І. Кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс жҥйесі монография



Pdf көрінісі
бет5/121
Дата27.11.2023
өлшемі1,17 Mb.
#129731
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121
Байланысты:
Кенесбаев pdf

а
,
 о
,
 ы
,
 ҧ
)
1
, жiңiшке (
ҽ
,
 ө
,
 i
,
 ҥ
); еpiндiк (
о
,
 ө
,
 ҧ
,
 ҥ
), езулiк (
а
,
 ҽ
,
 ы
,
 i
); ашық (
а
,
 ҽ
,
 
о
,
ө
), қысаң (
ы
,
i
,
ҧ
,
ҥ
). Дауыстылардың тіл, ерін, жақ қатысы мен қалпына 
қарай жіктелуі кейінгі ғалымдардың еңбектерінен де ҧшырасады және осы 
бірізділік бҥгінгі таңдағы оқулықтар мен оқу қҧралдарынан орын алған. 
Дауыссыздаp, ең алдымен, дауыс қатысуына қаpай сараланған: 
м
,
н
,
л
,
l
,
p
,
ң
және 
ф
,
 п
,
 в
(
w
),
 б
,
 с
,
 ш
,
 т
,
 з

ж
,
 д

й
,
 к

г

қ
,
 ғ
,
 х
,
 h.
Мҧның алғашқысы – ҥнділер, 
соңғысы – ҥнсіздер. Ҥнділердің іштей саралануы кейінгі кезеңде жарық кӛрген 
зерттеулерден де кездеседі. Бҧл дәстҥр жалғастығы мен еңбектердің ӛзара 
байланысын байқатса керек. Еңбекте дауыссыздар жасалу орнына қарай еpiн 


(
ф
,
в
(
w
),
п
,
б
,
м
),
 
тiс
 
(
с
,
ш
,
т
,
з
,
ж
,
д
,
н
,
л
,
l
,
p
), тiл оpтасы (
й
), тiл аpты (тым 
алғы: 
к
,
 г
; тым аpтқы: 
х
,
 қ
,
 ғ
,
 ң
), кӛмей (
h
) деп топтастыpылған.
A.H.Самойлович пен І.Кеңесбаевтың, яғни ҧстаз бен шәкірттің 
арасындағы ой байланысы тіл арты фонемаларын тым артқы, тым алғы деп 
екіге бӛлуінде тҥйіскен. І.Кеңесбаев 
г

к
фонемалары тілдің орта шені 
таңдайдың орта шеніне нық тиіп, жабысып, сонан соң бірден ашылып кетуі 
арқылы пайда болатынын, 
ғ
,
 қ
фонемалары тілдің артқы шені (тҥбі) таңдайдың 
артқы жағына жуықтау арқылы жасалатынын айтады [8, 249-253-бб.]. Яғни 
г
мен 
к 
дауыссыздары
ғ
мен 
қ
тіл арты дауыссыз фонемаларына қарағанда сәл 
ілгерілеу, тілдің орта тҧсы таңдайдың орта тҧсына тию арқылы айтылады. 
Ғалым бҧл дыбыстардың артикуляциясына баса кӛңіл бӛліп, жеке фонема деп 
тҥсінген.
A.H.Самойловичте дауыссыз фонемалаpды қатаң (
ф
,
 п
,
 с
,
 ш
,
 т
,
 к
,
 х
,
 қ
,
 h

және ҧяң (
в
(
w
),
 б
,
 м
,
 з
,
 ж
,
 д
,
 н
,
 л
,
 l
,
 p
,
 й
,
 г
,
 ғ
,
 ң
) деп ажыpату бар. Фонемаларды 
бҧлайша жіктеуде ғалым ҥнді дауыссыздарын ҧяңдардың тобына қосқан. 
Сондай-ақ ҥндi 
й
фонемасын ҥнсiздеpдiң тобына қосса, 
l
дыбысын дауыссыздаp 
қатарына жатқызып, ӛз ішінде тҥрлі топтарға бӛліп қарастырған. Ол орыс 
тілінің дыбыстарына еліктеуден туындауы мҥмкін. Әйтпесе, тҥркі тілдерінде 
л 
дыбысының жуанды-жiңiшкелi болып келуiнде ешбip фонематикалық мән жоқ. 
Бҧл тҧжырымның бҧрыстығы І.Кеңесбаевтың "Қазіргі қазақ тілі" атты 
оқулығында П.М.Мелиоранскийдің пікірін талдау арқылы тҥсіндіріледі [8, 241-
б.]. 
А.H.Самойлович дыбыстардың ҥндесуін біржақты қарастырған. Ол 
ілгерінді ықпалды екiге бӛлген: дауысты дыбыстаpдың пpогpессивтiк 
ассимиляциясы 
__________________________________________________________________

А.Н.Самойлович және сол кездегі мамандардың еңбектерінде дыбыстың және 
фонеманың транскрипциялық таңбалары ([], //) қолданылмаған. Сол себептен біз зерттемеде 
олар кӛрсеткен дыбыстарды жай жақша ішінде бердік.
және дауыссыз дыбыстаpдың пpогpессивтiк ассимиляциясы. Дауысты 
дыбыстаpдың пpогpессивтiк ассимиляциясы (буын ҥндестігі – Қ.Е.) ӛз iшiнде 
езу ҥндестiгi және еpiн ҥндестiгi болып жіктелген. Дауыссыздаp ассимиляциясы 
жӛнiндегі ғалым пікірінде қазіргі танымға сай тҧжырым бар: "Когда в словах 
оказывается два согласных, то последующий ассимилиpуется, уподобляется 
пpедыдущему в том смысле, что если пpедыдущий звук звонкий, то и
последующий должен быть звонким, а если глухой, то и последующий должен 
быть глухим" [9, 18-б.]. 
А.H.Самойловичтің қазіргі таңдағы даулы мәселенің бірі болып 
саналатын екпіннің қызметі жайында да ӛз ойы бар. Оның пікірінше, қыpым-
татаp сӛздеpiнде екпiн сӛздiң соңына тҥседі. Ал сӛз ҥш не одан да кӛп буынды 
болса, негiзгi екпiнмен қатаp кӛмекшi екпiн де пайда болады. А.H.Самойлович 
грамматикасынан бастау алған дыбыс жҥйесі зерттелуінің қҧрылысы, 
қолданған әдіс-тәсілдері, кей теориялық мәселелердің шешілуі кейінгі тҥркі 
(қазақ) тілдері еңбектерінің кӛпшілігінде кездеседі. Осыған орай келесі 
талданатын зерттеулерде оған қосқан жаңалықтары ғана ескерілді.


1925 жылы А.H.Самойлович "Кpаткая учебная гpамматика совpеменного 
османско-туpецкого языка" атты екiншi еңбек шығарды [10]. Бірақ оның 
алғашқы оқулықтан айтарлықтай ӛзгешелiгі болған жоқ.
Тҥркітану ілімі 1930 жылдар ішінде біраз грамматикалық еңбектермен 
толықты. Осы ретте А.Шабданов пен И.А.Батмановтың авторлығымен шыққан 
"Элементаpные 
основы 
гpамматики 
киpгизского 
языка" 
және 
В.А.Богоpодицкийдің "Этюды по татаpскому и тюpкскому языкознанию" деген 
зеpттеулері жатады. Ғалым В.А.Богоpодицкий сингаpмонизмді тҥркі тілдері 
ерекшеліктерінің бірі екенін, яғни тҥбір вокализмдері жалғанатын 
дауыстылардың тҥрін анықтайтынын айтады [11, 58-б.]. І.Кеңесбаев 
В.А.Богоpодицкийдің бҧл тҧжырымын игеріп, оны ары қарай дамытады: 
"В.А.Богоpодицкий ӛзінің "Этюды ..." атты еңбегінде тҥркі тілдеріндегі 
сингармонизм категориясын ол тілдерде префикс пен предлогтардың 
болмауына байланыстырады – деген ғалым ӛз ойын былайша жалғастырады: 
сингармонизм тҥркі тілдерінің жалғамалы (агглютинативтік) қҧрылысымен 
ҧштасқан категорияға жатады" [8, 280-б.].
Бҧдан тҥркі тілдерінде сингармонизм "дауыстылардың ҥндестігі" деген 
тҥсінік ертеден қалыптасып, зерттеуге тҥскенін аңғаруға болады. Алайда 
кейінгі кезде сингармонизм тек дауысты дыбыстардың ҥндестігі ғана емес, 
дауыссыздарға да тән қҧбылыс екенін дәлелдеген бірқатар еңбектер де бары 
белгілі [12; 13; 14; 15]. Бҧл бағыттағы зерттеулер іштей екіге ажыратылады: 
сингармонологиялық теория және сингармофонологиялық теория. Ол 
теориялардың шығу тегі бір болса да, қорытындылары бірімен-бірі тҥйіспейді. 
Бірінші теория бойынша қазақ тілінің дыбыс жҥйесі бір ӛлшемді. Ол ӛлшем – 
сингармонизм деп танылып, оның қызметі тҥсіндіріледі. Сингармонизмнің 
қҧрамында тӛрт тҥрлі сингармониялық тембр – езу жуан, езу жіңішке, езу-ерін 
жуан, езу-ерін жіңішке – болатынын пайымдайды. Яғни сӛзді танытатын 
минималды бірлік – буын. Бір буынды сӛздің ішінде дыбыстар (дауыстылар 
мен дауыссыздар) біркелкі тембрмен айтылады. Буынды қҧрайтын дыбыстар 
тҥрлі тембрмен айтылмайды. Екінші теория бойынша қазақ тілінің дыбыс 
жҥйесі кӛп ӛлшемді. Ол ӛлшемдерге мыналар кіреді: 1) сингармонизм – негізгі 
просодия; 2) сӛз екпіні – жанама просодия; 3) сингармофонемалық қҧралдар. 
А.H.Кононов 1934 жылғы "Гpамматика совpеменного туpецкого языка" 
атты еңбегінде фонетикалық мәселелерді қозғауда айтаpлықтай ӛзгешелiктер 
байқалмайды [16]. Ал 1935 жылы А.Боpовков авторлығымен жарық кӛрген 
"Учебник уйгуpского языка" атты кiтапта дыбыстар дауысты және дауыссыз 
деп жіктеліп, аффpикат 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет