I. Кіріспе Экономика


Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан экономикасы



бет2/5
Дата01.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#70627
1   2   3   4   5
2.1Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан экономикасы. 
Тәуелсіздік қарсаңындағы аса ауыр жағдайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Одаққа бағынышты мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды ҚазКСР-і үкіметінің басқаруына көшіру жөнінде» Жарлық шығарды. Қазақстан дербес сыртқы экономикалық қызметін қамтамасыз етті.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жоспарлы экономикадан нарықтық жүйеге көшу оңай тимеді. Бұрынғы КСРО-ның одақтас республикалары арасында экономикалық байланыстар үзіліп, бір-бірінен алшақтай бастады. Республикалардың әрқайсысы шиеліністерден шығу жолында тек өз күші мен қабілетіне сүйенді. Баға босатылды. Негізгі тұтыну тауарларының жетіспеушілігі байқалды. Республика азаматтарының тұрмыс жағдайы одан әрі нашарлап, халық қарапайым тіршілік үшін күресті. Бұқара халықтың жалақысы азық-түлік алудан артылмады. Бірқатар ұлт өкілдерінің өз еліне қоныс аударуы жиілеп, республика халқы едәуір азайды. Көптеген зауыт-фабрикалар жұмысы тоқтап қалды. Осының салдарынан жұмыссыздар қатары өсті. Отбасы қатынастарының бұзылуы, ажырасулар мен әлеуметтік мәселелер көбейді. 1993–1994 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемі екі есе, ауылшаруашылықта – үш есе, транспорттық жүк тасымалдау үштен екіге қысқарды. Халықтың кірісі күрт төмендеді. Инфляция деңгейі шарықтады. Нарықтық экономиканы қалыптастыру механизмдері тиімді жүргізілмей, бірқатар қателіктер жіберілді. Аталған жағдайлар экономикалық терең дағдарысқа ұшыраудың басты себептерінің біріне айналды. Осындай жағдайда шешуші әлеуметтік-экономикалық өзгерістер қажет болды. Сондықтан егемендіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекет басшылығы «алдымен – экономика, содан соң – саясат» деген жолды таңдады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды: 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет