I. Кіріспе II. Негізгі бөлім


Қазақстанда кісі өлтіргендерден өзін-өзі өлтіргендер көп



бет10/13
Дата27.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#130300
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Қазақстанда кісі өлтіргендерден өзін-өзі өлтіргендер көп
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне жүгінсек, Қазақстан әлем бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда 53-і өзіне қол салу оқиғасы көрсеткішімен алдыңғы орындардың бірінде. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша «тұрақты лидерлер» саналатын – Венгрия (88) мен Литвадан (96-99) сәл төмен тұр. Ал кейбір деректер бойынша, Қазақстан Ресей мен Латвиямен бір қатарда көрінеді.
Облыстық прокуратура алдында өзін-өзі өртеген Қабидолла Шолақовтың автокөлігі мен өртенген аяқ киімі. Атырау, 26 мамыр, 2009 жыл.
Ал енді Қазақстанның ішіндегі жағдайға назар аударсақ: соңғы бірнеше жылда осындай қаза бойынша көш басында Оңтүстік Қазақстан облысы (72 оқиға), Ақтау (64-67 оқиға) және Солтүстік Қазақстан облысы (100 мың тұрғынға шаққанда 57 адам өз-өзіне қол жұмсаған). Бір атап өтерлігі – елде адам өлтіргендерге қарағанда өз-өзін өлтіргендер саны әлдеқайда көп екен.
Жалпы әлемде жыл сайын шамамен миллионға жуық адам өз-өзіне қол салып көз жұмады. Олардың 8 мыңы – қазақстандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады.
Өзіне-өзі қол салу ерлер арасында жиі кездеседі
Мамандардың айтуынша, Қазақстанда 2007 жылы 342 суицид фактісі тіркелген. Оның 2/3-і ер азаматтар.
Психологтардың сөзіне қарағанда, өз-өзін өлтіру оқиғалары әйелдерге қарағанда ер адамдар арасында жиі ұшырасады келеді. Ер адам өз-өзіне қол саламын деп шешсе, онда олар өз ісін аяғына дейін жеткізуге тырысады. Ал әйелдер әдетте өлуді емес, өзіне назар аудартуды көздейді. Сол себепті, статистикада өз-өзіне қол жұмсап өмірін қиған ер адамның 1 оқиғасына әйелдердің өз-өзіне қол жұмсауға талпынған 5 фактісі сәйкес келеді екен. Қазақстан психоаналитиктер ассоциациясының президенті Анна Құдиярованың айтуынша, өзіне қол жұмсаған ер адамдар көбінесе асылып өлуді таңдайды екен.
– Маған көбіне қыз-келіншектер келеді. Олар әдетте өз-өзіне қол салуда дәрі-дәрмектерді пайдаланады. Олардың қолына қару алып атылу мүмкіндігі жоқ, ал дәріхана дегеніңіз кез-келген жерде бар. Әйелдерге қандай дәрі ішу маңызды емес, тек ол көп болса болғаны, – дейді А. Құдиярова.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет