I. Кіріспе Экономика


Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)



бет3/5
Дата01.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#70627
1   2   3   4   5
Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
Бiрiншi кезең Қазақстанда социалистік экономикадан кейiнгi экономикалық жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық саясат өрiстеп кете алмады. 90-жылдардың басында ҚР-ның экономикалық саясаты социалистік экономикалық жүйенi өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканықұруға бағытталды. Негiзгi бағыттар мыналар болды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеуметтік-экономикалық аяға мемлекеттiң қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртiптi тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканыңнегiздерiн қалыптастыру: экономикада жекеше сектордың жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге нарықтық нышандар үлгiлерiн енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және орташа бизнестi дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету үшiн жағдай жасау.


2.2.Қазақстан экономикасының даму кезеңдері
Қазақстан экономикасының дамуын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады:
Бірінші кезең (1991–1994) Қазақстанда жоспарлы социалистік экономикадан нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Бұл кезең экономикалық жағдай шиелінісіп, құлдырауымен сипатталады. Жұмыссыздық өршіді. 1992 жылдың қаңтарында баға босатылды, елімізде азық-түлік пен тұрмысқа қажетті тауарлар түрлерінің бағасы шарықтап кетті. Мемлекетке қарасты өндірістік объектілерді жекешелендіру үрдісі басталды. Кәсіпкерлікті өрiстету үшiн мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, жағдай жасалды.
Екінші кезеңде (1995–1999) Қазақстанның экономикалық даму стратегиялық жоспары және жаңа Конституция қабылданды. Ұлттық экономика тұрақталды. Колхоздар мен совхоздар мемлекеттік емес нысандарға айналдырылды. Еліміздің алдындағы басты міндеттердің бірі – шетелдік инвестициялар тарту арқылы нарықтық экономиканы қалыптастыру еді. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан–2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты стратегиялық бағдарламасын ұсынды. Онда еліміздің қарқынды дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұзақ мерзімді міндеттер белгіленді.
Үшінші кезеңде (2000 жылдан бастап – бүгінгі күнге дейін) – Қазақстан экономикалық өрлеу жолына түстi. 2003 жылдан индустриялдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Соңғы 20 жыл ішінде елімізде мыңнан аса жаңа кәсіпорын іске қосылды. Ұлттық валютаны енгізу. Тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап республика басшылығы ұлттық валюта енгізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізді. 1992 жылы Қазақстанда аса құпия жағдайда ұлттық валюта дайындалып жатқанда, Ресеймен келісімдер жүргізуді жалғастырды. Ресей ақша-валюта жүйесіндегі мәселелерді біздің республикамен келісіп шешетіні туралы уәдесін берді.



ТМД басшылары өз елдерінде ұлттық валюталарын енгізер алдында бұрынғы одақтас республикаларды 3 ай бұрын хабардар ету міндеті туралы келісімге келді. 1993 жылы шілде айында Ресей өз валютасын енгізді. Ресей 1993 жылғы жаңа рубль негізінде ортақ, бірегей рубльдік аймақты құруды ұсынды. Гиперинфляция жағдайында баға шарықтай түсті. Қазақстанға ескі үлгідегі кеңес ақшаларының ағыны қаптап келді. Дүкен сөрелерінде азық-түлік және тұрмысқа қажетті тауарлар азайды. Қазақстанға едәуір экономикалық шығын әкелді. Елдегі экономикалық дағдарыс өрши түсті. Ескі рубльдің құнсыздануы басталды. Сондықтан Қазақстан ұлттық валюта енгізуге кірісті. Дер кезінде қамданып үлгерген Қазақстан өзінің экономикалық, саяси тәуелсіздігін сақтап қала алды.
Алғашқы ұлттық ақша Ұлыбританияда басылды. Ақша номиналдарында Ш. Уәлиханов, А. Құнанбайұлы, әл-Фараби, Абылай хан т.б. тарихи тұлғалардың суреттері бейнеленді. 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта – теңге енгізілді. Елдегі инфляция өрісін ырықтандыруға «ҚР Ұлттық банк туралы» Заң ықпал етті. Соған сәйкес Ұлттық банк Президентке ғана есеп береді және өзіне белгіленген өкілеттік шегінде тәуелсіз қызмет етеді. Қазақстан бұрынғы КСРО орталық құқықтарын иемденуші көрші Ресей мемлекетінен ақша-қаржы саясатында толық тәуелсіздікке қол жеткізді. Ұлттық валюта енгізудің зор тарихи маңызы бар. Ол Қазақстан Республикасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылады. Шынайы егемендікке қол жеткізген қазақстандықтардың патриоттық рухы өсті. Ұлттық валютаның енгізілуі терең әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізуге жол ашты. Халықаралық валюталық операциялар жүргізуге мүмкіндіктер кеңейді. Елімізде 200-ге жуық жаңа банктер құрылды. Жаңа жағдайда мемлекет басшылығы зейнеткерлер, студенттер, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен қолдау іс-шараларын жүргізуге белсенді түрде кірісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет