И. К. Бейсембетов ректор Зам главного редактора



Pdf көрінісі
бет41/92
Дата31.03.2017
өлшемі51,43 Mb.
#10731
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92

 

П.В. Обухова, И.В. Игликов, И. Э. Сулейменов, А.С. Байкенов, С. В. Панченко. 



Матрицалық пернетақта негізі ретінде пернелерді оптикалық кодалау 

Түйіндеме.  Мақалада  оптикалық  кодалауы  бар  пернетақтаның  жаңа  құрылымын  өңдеу  бойынша  зерт-

теулер  көрсетілген.  Оның  ерекшелігі  перненің  айналық  бетінен  оптикалық  сигнал  негізіндегі  жұмыс  істеудің 

жаңа принципі болып табылады. 

Тірек сөздер. пернелерді оптикалық кодалау, оптикалық сигнал, фотоқабылдағыш 

 

P.V. Obukhova, I. V. Iglikov, I.E. Suleimenov, A.S. Bajkenov, S. V. Panchenko 



Optical encoding of keys, as the basis of a matrix keyboard 

Summary. The article presents research on the development of the new keyboard design with optical encoding. 

Its distinctive feature is the new principle of operation is based on reflected an optical signal  from the mirrored surface 

of the keys. 

Key words. optical encoding of keys, an optical signal, a light detector 


 



 Техникалық ғылымдар 

 

ҚазҰТЗУ хабаршысы №2 2016                                          



255 

 

УДК 612.821.3:159.955:37.014.1 



 

М.Е. Ескалиев, А.А. Андаспаева, Б.К. Жыланбаева  

(Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық медицина университеті,  

Алматы, Қазақстан Республикасы, zhylanbaeva.balkiya@mail.ru) 

 

 



ҚазҰМУ-нің ИНФОРМАТИКА МОДУЛІНДЕ   

ИНТЕЛЛЕКТ – КАРТА ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ 

 

Аннотация. Қазіргі кездегі  ақпараттық  қоғам - білім берудің күрделі  мақсаттарын алға қойып 

отыр. Болашақ  дәрігер  өз саласында белгілі бір білім қорын ғана біліп  қоймай, ол әлемдегі  болып 

жатқан  өзгерістерге  дағдыланып, ақпаратпен  сауатты  жұмыс  жасай алуы,  өз  ортасында  әртүрлі    қа-

рым–қатынас  түрін  орнатуы, өз бетінше сыни  және  шығармашылық  тұрғыда ойлау қабілеттеріне 

бейімделуі керек. Осы талаптар негізінде жеке тұлғаның ақпараттық  мәдениеті  қалыптасады. Заман 

талабына сай ақпараттың  алуан  түрлі  болуы, оны меңгеру мен қорытудың  қаншалықты қиын екен-

дігін  ескере  отырып,  студенттерді  ақпаратты  сауатты  тасымалдаушы  және  тұтынушы  тұлға  ретінде 

қолдануға қалай үйретуге болады? Осы мақсатта біліктілік және оның құрамдас бөліктері туралы қа-

растырастырғанды жөн көрдік. Институттарда және университеттерде ойлау қабілетін дамыту сабақ-

тары сирек болады. Интеллект-карта (MindMap) осы мақсатта тұлғаның әлеуетін ашып, ойлау қабіле-

тін дамытуды қамтамасыз етеді. 

Интеллект  -  карталар  (MindMap)  –  қазіргі  заманға сай  адамдардың  логикалық  және  шығарма-

шылық әлеуетін ақпаратпен жұмыс жасау арқылы көтеруде тиімді әдіс деп қарастыруға болады. Ин-

теллект-карта  әдісін  алғаш  ұсынған  ағылшын  психологы    Тони  Бьюзен  болды.  Бұл  әдіс  әлемде  әр-

түрлі салада балалар мен студенттерді оқытуда белсенді түрде қолданылуда. 

 Мақала интеллект –карта әдісін оқу жүйесінде қолдану технологиясы мен әдістің психология-

лық негіздемесі, сонымен қатар тәжірибе жүзінде  ҚазҰМУ-нің «Информатика» модулінде   студент-

термен жүргізілген оқу сабақтарында қолданылған деректері негізіге алынып жазылған. 



Кілттік сөздер: mindmap, дағды, құзыреттілік, ақпараттық технология, медициналық информа-

тика, әдіс, интеллект -карта, оқу жүйесі   



 

Білім  және ақпарат    бұл қазіргі  таңда капиталдың  жаңа түрі,   адамзат мүмкіндігінің шексіз  

ұлғаю    тәсілі.  Қазіргі  кездегі    ақпараттық    қоғам  -  білім  берудің  күрделі    мақсаттарын  алға  қойып 

отыр. Болашақ  дәрігер  өз саласында белгілі бір білім қорын ғана біліп  қоймай, ол әлемдегі  болып 

жатқан  өзгерістерге  дағдыланып, ақпаратпен  сауатты  жұмыс  жасай алуы,  өз  ортасында  әртүрлі    қа-

рым–қатынас  түрін  орнатуы, өз бетінше сыни  және  шығармашылық  тұрғыда ойлау қабілеттеріне 

бейімделуі керек. Осы талаптар негізінде жеке тұлғаның ақпараттық  мәдениеті  қалыптасады. 

Студент  ақпаратты сауатты тасымалдаушы және тұтынушы тұлға. Қазіргі заман талабына сай 

ақпараттың    алуан    түрлі    болуы,  оны  меңгеру  мен  қорытудың    қаншалықты  қиын  екендігін  ескере 

отырып,  студенттерді  ақпаратты  сауатты  тасымалдаушы  және  тұтынушы  тұлға  ретінде  қолдануға 

қалай  үйретуге  болады?  Осы  мақсатта  біліктілік  және  оның  құрамдас  бөліктері  туралы  қарастырас-

тырғанды  жөн  көрдік.  Кез-келген  жоғарғы  оқу  орнының  түлегі  сауатты  түрде  5  компонентті  жетік 

меңгеруі тиіс: ол - танымдық  білім, жедел дағды, аксиологиялық-  коммуникативтік дағды, құқықтық 

компонент    және  үздіксіз  білім.  Бүгінгі  таңда  аталған  біліктіліктерді  қалыптастыруда  көптеген  әдіс-

тер мен тәсілдер анықталған. Біздің ұсынып  отырған  заманауи тәсіліміз, осы талаптарға сай алынған 

интелект  –карта  әдісі.  Дәстүрлі  педагогикада  педагог  үнемі    оқыту  жүйесін  ұйымдастыруда  тек  бір 

өзі ғана белсенді қатысушы ретінде танылатын. Ал бүгінгі таңда педагогикалық парадигма заманауи 

талаптарды  қажет  етеді.  Білім  алушы  белсенді  танымды,  қызметтік  бағытта  басты  тұлғаға  айналуы 

керек. Біздің көзқарасымыз бойынша, оқыту  мақсаты оқытушы лауазымының  негізінде оның  көме-

гінсіз дамыту болып табылады. Олай болса,  білім берудің жаңа тәсілдеріне сүйеніп  оқытудың мақ-

саттарын сипаттайтын алғы шарттарды төмендегідей сипаттаймыз: 

1) өзара іс-әрекетті және тіл табысу қарым-қатынасын ұйымдастыру; 

2) оқытуды ұйымдастырудың заманауи формаларының түрін енгізу, яғни бұл жерде студент 

белсенді роль атқарады, ал оқытушы оқу жүйесін ұйымдастырушы ретінде; 

3) оқу жүйесінің әр түрлі кезеңдерінде студенттердің қабілеті мен білімін өзара бақылау және 

бақылаудың заманауи түрлерін енгізу. 



 



 Технические науки 

 

256                                                                                            



№2 2016 Вестник КазНИТУ

 

 



Міне  бідің  айтпағымыз  да  осы,  яғни  жаңа  әдіс-тәсілдердің  оқыту  жүйесіндегі  қолданысы  мен 

тиімді жақтары. Әр маман өз ісіне шеберлік танытады дегендей, оқытушының сабақ кезіндегі шебер-

лігі ол біріншіден білім алушының қызығушылығы мен танымынан байқалатын біліктіліктер. Білікті-

лікті қалыптастыруда жоғарыда аталған мәселелерді шешуге үлкен мүмкіндік жасайтын тәсіл ретінде 

Интеллект - карта әдісін ұсынып отырмыз. 

 Интеллект-карта әдісінің психологиялық негізі – ол бірлесіп ойлау. Интеллект – карта ұғымы-

на  тереңірек  үңілетін  болсақ,  оны  құраушылардың  пікірлері  бойынша–ол  біздің  миымыздың  жұмыс 

жасау  моделі  дегенді  ұғындырады.  Адамның  миы –  ақпаратты  сақтап,  өңдеп,  түрлендіретін  күрделі 

көп салалы жүйеден тұрады. Бұл жүйеде ақпаратты сақтап, түрлендіруде жіпке тізілгендей ақпарат-

тың байланыс объектілері де, бірінен кейін бірі орналасады. Есімізден бір объектіні ойымызға түсіре-

тін  болсақ,  ол  ақпаратқа  қатысты  бірнеше  байланысқан  фактілер  мен  оқиғалар,  түйсіктер  ойымызга 

келеді. Дәл осылай көптеген бірлескен ойлар туындайды, ол бірлескен ойлар қоршаған ортадағы бел-

гілі  бір  объектінің  өзін  ғана  емес,  онымен  байланысты  басқа  объектілір  мен  фактілерді  де  көруге 

мүмкіндік береді. Бұл интеллект – картаның негізгі жұмыс принципі. 



 Интеллект  -  карта  (ақыл  картасы, ақыл-ой  картасы  және  т.с.с,  түп  нұсқасында  берілуі  Mind 

maps) белгілі жазушы, дәріскер және интеллект-карта бойынша сұрақтарға кеңесші, интеллект-карта 

ұғымы  жайлы  оқыту  психологиясын  және  ойлау  мәселелерін  қарастыра  отырып жасаған Тони  Бью-

зеннің атымен әйгілі. 

Тони Бьюзен (Tony Buzan) - 1942 жылы Лондонда дүниеге келген. Ол «mind maps» әдісінің жә-

не сауатты ақыл-ойдың жақтаушысы болды. Оның осы салада жасаған еңбектері өте көп жарық көр-

ді.  Ойлау  мәселелері  жөнінде  алуан  түрлі  зерттеулер  жасады.  Нәтижесінде  адам  миындағы  нейрон-

дарды шағын интеллект-картаға ұқсастырған.   

 Интеллект  –  карта  еш  қиындықсыз  барлық  қажетті  қолданыстарды  еске  түсіреді  және  ол  ми-

дың табиғи қызетінің ретін көрсетеді. Интеллект – картаны оқыту, жобалау мен әр түрлі қызметтерді 

ұйымдастыруда  қолдануға  болады.  Ол  еске  түсіру  процесін  жеңілдете  отырып,    керемет  ойлардың 

туындауына  мүмкіндік  береді.  Бұл  кез-келген  жағдайда  белгілі-бір  жайтты,  әдеттегідей  жазып  қал-

дырғаннан  гөрі,  оны  сызба  түрінде  есте  сақтауға  арналған  ыңғайлы  пішімде  ұсынады.  Адамдардың 

көпшілігі  түрлі  ақпаратты  есте  сақтау  кезінде  негізгі  ойды  еске  түсіру  үшін  бір  кілттік  сөзді  ортада 

сақтайды. Дәл осылай ақпарат мида сақталады.  Интеллект карта құру да осы принциппен орындала-

ды, яғни қысқаша шолу ортадан басталып, арнайы белгілер мен символдардан, суреттер мен әр түрлі 

түсті қаріптерді пайдалану арқылы құрылады. Бұл есте сақтау карталарын жобалау кезінде, миға ша-

буыл, дәрістерді жазу, мәтіндермен жұмыс жасау кезінде қолдануға болады.   



Интеллект – карта әдісінің басты артықшылықтары - түсіну, есте сақтау, жылдамдық, шы-

ғармашылықтың дамуын жоғарылатуды  қамтиды. 

Студенттермен  тәжірибелік  жұмыстар  жүргізу  барысында  көз  жеткізгеніміз,    ол    интеллект  – 

карта ақпаратты есте сақтау, ақпаратты қайта өңдеу, құжаттың кез-келген жеріне жылдам оралу, объ-

ектілер  арасында  байланыс  орнату,  студенттердің  өз  күшіне  сенімділігін  сезінуі  мен  ұйымшылдық 

қабілеттерін нығайтуға мүмкіндік береді. 

Интеллект - карта: 

  түсіністікті тереңдетеді; 

  ақпаратты жинақталған күйінде сақтайды, қажет кезінде ашады; 

  әр түрлі көзқарастағы ақпаратты бағалау және негізгі сәттерді түсіндіреді; 

  негізгі сәттермен байланысты ақпараттың бөліктерін еске түсіруге көмектеседі. 

Интеллект – карта әсіресе оқулықтан және басқа ақпарат көздерінен жаңа материалды баяндау, 

түсіндіру кезінде студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда, сонымен  қатар оқытушы дәрісте-

рін дәйекті түсінуге қолайлы құрал ретінде пайдаланылады.  

  Бұл программалық құрал арқылы дәрістерге нақты, түсінікті қысқаша шолу жасауға болады.  

  Карта  –  өте  қарапайым  және  қажетті  құрал,  әсіресе  рефераттар,  жобалар,  диплом 

жұмыстарын жасауда ыңғайлы. 

  Карта  көмегімен  емтихандар  мен  сынақтарға  дайындалу  студенттерге  үлкен    жеңілдік 

туғызады.  Оқытушылар  үшін  бұл  форма  уақытты  үнемдеуде  қолайлы  болса,  ал  студенттер  үшін 

мықты тірек болады. 

  Бұл  құрал  ақпаратты  өңдеуде  өте  пайдалы,  әрі  қолдануға  ыңғайлы  пішім  деп  таныдық.  Сон-

дықтан  мысал  ретінде,  бұл  әдісті  студеттермен  бірге  «Операциялық жүйелердің  негізгі  тұжырымда-

малары» және «Delphi программалау ортасында жұмыс жасау» «Ақпаратты қорғау» сияқты көптеген 


 



 Техникалық ғылымдар 

 

ҚазҰТЗУ хабаршысы №2 2016                                          



257 

 

тақырыптарды  түсіндіру  барысында  интеллект  –  карталар  құрылды.  Әсіресе    студенттердің  Delphi 



программалау  ортасында  жұмыс жасауы  үшін, практикалық  дағдыларын  қалыптастыру  мақсатында, 

медициналық  жоба  құруы  қажет  кезінде  өте  қолайлы  әдіс  болды.  Жоба  құру  барысында  студенттер 

программа терезесінің негізгі  объектілері(компоненттері) мен  олардың қасиеттерін өздерінің қисын-

ды  ойлары  мен  қиялдары  арқылы  орналастырып  қолданады,  ол  интеллект-картада  кескінделген                  

(1- сурет).   

Суреттен көріп отырғанымыздай, интеллект – карта көмегімен жылдам әрі сапалы жоба құруға 

болады сонымен қатар объектілердің қасиеттері мен оқиғаларын есте сақтауға мүмкіндік береді.  

 

 



 

1-сурет.  Delphi программалау ортасында медициналық жобаны құруға арналған интеллект –карта 

 

 

 

 2-сурет. Ақпаратты қорғау тақырыбы бойынша құрылған интеллект- карта  



 

Бұл  интеллект  –  картада  ақпараттық  жүйе  компоненттері  мен  ақпаратты  қорғау  әдістеріне 

қатысты қысқаша түйіндер жасалған. Студенттің алған білімдерін кез-келген  уақытта пайдалануына 

мүмкіндік  туғызатын  негізгі  тірек  ұғымдары  қамтылған.  Білім  алушылардың    бұл  әдіс  арқылы  еске 

түсіру мен есте сақтау, жылдам шешім жасау қабілеттері дамытылады.    

Қазіргі кезде кез-келген адамның жасына қарамастан көру арқылы қабылдаудың  ең күшті әдісі 

және  интелектуалды  әлеуетінің  әмбебап  кіліті  болып  табылатын,  интеллект-карта  түрлерін 

Mindmeister, Xmind  және т.б.сервистік бағдарламалар көмегімен құруға мүмкіндік зор. Себебі ЖОО-да 

білім алатын болашақ мамандар үшін әр түрлі ақпараттармен жұмыс жүргізуде маңызды, бағдарламаны 

меңгеру арқылы, олар практикада ақпаратты жылдам өңдеу мен сараптама жүргізуді үйренеді. 

Ақпаратты  құрылымдау,  негізгі  тірек  ұғымдарын  бөліп  қарастыруда,  тезистер  дайындау  мен 

олардың арасындағы сабақтастықты жақсы меңгеру мен есте сақтауға зор ықпал етеді. Осы мақсатта 


 



 Технические науки 

 

258                                                                                            



№2 2016 Вестник КазНИТУ

 

 



интеллект  карталар  өте  қолайлы.  Интеллект  карталар  өзекті  білім  беру  кезеңінде      нәтижелі  жұмыс 

жасайды, ол оқулықпен өз бетінше жұмыс жасауға, алғашқы меңгерулерді тексеру кезінде және жо-

бамен жұмыс жасаудағы оңтайлы шешімдерді қамтиды. Интеллект - карта ақпаратты өңдеу мен тара-

туда  дәстүрлі  әдістермен  пара-пар  деңгейге  шығып  отыр  (қысқаша  шолу  қысқа  жазбалар,  сызбалар 

және т.б.). Бұл балама өте өнімді, оның табиғи психологиялық негізі бар, ең бастысы студент өз білі-

мін белсенділендіруші тұлғаға айналады.   

Интеллект–карта  әдісін  қолданушы  оқытушылар  бұл  әдісті  үнемі  сабақ  жүргізуде  қолданатын 

болса,  онда  студенттердің  біліктілік  нәтижесі  жоғары  болады.  Интеллект  -  карта  көп  жағдайда  нақ-

тыланған талдаулар мен дәлелдердің алгоритмі ретінде де қолданылады.  

 2014-2015 оқу жылында біз тек бірнеше сабақты ғана интеллект – картаны пайдаланып жүргіз-

дік, бірақ осы аз тәжірибе оның қолдану мүмкіндігінің қаншалықты маңызды екендігін айқындады: 

1) студенттерге картамен жұмыс жасау өте қызықты болды; 

2) интеллект – карталарды пайдалана отырып студенттер жобалар құрды; 

3) студенттер бір-бірімен бірлесе отырып материалды толық меңгерді, оларда ортақ мақсат пен 

ортақ пікір қалыптасты.  

Білім  алушылардың  бойында  біліктіліктерді  қалыптастыруда,    биылғы  жаңа  оқу  жылында  да, 

интеллект – карта әдісін оқу жүйесінде қолдануды жалғастырамыз.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 

[1]  Тони и Барри Бьюзен “Супермышление”, Издательство “Попурри”,2006 

[2]  Тони Бьюзен 

“Супер-интеллект”, Издательство “Попурри”,2002 

[3]  Джейми Наст   “Эффект визуализации”  Издательство “Попурри”,2008 

[4]  Tony Buzan, «Mind Maps at Work How to Be the Best at Your Job and Still Have Time to Play» 2011 

[5]   http://tn.wikipedia.org/wikw/List   Mind Map ping software. 2013 

[6]  И. А. Ледовских «Теория и практика построения информационных систем и баз данных», 2014 

 

REFERENCES 



[1]  Toni i Barri B'juzen “Supermyshlenie”, Izdatel'stvo “Popurri”,2006 

[2]  Toni B'juzen“Super-intellekt”, Izdatel'stvo “Popurri”,2002 

[3]  Dzhejmi Nast “Jeffekt vizualizacii”  Izdatel'stvo “Popurri”,2008 

[4]  Tony Buzan, «Mind Maps at Work How to Be the Best at Your Job and Still Have Time to Play» 2011 

[5]  http://tn.wikipedia.org/wikw/List Mind Map ping software.  2013 

[6]  І. А. Ledovskih «Teorija i praktika postroenija informacionnyh sistem i baz dan-nyh», 2014 

 

Ескалиев М.Е., Андаспаева А.А., Жыланбаева Б.К. 



Эффективность применения  метода интеллект - карт на модуле информатики КазНМУ 

Резюме.  В  данной  статье  рассмотрена  технология  применения  интеллект  –  карт  в  учебном  процессе, 

описаны  психологические  основания  метода  интеллект  карт,  и  практическое  применение  интеллект  –  карт  на 

практических занятиях модуля «Информатика» КазНМУ.  Интеллект - карты (MindMap) – это современный  и 

эффективный способ работы с информацией, позволяющий максимально задействовать в работе логический и 

творческий потенциал человека. Метод создания интеллект-карт был предложен английским психологом Тони 

Бьюзеном. Этот метод во всем мире активно используется для обучения детей и студентов. Инструмент интел-

лект-карт (MindMap) дает возможность устранить эти недочеты и раскрыть свой потенциал. 

Ключевые  слова:  mindmap,  навыки,  компетенция,  информационные  технологии,  медицинская  инфор-

матика,метод, интеллект -карта, учебный процесс   

 

Yeskaliyev M.Е., Andaspaeva A.А., Zhylanbayeva B.K. 



 Efficiency of application of a mrthod of mind maps on the modyle of informatics of KazNMU  

Summary. In this article was reviewed the application of the technology MindMap in the learning process, the 

psychological basis of the method  was described in the MindMap and the practical application of MindMap on a prac-

tical training module "Informatics" KazNMU. MindMap – this is a modern and effective  way to  work with the infor-

mation that allows maximum use of the logical and creative potential. 

Method  for  creating mind  maps  was  offered  by  the  British  psychologist  Tony  Buzan. This  method  is  actively 

used  for  teaching  children  and  students    in all  over  the  world.  In this  case  we  apply  to  one  of  the  modern  methods, 

namely the method of MindMap.  

Key  words:  mindmap,  skills,  competence,  information  technologies,  medical  informatics,  method, intellect  of 

maps, educational process 

 


 



 Техникалық ғылымдар 

 

ҚазҰТЗУ хабаршысы №2 2016                                          



259 

 

УДК 623.4 



1

В.В. Грузин, 

2

С.Б. Мусалиев 

(

1



Казахский агротехнический университет им. С. Сейфуллина 

2

Национальный университет обороны им. Первого Президента  



Республики Казахстан – Лидера Нации, г.Астана) 

 

ОСОБЕННОСТИ КЛАССИФИКАЦИИ 

ТРАНСПОРТНО-ЗАРЯЖАЮЩИХ МАШИН 

 

Аннотация.  Представлены  сведения  о  существующих  в  настоящее  время  образцах  транспортно-

заряжающих  машин  стран  дальнего  и  ближнего  зарубежья,  предназначенных  для  подвоза  боеприпасов,  и  их 

основные тактико-технические характеристики.  

На  основании  конструктивных  особенностей  существующей  техники  выявлены  классификационные 

признаки, предложена новая конструкция специализированного устройства на базе гусеничного шасси МТЛБу, 

обеспечивающего  эффективное  выполнение  погрузочно-разгрузочных  технологических  операций  с  помощью 

гидропривода, и разработана классификация транспортно-заряжающих машин. 

Ключевые  слова:  артиллерия,  транспортные  средства,  автомобильное  и  гусеничное  шасси,  погрузка, 

разгрузка,  перегрузка,  боеприпасы,  боеукладка,  бронированная  техника,  транспортно-заряжающая  машина, 

классификация,  гидропривод. 

 

Какие бы новые системы оружия, основанные на использовании электроники, ни появлялись в 



настоящее время, артиллерия имеет  одно из главенствующих значений на поле боя. Действующая в 

составе  сухопутных  войск  артиллерия  остается  родом  войск,  способным  определять  исход,  как 

наступательного, так и оборонительного вооруженного столкновения [1]. 

В  артиллерийских  частях  и подразделениях  Сухопутных  войск,  и    стран  дальнего  и  ближнего 

зарубежья используются различные виды транспорта для подвоза боеприпасов, а также имеются спе-

циализированные транспортные средства и транспортно-заряжающие машины (ТЗМ), использующие 

базовые машины-носители на автомобильном и гусеничном шасси [2]. 

Разработанная  в США  транспортно-заряжающая  FAASV  (M109ADS)  машина  (см.  рисунок  1), 

обеспечивает перегрузку боеприпасов (8 шт. в минуту) в самоходную гаубицу М109А2 через люк по 

ленточному транспортеру 1, который выдвигается из ее кормовой части [3]. На транспортер боепри-

пасы подаются механическим подъемником с электроприводом 3. Загрузка боеприпасов с транспорта 

или грунта в боеукладку машины производится в пакетах через верхний люк. 

 

 

 



Рис. 1. Транспортно-заряжающая машина FAASV (M109ADS): 

1 – транспортер, 2 – взрыватели, 3 - механизм подачи, 4 - лотки для снарядов,  

5 - размещение контейнеров. 

 

         



          3 

                       2 

                   1 

 

   4 



                5 

 



 Технические науки 

 

260                                                                                            



№2 2016 Вестник КазНИТУ

 

 



Машина перевозит 118 снарядов калибра 155 мм и 120 зарядов к ним (192 взрывателя перево-

зятся  в  отдельных  укупорках).  Кроме  этого,  она  может  использоваться  для  доставки  к  самоходным 

орудиям М107 и М110 и для перегрузки в них 175-мм и 203,2-мм боеприпасов  до 68 шт. Боеприпасы 

в  транспортно-заряжающей  машине  могут  перевозиться  и  в  окончательно  снаряженном  виде.  При 

этом перевод боеприпасов в окончательно снаряженный вид может осуществляться как вне машины 

на  поточных  линиях  сборки,  так  и  с  помощью  оборудования  самой  машины.  В  последнем  случае 

взрыватели устанавливаются автоматически. 

На вооружение в Вооруженных Силах Республики Беларусь принята транспортно-заряжающая 

машина ТЗМ-122 , которая предназначена для хранения и транспортировки боеприпасов в грузовом 

отсеке 1 (см. рисунок 2) [4]. Индекс 122 означает  подвоз  боеприпасов калибром 122 мм (преимуще-

ственно для САУ 2С1). 

Основными преимуществами данной транспортно-заряжающей машины являются: 

 

превышение  нормы  содержания  боеприпасов  в  батарее  до  1,5  боекомплекта  (720  выстре-



лов против 480); 

 

повышение живучести за счет укрытия экипажа и боекомплекта от пуль и осколков; 



 

непосредственная перегрузка боеприпасов в укладку 122-мм самоходной гаубицы 2С1. 

 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет