I. Кіріспе II. Негізгі бөлім


Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы-адам және оның өмірі



бет2/13
Дата27.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#130300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы-адам және оның өмірі
(ҚР Конституциясынан)
Бүгінгі жасөспірім ертеңгі
Қазақстанның болашағы

Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс,
Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.
Қазақстандағы суицид
Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақсатан елдегі азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрынғы деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған. Ол кезде орта есеппен 100 000 адамға шаққандағы суицид жасаушылардың саны 30 адамды құраған. ДДСҰ-ның соңғы мәліметіне сүйенсек, әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін-өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әр бір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді
Ал Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 7 жасөспірім өмірмен саналы түрде қош айтысқан. Соңғы екі жылда облыс бойынша барлығы 123 бала суицид оқиғасынан көз жұмыпты. Оның ошақтары ретінде Мақтаарал, Қазығұрт, Сарыағаш және Төлеби аудандары танылған.
Кейiнгi төрт жылдың iшiнде жасөспiрiмдердiң өз-өзiне қол салу әрекеттерi Мақтаарал (25), Қазығұрт (17), Созақ (15), Сарыағаш (14), Түлкiбас (10), Сайрам (11), Төлеби (13), Бәйдiбек (10) аудандарында және Шымкент (12), Түркiстан (13) қалаларында жиi кездескенi анықталып отыр.
Өміріміз — аманат.
Біздің кеудемізде жанымыз болғанымен оны өз еркімізбен қиюға хақымыз жоқ. Өмір Аллаһтың адамдарға берген аманаты. Шариғат заңдары адамдарға өзін-өзі өлтіруге рұқсат етпейді. Ол туралы хадисте: «Егер кісі өзін өлтіру үшін нені қолданса, Қиямет күні сонымен азапталады» деген.
Ислам дінінде суицид жасаушылардың күнәсі адам өлтіргеннен де ауыр. Тіпті, ертеден-ақ ата-балаларымыз Ислам дінін ұстанып, ондай адамдардың жаназа намазын оқымаған және мұсылмандар жерленетін мазарға емес айдалаған көмген. Бірақ бұл жағдай халық арасында діннің жоғары мәртебеге ие болған кездерінде болатын Қазіргі кезде мыңдаған өз-өзіне қол жұмсап көз жұмса да жаназа намазы оқылып, мұсылмандар мазарына жерленуде.
Жапонияда психикасы әлсіз балалармен арнайы жұмыс жасайтын суицидолог мамандар әзірленеді екен. Бізде ше? Суицидті тіркеп, тексеріп отырғанымыз болмаса, онымен білек сыбана күрескендер жоқ.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылға қарай жыл сайын өзіне қол жұмсайтындардың саны 1 500 000 адамға жетеді деп болжам жасап отыр. Сол болжамның «басынан» табылмау үшін қазақстандық жеткіншектер арасындағы өлім «әлдиін» азайтуға шара қабылдайтын кез келген секілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет