I. Кіріспе Экономика



бет5/5
Дата01.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#70627
1   2   3   4   5
III.Қорытынды.
Тарихтан берi келе жатқан қазақ елiмiз көптеген әр қилы замандарды басынан өткiзiп, Кеңес Одағы құрамында 70 жыл социалистiк құрылыста болып келiп, 1991 жылы өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн мүлдем басқа, адамдар психологиясына жат көрiнетiн нарықтық экономикаға өттiк. Яғни бұл жүйеде тиiмдi қызметтер атқару үшiн ұлттық экономикаға пайдалы, жан-жақты бағдарланған экономикалық саясат, реформалар, заңдар және қысқа немесе ұзақ мерзiмдi стратегиалар шығару, сондай-ақ оны iске асыру керек болды. Осылайша 70 жыл бойы экономикада ортақ меншiктiк негiзде, экономиканы бiр орталықтан басқарып келген шаруашылық механизмiмiз Кеңес Одағының ыдырауымен оның құрамындағы елдердiң барлығы саналарына тым жат болып келетiн нарықтық экономикаға өттiк. Осы уақыттарда барлық буындағы басшылар нарыққа көшудiң жолдары жайында ұзаққа созылған пайдасы жоқ бос шарушылыққа көштi. Сыңаржақты жасалған бағдарламалар мен жоспарлар пайда болды. Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өтуде ең алғашқы мiндет – ол экономиканы ырықтандыруға, шаруашылық жүргiзудi демократияландыруға негiзделген, инфляцияны тежеуге бағытталған қатаң қаржы – ақша саясатымен ұштастырылған түбегейлi реформа жүргiзу болатын. Осылайша бүгiнгi таңда экономиканың жан-жақты және бәсекеге қабiлеттi дамуы ол бiздiң экономикамыздың қаншалықты рыноктық қатынастарды тиiмдi ұйымдастыруына байланысты болып табылады. Сондықтан бiз жастар бүгiннен бастап экономикалық теория толық меңгерiп, ондағы жалпы экономиканың қызмет етуi мен рыноктық экономиканың механизмдерiн толық игерiп, оларды отандық экономиканың дамуына үлес ретiнде қосуға ұмтылуымыз керек.
VI.Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына Жолдауы.

  2. Н.Ә.Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.

  3. 2004 жылдың алдын ала қорытындылары туралы статистикалық мәлiметтер // Банки Казахстана, №1, — 2005 г


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет