I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



бет6/13
Дата27.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#130300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Зерттеушілердің пікірі
Өзін-өзі өлтіру ісін зерттеген психолог, социолог мамандар көп болған. ХІХ ғасырда бұл іспен француз социологы Э. Дюркгейм айналысты. Батыстық ғалым Г. Шорт 1954 жылы бұл кеселге жетелейтін ең негізгі себеп - тапшылық, кедейлік деп жарияласа, 1960 жылдары америкалық Уоррен Брид өз-өзіне қол жұмсауға ер кісілерді итермелейтін басты себеп – психикалық аурулар мен ушығып кеткен отбасы жанжалы екенін айтты. 1988 жылы Санкт-Петербургте А. Лихачевтың «Еуропалық Ресей мен Батыс Еуропадағы өзін-өзі өлтіру. Салыстырмалы-деректік зерттеу тәжірибесі» атты кітабы жарық көрді. 1912 жылы Санкт-Петербургте басылған «Өзін-өзі өлтіру себептері және онымен мүмкіндігінше күресу» атты еңбегінде психолог В. Бехтереев те өз-өзіне қол жұмсаудың бірқатар себептерін алға тартты. Бір қызығы, танымал психиатр А.Г.Абрумова мұндай әрекетке тек психикалық аурулар ғана емес, керісінше, ақыл-есі бүтін адамдардың көп баратындығын дәлелдеді. Өзін-өзін өлтіруге талпынып, бірақ аман қалу қылмыс саласында «өзін-өзі өлтіруге әрекет» деп аталады. Жақында Архус университетінің жанындағы дат ұлттық зерттеу орталығының ғалымдары егер тұқымында, ағайын-туыстары мен жақындарында өз-өзіне қол жұмсаған адам болса, онда өзін-өзі өлімге қию қаупі еселене түсетіндігін дәлелдеді. Психологтар өзін-өзі өлтіру оқиғаларының 60 пайызы көбіне-көп жылдың көктем, жаз мезгілдерінде іске асады деуде. Сондай-ақ, үйленгендерге қарағанда бойдақтар мен ажырасқандар көбірек өздеріне қол жұмсайды екен. Психотерапевт, психоаналитик мамандардың пайымдауынша, өз-өзіне қол жұмсау 3 топқа бөлінеді: ашық, жасырын және демонстрантты. Ашық түрде өзіне қол жұмсайтындар бұған аяқасты бармайды. Өмірдің мәнін түсінбеу, өзінің өмірдегі міндеті мен орнын ұғына алмау (әсіресе, жастар мен қарттар) ойлана келе осындай ашық түрде өз жанын өлімге қияды. Өйткені, өзін ешкімге керексіз сезінеді. Өлуді мақсат тұтпай, жай ғана басқалардың назарын өзіне аудару үшін өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне бару «демонстрантты» түрге жатады. «Айтқанымды орындамасаң, өле салам!» деп қорқыту түрлері де осыған тән. Жасырын түрде өз-өздеріне қол жұмсайтындар өлуді мәселенің шешімі деп санамайды, алайда, одан басқа жол таба алмай қиналады. Зерттеуші Эрвин Рингельдің айтуынша, өзін-өзі өлтіру үрдісі негізінен 3 сатыда жүзеге асады. Біріншісі, «келеңсіздіктен арылудың бір ғана жолы – өлім» деген ойдың мазалай бастауы. Екіншісі, болған оқиғаға адамның тек қана өзін кінәлауы. Үшіншісі, адам өз-өзін қайтып өлтірудің түрлі айла-тәсілдерін қарастырып, оны ойша жүзеге асыруы.
Өзін-өзі өлтіруден дүниежүзі бойынша бірінші орында Ресей тұрғандығын хабарлады. Ресейде жыл сайын шамамен 2500 кәмелетке толмаған бала өз-өздеріне қол жұмсайды екен. Бұл жөнінен АҚШ екінші орында – жылына 1800 бала. Ал жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша бірінші орынды Шри-Ланка (100 000 жасөспірім)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет