мысалы: зиятында ауытқушылықтары бар балалар үшін шамалы ауытқуы бар балаларға бөлек, жеңіл ауытқуы бар балаларға бөлек). Жоғарыда аталған талаптар нақты белгіленген құжаттарда бекітіледі олар: білім беру стандарты, оқу жоспары, білім беру оқу бағдарламалары мен оқулықтар.Ерекше оқытуды қажет ететін баланың белсенді әлеуметтенуі үшін кемістіктерді түзету, нақты екіншілік реттегі кемістіктің алдын алу және білім беру арқылы кемістіктің орнын толыктыру қажет. Бұл жағдай психикалық немесе дене кемістікке байланысты бала бойында туындаған білім алудағы ерекше кажеттіліктерін толық қанағаттандыру аркылы жүреді.Мысалы, естімейтін баланың дамуындағы жағымсыз салдарын алдын алу үшін бір-қатар жаңа білім алу үшін жағдайларды қамтамасыз ету керек, олар:– калған есту қабілетін дамыту және қалдык естуін пайдалануға үйрету;– сөйлеуші адамның сөзін ерін кимылы аркылы сөйлеу тілін кабылдауға үйрету;
– түзетушілік гпедагогикалық қолдау көрсету арқылы бұрын қалыптасқан сөздік қорын жоғалтпауын қадағалау;– дыбыссыз кеңістікте бағдар алып жүруге үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет