I. Кіріспе Экономика


жылғы Қазақстан Конституциясы және жаңа нарықтық экономика



бет4/5
Дата01.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#70627
1   2   3   4   5
Байланысты:
экономика реф

2.3 1995 жылғы Қазақстан Конституциясы және жаңа нарықтық экономика.
1993 жылы қабылданған Қазақстанның Конституциясы уақытша еді. Елге қажетті заңдарды қабылдау үдерісі баяулады, бұл нарықтық реформалардың қарқынын бәсеңдетті. Үкімет пен Жоғарғы Кеңес арасында келіспеушілік орын алды. Осы жағдайда жергілікті, сондай-ақ Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі тарату үдерісі басталды. Президент мемлекет басшысы ретінде заңнамалық тұрғыда өзіндік шешімдер қабылдау құқығын алды.
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылданды. Қазақстан президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретінде жарияланды. Парламент екі палатадан: Мәжіліс пен Сенаттан құрылды. Жаңа Конституцияның еліміздің тәуелсіздігін нығайту және әлеуметтік-саяси реформаларды жүргізу үшін тарихи маңызы зор болды. Қазақстан нарықтық экономика жолымен дамуға бет алған тәуелсіз ел ретінде белгіленді. Республикада мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы қабылданды. Шетелдік инвестицияларды тарту, шағын және орта бизнесті дамыту тетіктерінің құқықтық негіздері бекітілді. Банк және қаржы жүйесі реформалары жүзеге асырылды. Аграрлық салада колхоздар мен совхоздар фермерлік шаруашылықтарға айналдырылып, мемлекет монополиясы жойылды. 2015 жылы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға ресми өтінішті Қазақстан 1996 жылдың қаңтарында жіберіп, 2015 жылдың маусымында келісімдер аяқталды. Қазақстан ДСҰ-ға кіру үшін 20 жылдай үлкен дайындық жүргізді. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі – отандық дипломатияның және Елбасының жетістігі. Мемлекет басшысы құттықтау сөзінде: «ДСҰ-ға кіру Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялануына, әлемдегі дамыған бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруіне және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындауға ықпал етеді», – деп атап көрсетті. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының 162-ші мүшесі болып енді. Сыртқы сауда көлемі 120 млрд долларды құрады. Әлемнің 185 елімен сауда қарым-қатынас жүргізе бастады. Еліміздің ауылшаруашылығын дамытуға ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнім) 8,5% көлемінде субсидиялар бөлінген болса, Ресей, Украина, Қырғызстан, Молдова және Грузия сияқты елдерде бұл 5%-дан аспайды. Мемлекетіміз ауылшаруашылық кәсіпорындарына ірі тауар нарығына енуге көмектеседі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2015 жылғы «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарына еліміздің алдағы өсіп өркендеуінің бағыттарын белгілеп берді.
«ЭКСПО–2017». 2011 жылы Қазақстан көрме өткізуге өтініш берді. Бізбен бірге бельгиялық Льеж, канадалық Эдмонтон және франциялық Лилль қаласы да өз кандидатурасын ұсынды. Соңғы екі қала кейін бас тартты да, бельгиялықтармен бәсекеге түстік. Бельгиялықтардың көптеген артықшылықтары болды. Олардың кең таралған дипломатиясы, түрлі көрмелер мен форум, симпозиумдар өткізуде тәжірибесі де мол еді. Бельгия – көптеген еуропалық мемлекеттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды орнатқан ел. 2012 жылғы ЭКСПО халықаралық симпозиумында Қазақстан өз жетістіктерін көрсете білді. Экономикасы дамыған және өзін бейбіт мемлекет ретінде танытты. 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі еліміздің әлемдегі абыройы мен орнын жоғарылатты. 2012 жылы 22 қараша күні Парижде ЭКСПО штаб-пәтерінде жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстанды 103 мүше ел қолдады.

2017 жылы жазда Астанада ЭКСПО– 2017 көрмесінде барлық қатысушы мемлекеттер инновациялық, технологиялық, ғылыми және мәдени жетістіктерін көрсетті. Қазақстан ТМД кеңістігінде ЭКСПО көрмесін өткізген ең алғашқы мемлекет болды. Бұл кездейсоқ таңдау емес. Қазақстан және оның елордасы Астананы (Нұр-Сұлтан) бүкіл әлем мойындады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет