І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім



бет12/20
Дата02.06.2023
өлшемі1,66 Mb.
#98081
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
stud.kz-55662

Негізгі клиникасы: көздің қарашығы ұлғаяды, мал шатқаяқтап жүреді, дененің әр жерінде еттің дірілі байқалады, кейде уланған мал құлайды, дем алысы жиілеп, қиындайды, тамыр соғысы жәй, әлсіз болады. Дене қызуы көбінесе қалыпты жағдайдаа, кейде төмендейді.
Емі. Бірінші кезекте ас қорыту жүйесін жуып тазалайды, іш өткізетін дәрілерді қолданыды, терінің астына ареколин препаратын жібереді. Теріні скипидармен, камфора спиртімен ысқылайды, уланудың белгілеріне қарсы емдейді.
Улы сүт шөп – Латук ядовитый – Lactuca virosa L күрделі гүлді, биік сабақты, екі жылдық өсімдік. Жапырғы үшкілденіп келген, сия түсті дағы бар. Гүлі ұсақ, сары түсті, бестен шоғырланған. Өсімдік гүлдеген кезде жағымсыз иіс шығарады.
Өсімдің ескі бақшаларда, жайылымдарда, тасты жерлерде өседі. Ақ түсті, жағымсыз иісті сөл бөледі. Онда улы заттар – лактуцин және лактукопикариндер болады. Ол сөлдің наркоздық қасиеті бар. Ол әсері опияның әсеріне ұқсас. Малдар жағымсыз иісіне және ащы дәміне байланысты өздігінен жемейді. Бірақ әдебиеттерде онымен уланған деректер кездеседі. Авторларының деректері бойынша уланған малда көкөніс пен темекіден уланған малда болатын клиника анықталған.
Бастапқыда көздің қарашығы кішірейеді, тамыр соғысы сиреп, тыныс алуы жиілейді. Одан кейін бұлшық еттері әлсірейді, мал шатяқтап қозғалады, құлайды, еріксіз зәр, нәжіс бөлінеді, сөйтіп барып мал өледі.
2.3.Орталық жүйке жүйесін қажытатын, сонымен қатар ас қорыту және жүрек – қан тамырлары жүйелеріне бірдей әсер ететін өсімдіктер.
Акониттер – Акониты - Aconitum L. Бұл тұқымдасқа жататын барлық өсімдіктер улы болып келеді. Бұған кәдімгі борец өсімдігі жатады. Өсімдіктің барлық бөліктерінде алкалоидтар бар: аконитин, мезаконитин, гипаконитин және тағы басқа түрлері кездеседі. Акониттерден 30 алкалоидтар бөлінген. Алкалоидтар көбінесе тамыры мен дәнінде шоғырланады. Сабағы мен жапырағында аз болады. Өсімдіктің улылығы гүлдердің алдында жоғарғы деңгейде болады. Сондай - ақ өсімдіктердің улылығы олардың түріне, топырақтың құрамына және ауа райына байланысты болады деген деректер бар. Кепкен өсімдікте акониттің деңгейі 4 % - ға дейін жететін көрінеді.

12- сурет.Аконитты.
Аконитин және басқа да алкалоидтар өте күшті улы заттар. Малдың 1 кг салмағына есептегенде 0,02 – 0,05 мг дозасы уланған малды өлтіретін көрінеді. Адам үшін өлтіру дозасы 3 – 4 мг. Уланған мал өнімдері адамды уландыруы мүмкін. Борец өсімдігінің 14 – 16 г жас шөбі ешкіні, 300 – 400 г жаңа қазып алынған тамыры жылқыны өлтіріп жібереді.
Өсімдіктің улылық әсері алдымен қозғалыс, сезімталдық, секреторлық жүйке жүйесінің үштеріне тиеді де,тез арада салдану пайда болады. Орталық жүйке жүйесінде дем алу орталығына әсер етеді. Уланған малда демікпе пайда болады, тамыр соғысы нашарлайды, қанның қысымы төмендейді. Тақ тұяқты малдарда құтырудың клиникасы байқалады. Клиникасы 2 – 3 сағаттық ішінде дамып, мал өлім – жітімге жылдам ұшырайды. Улану қойлар мен ешкілердің арасында жиі тіркеледі. Сілекей ағады, ішектердің жиырылуы үдейді, іші өтеді; жылқыларда шаншу жүректің қызметі нашарлайды, бұлшық еттері дірілдейді, тартылу байқалады. Жылқы малы терлейді, жиі – жиі зәр шығарады. Дене қызуы бастапқыда задап көтеріледі де, артынан төмендейді. Көздің қарашығы ұлғаяды, терінің сезімталдығы әлсірейді. Мал көбінесе жата береді, тұра алмайды. Дем алу орталығының салдануынан мал өледі.
Қызғызстанда таулы жерге жайылған қойлардың ішінде жауынды кезде улану көптеп кездескені, уланған қойлардың 100 % өлгені туралы деректер бар.
Емі. Бірінші кезекте ас қорыту жүйесінің ағзаларын тазалап жуу керек. Танин немесе марганец қышқыл калий ерітінділеріне көмір қосып жуғанның нәтижесі жақсы. Шошқаларды құстарды, ішке іш өткізетін дәрілерді береді. Тартылу кезінде терінің астына морфин, ауыз қуысы арқылы немесе клизма ретінде хлоралгидрат жібереді. Сондай – ақ уланудың клиникалық белгілеріне байланысты емдеу әдістерін жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет