бастауы, жоғарғы оқу орындарының салынуы және оларға қажетті оқу қҧралдар
мен оқу әдістемелік нҧсқаулардың тапшылығы І.Кеңесбаевты әліппе,
монография, грамматикалық оқулықтар мен оқу қҧралдарын жазуға, сӛздіктер
қҧрастыруға итермелейді. Алтыншыдан, Шетелдермен мәдени байланыс
жасайтын Бҥкілодақтық қоғамның қазақ бӛлімшесінің алғашқы тӛрағасы (1941-
1951) болған кезде және одан бҧрын, кейін де араласқан белгілі
тҥркітанушылардың – Э.Наджип, Э.Р.Тенишев, А.М.Щербак, Г.Д.Санжеев,
Э.В.Севортян, А.А.Юлдашев, Ю.Д.Дешериев, А.К.Боровков т.б. – ықпалы
болған. Жетіншіден, тҥркітанудың зерттеліп, дамуына, жалпы тіл білімінен
орын алып, жеке сала болып бӛлінуіне ҥлес қосқан А.H.Самойлович,
А.H.Кононов, H.П.Дыpенкова, H.К.Дмитpиев, Л.H.Хаpитонов, И.А.Батманов,
H.А.Баскаков сынды ғалымдардың еңбектері І.Кеңесбаевтың "Қазіргі қазақ
тілінің" теориялық жағынан терең, әрі сапалы жазылуына зор септігі тиген.
І.Кеңесбаев ғылым жолына негізсіз, "бос" жерге келген жоқ. Оның
фонетикалық еңбектерінің жариялануына дейін тҥркітану ілімі зерттелуінің
бағыты анықталып, қҧрылымы мен теориялық негізі қаланған болатын. Ғалым
осы зерттеулерді танып, терең теориялық тҧжырымдарын бойына сіңіре отыра,
қалыптасқан қағидаларды ары қарай дамытып, монографияны жазады.
Ғалымның "Қазіргі қазақ тілі" оқулығының қҧндылығын, маңызын, ғылым
тарихындағы алатын орнын айқындап, ой-тҧжырымдарының ӛзіне дейінгі
зерттеушілермен ҧқсастығын, ӛзгешелігін, ӛзінен кейінгі ғалымдарда
сабақтастық тауып, дамуын не ҥзіліп қалып, дағдаруын анықтау мақсатымен
І.Кеңесбаевқа дейiнгі тҥркітану іліміндегі фонетика мәселесiнiң зерттелу
жайына, деңгейiне тоқталу қажеттілігі туды. Осыған орай ол тӛмендегіше
жіктелді:
1) І.Кеңесбаевқа дейiнгі тҥркологиядағы дыбыс жҥйесiнiң зерттелуі;
2) І.Кеңесбаевқа дейiнгі қазақ тiл бiлiмiнде фонетика мәселесiнiң
қарастырылуы:
а) қазақ тiл бiлiмiндегі миссионерлердің еңбектері;
ә) ҧлт зиялыларының зерттеулері.
Ғалымның мҧрасын сӛз ету ҥшін тҥркі (қазақ) тіл біліміндегі еңбектерді
осылайша топтастырудың ӛзіндік себептері бар. І.Кеңесбаевтың дыбыс
жҥйесінің дамуына қосқан ҥлесін зерделеу, тҥптеп келгенде, ғылым тарихын
зерделеу болып табылады. Ал ғалымның ғылыми ой-пікірлерінің ізбасар
тілшілерде дамуы не жаңа қырынан қарастырылуы – заңды қҧбылыс. Сол
себепті І.Кеңесбаевтың монографиясына дейін жалпы тҥркі әлемінде дыбыс
жҥйесінің зерттелуі қандай бағытта дамыды, ғалым оған не қосты, оның ой-
тҧжырымдарының кейінгі зерттеушілер еңбектерінде сабақтастық тауып,
жетілдірілгенін талдап кӛрсету арқылы тіл білімінің теориялық даму деңгейін
анықтаймыз, ғылымның қалыптасу, ӛсу, ӛркендеу жолдарына кӛз жҥгіртеміз,
яғни ғылым тарихына бойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: