I. Кіріспе II. Негізгі бөлім


Жалғыздық –суицидке итермелейтін бірден бір себеп



бет9/13
Дата27.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#130300
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
философия бөж екі

Жалғыздық –суицидке итермелейтін бірден бір себеп
Американың Nydailynews басылымы Қазақстандық супермодель Руслана Коршунованың өлімін тергей отырып, 20 жасар бойжеткеннің Отанында өз-өзіне қол жұмсау фактілері АҚШ-пен салыстырғанда 3 есе көп болатындығын анықтаған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазақстандық әйелдер арасындағы суицидтің көрсеткіші – 15 пен 24 жас аралығында 100 мың тұрғынға шаққанда 11,1 оқиғаны құрайды. Салыстырмалы түрде АҚШ-та бұл көрсеткіш – 2,9-ға тең.
20 жасар Алматылық бойжеткен Руслана Коршунова өткен жылы Манхэттендегі өз пәтерінің 9-шы қабатынан құлап қайтыс болған еді. Пәтердің ішінде қандай да бір арпалыстың ізі анықталмаған. Сол кезде жергілікті басылым Руслана өз-өзіне қол жұмсаған деген болжам айтқан болатын.
Қазақстанның тумасы Руслана Коршунова өз карьерасын сән әлемінде 2005 жылы бастаған болатын. Сол кездің өзінде Vogue журналының еуропалық басылымы бойжеткенге арнайы мақаласын арнап, «мысық пішінді» Руслананың болашағынан зор үміт күтетіндіктерін жазған еді.
Жас фотомодель «Кристиан Диор», «Кензо», «Москино» сияқты беделді сән үйлерінің жарнамасында түсіп, жетекші сән көрсетілімдеріне қатысқан. Руслананың осындай бір ғана көрсетілімге қатысуы 5 мың АҚШ долларына бағаланып, бойжеткен сән-салтанатты өмір сүрген. Осылайша бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдік сән әлемінде өзіндік орынға ие болған Руслана өз-өзіне қол жұмсап, 2008 жылдың 28 маусымында бұл әлеммен қош айтысқан еді.
Америкадағы таныстары Руслананың өз отбасы мен туған жерін қатты сағынатындығын еске алады. Руслана өте көп жұмыс істеп, өзінің сыртқы бейнесіне қатты мән берген деседі. Алайда, оның ішкі күйзелісі ешкімге белгісіз болып қала бермек...
Психолог мамандар, әдетте жалғыздық – суицидке итермелейтін бірден-бір себеп екендігін айтады.
– Өз-өзіне қол салу – түсініспеушілік пен жалғыздықтан туындайтын проблема. Әрдайым адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында түсініспеушілік орын алып жатса, ата-ана баласын түсіне алмаса, күйеуі әйелін түсінбесе немесе керісінше дегендей, жақын жандардың бір-бірін түсінбеуі осындай қайғылы оқиғаларға алып келеді, – дейді біздің радиомызға сұхбат берген Қазақстан психоаналитиктер ассоциациясының президенті Анна Құдиярова.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет