І. Кіріспе бөлім Балабақша тәрбиенің алтын бесігі



бет1/8
Дата18.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#57969
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
«Балабақшадағы бала тәрбиесі – тікелей отбасы мен тәрбиешінің құзырлығында»




«Балабақшадағы бала тәрбиесі – тікелей отбасы мен тәрбиешінің құзырлығында»

Жоспары


І. Кіріспе бөлім
1. Балабақша - тәрбиенің алтын бесігі
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Балабақша тәрбиешісінің ата-аналармен ұйымдастырылатын жұмыстары
а) Балабақша тәрбиешісінің міндеттері
б) Тәрбиешіге қойылатын талаптар
2.1 Тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы байланыс
ІІІ. Қорытынды бөлім


Балабақша - тәрбиенің алтын бесігі
«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт - дәстүр, мақал - мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата - ана мен тәрбиешілердің басты міндеті.

Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ол сәбидің қиялына қанат бітіріп, бойындағы игі қасиеттердің қалыптасуына жол бастайды. Мысалы «Шалқан» ертегісін тыңдап болған соң, балалар шалқанды көптің көмегімен жұлып алғанын білді. Ал, «Ақмышым» ертегісін тыңдап болып, кішкентай бүлдіршіндер қамқорлық, мейірімділік сезімдерімен танысты.



Адамгершілік дүниесіндегі ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан қымбат қазыналарымыздың бірі – бесік жыры, мақал - мәтелдер болып келеді. Сәбилер «бесік жырын» тыңдай отырып, ананың бесік жырымен, әлдиімен, өзінің туған тілінің әуенінен тұңғыш рет нәр алады. Мақал - мәтелдер арқылы кішкентай бүлдіршіндеріміздің қайырымдылық, ілтипат сезімдерін арттырамыз, адамгершілік сезімдерін оятамыз. «Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» деген мақал – мәтел арқылы бала бойына үлкенді құрметтеу, қамқорлық сезімдерін туғызамыз.

Балаларды еңбек сүйгіштікке баулу арқылы, адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дамытуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет