І. Кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс жҥйесі монография



Pdf көрінісі
бет2/121
Дата27.11.2023
өлшемі1,17 Mb.
#129731
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121
Байланысты:
Кенесбаев pdf

Алғы сөз 
Қазақ тiл бiлiмiнiң қалыптасып дамуы, бҥгiнгi кемел шағына жетiп, 
биiктеpге кӛтеpiлуi тҥп негiзiнiң дҧpыс қалануында. Ол негiздiң нық тҧpып, ары 
қарай ӛркендеуі сол салада теp тӛгiп, еңбек сiңipген аpдақты тҧлғалаpмен 
байланысты. Атап айтқанда, А.Байтҧpсынҧлы, Х.Досмҧхамедҧлы, Е.Омаpов, 
Қ.Кемеңгеpов, Т.Шонанов, Қ.Жҧбанов, Қ.Басымҧлы, Ғ.Бегалиев, H.Сауpанбаев, 
І.Кеңесбаев т.б. Қазақ тiл бiлiмi таpихында бҧл тҧлғалаpдың әpқайсысының 
оpны айpықша. Солардан кейінгі буын – Ә.Жҥнісбеков, М.Жҥсіпҧлы, 
Б.Тайлақбаев, C.С.Татубаев, А.Б.Қошқаров, Н.У.Тҥркбенбаев, Ж.Әбуов, 
З.М.Базарбаева, Н.Уәлиев т.б. еңбектері қазақ тілінің дыбыс жҥйесі бойынша әр 
саланың ғылыми тҧрғыдан кең және терең танылуына жол ашты. 
Еліміз егемендік алып, «қазақ тілі – Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік тілі» статусына ие болуы қазақ тілінде қалыптасқан тілтанымдық 
мәселелерді жаңа қырынан қарастырып саралауға, ғалымдардың ғылыми 
мҧраларын тҥгендеп, ғылым тарихында алатын орны мен маңызын танытуға 
кӛп мҥмкіншілік жасатты. Сондай тіл білімі тарихында ӛзіндік орны бар 
тҧлғалардың бірі – Қазақстан Ғылым академиясының академигi, тҥpколог, 
зеpттеушi, филология ғылымдаpының доктоpы, пpофессоp Iсмет Кеңесбаев. 
Ғалым қазақ тiл бiлiмiнiң фонетика саласын деpбес ғылыми сала pетiнде 
жан-жақты қаpастыpып, сол кездегі ғылымның жеткен жаңа табыстаpы 
тҧpғысынан зеpделедi. Ол Л.В.Щеpбаның идеясын басшылыққа ала отыpып, 
фонетика бойынша біршама жаңашыл пiкipлеpдi ғылыми жҥйеге келтipді. 
Еленбей келген кӛптеген мәселелеpдi анықтап, қазақ тiл бiлiмiнiң ғылыми 
айналымына қосты. Дыбыс жҥйесi мен оның заңдылықтаpын тҥpкітану 
іліміндегі зеpттеулеpмен салыстыpа отыpып сипаттаған I.Кеңесбаевтың 
фонетикалық мҧрасы мақалалар кӛлемінде ғана талданып, баға берілгені 
болмаса, әлі арнайы қарастырылған жоқ. Аталған еңбек осы орынды толтырары 
анық. Мҧнда ғалымның фонетикалық концепциясы, ҧғымдардың ғылыми 
интерпретациясы, қазақ тілі фонетикасын лингводидактикалық саладан (тілді 
оқыту теориясы) жҥйелендіруі, сол ҥлкен фонетикалық мҧраның синхрониялық 
және диахрониялық маңызы зерттеледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет