I және II түрдегі мектепте оқыту бағдарламалары. Түзету пәндері (курстар)


Психологиялық-медициналық-педагогикалықконсультациялар қызметiнің тәртібi



бет28/45
Дата14.09.2023
өлшемі165,24 Kb.
#107940
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
Психологиялық-медициналық-педагогикалықконсультациялар қызметiнің тәртібi:

1. Балалардың ПМПК-ға жіберілуі ата-аналарының (заңды өкілдерінің), білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының бастамасымен ата-анасының (заңды өкілдерінің) келісімі арқылы жүзеге асырылады.


ПМПК-ға балаларды қабылдау алдын ала тіркеу бойыншаата-аналарының (заңды өкілдерінің) бірге ерiп келуiмен жүзеге асырылады.
Тіркеуші балаларды консультацияға алдын ала жазу, тіркеу және құжаттамаларды есепке алу жұмыстарын жүзеге асырады.
Диагностикалық тексеру мен кеңес беру:
1) педагог қызметкерлер (психолог, мұғалім-логопед (логопед), дефектолог (сурдопедагог), әлеуметтік педагог;
2) медициналық қызметкерлер (невропатолог-дәрігер, психиатр-дәрігер, офтальмолог-дәрігер, оториноларинголог-дәрігер (сурдолог) арқылы жүзеге асырылады.
Бірінші тексеруге анамнез жинау, дәрігерлердің, педагогтердің, психологтың тексеруі, баланың психофизикалық жағдайын бағалау, ата-аналарға (заңды өкілдерге) кеңес беру кіреді. Бірінші тексеру бір немесе төрт қабылдау барысында жүргізіледі. Қабылдаудың ұзақтығы бір сағат, баланың шаршауы жоғары болғанда 20-30 минут.
Қайта тексеру ПМПК-ның жалпы қорытындысын нақтылау немесе өзгерту мақсатында жүргiзiледi, ең алдымен диагностикалық топтарда, диагностикалық оқу-түзеу сабақтарынан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы, орта бiлiм беру ұйымдарындағы сынама оқытудан кейiн зияткерлік немесе тілдік даму кемiстiгiнің деңгейiн нақтылау қажеттiгi болған жағдайда жүргізіледі.
Психикалық бұзылыстар (аурулар), психикалық және мінез-құлықтық, оның ішінде психобелсенді заттарды қолдану салдарынан болған ауытқушылықтары, сондай-ақ баланың суицидалдық мінез-құлығына күдік болған жағдайда тереңдетілген тексерулер жүргізу үшін медициналық мекемелерге ұйымдарға жіберіледі. Психикалық бұзылыстар туралы ПМПК қорытындысы әрекеттегі аурулардың халықаралық жіктемесі оныншы қайта қаралымына сәйкес шифрленіп көрсетіледі.
Тексерулер нәтижелері негізінде ПМПК-ның жалпы қорытындысы қабылданады, баланың жеке психофизикалық ерекшеліктеріне қарай түзете-дамыта оқыту барысындағы білім беру бағдарламасының түрі туралы алқалық шешім қабылданады. Қажет болған жағдайда медициналық, білім беру және әлеуметтік қызмет көрсету бойынша ұсынымдарды қарастыратын жеке түзете-дамыту бағдарламасы жасалады, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) консультация беру жүзеге асырылады.
ПМПК қорытындысыосы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды арнайы ұйымдарға және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жолдауға негіз болып табылады.
ПМПК қорытындысы мен ұсынымдар ата-аналарға (заңды өкілдеріне) қолма-қол беріледі.
12) Жалпы білім беру мекемесінде инклюзивті оқыту сыныптарын жинақтау
Инклюзивті сыныптарда мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жалпыбілім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ, арнайы оқу бағдарламалары бойынша ПМПК нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті сыныптарда түрлеріне сәйкес арнайы білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарының және жеке оқу жоспары, баланы оқытуға ұсынылған үлгілі бағдарламалар негізінде, оқу жоспарының әрбір оқу пәндері бойынша жеке жұмыс жоспары әзірленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет