І. Кіріспе. ІІ.Негізгі бөлім. 2.1. Орталық жүйке жүйесін қоздыратын улы өсімдіктермн улану себептері, клиникалық белгісі, емдеу, алдын алу шаралары.
2.2.Орталық жүйке жүйесін қажытатын және салдандыратын әсері бар өсімдіктермен улану.
2.3.Орталық жүйке жүйесін қажытатын, сонымен қатар ас қорыту және жүрек – қан тамырлары жүйелеріне бірдей әсер ететін өсімдіктермен улану себептері, клиникасы және медеу, алдын алу шаралары.
ІІІ. Өзіндік зерттеу 3.1. Шаруашылыққа сипаттама.
3.2.Шаруашылықтың індеттік жағдайы.
3.3.Шаруашылықтағы малдардың орталық жүйке жүйесіне әсер ететін улы өсімдітермен улануы, клиникалық белгілері.
3.4.Ауру тарихы.
3.5. Жалпы зерттеу.
3.6.Курация.
3.7.Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін өсімдіктермен уланғандағы токсикологиялық баға беру, патологиялық - анатомиялық өзгерістері.
3.8. Емдеу және алдын алу шаралары
IV. Қорытынды. V. Ұсыныстар VI.Қолданылған әдебиеттер. Кіріспе. Кең байтақ даламыздың әр аймағында орналасқан малшаруашылықтарының малдарының ішінде әртүрлі азықтардың құрамындағы улы заттармен улануы жиі кездесетін жағдай. Малдың улануы шаруашылықтарға тигізетін зияны аз емес; улану негізінен 1- 2 бас ғана емес, малдардың топтап улануы; ауыр жағдайда жедел көмек көрсетіліп үлгермегенде, уланған малдың кенеттен өлім – жітімге ұшырауы; жұмыс малдарының уланған кейін жұмысқа жарамсыздығы; емдеуге қаражат шығындары; адамдар еңбегі, жалақысы және тағы басқада келтіретін шығындары да бар. Жәнеде осы малдардың улануы салдарынан, малдан алынатын өнімдерді пайдалған адамдарда улануы әбден мүмкін. Міне, осындайй шығындар шаруашылықтардың, жеке меншік қожалықтардың эканомикасына кері әсерін тигізері сөзсіз.
Біздің елімізде малдардың улануы, соның ішінде улы өсімдіктермен улануын жиі кездестіруге болады. Негізінен малдар улы өсімдіктерді тоқ кезінде жемейді, себебі улы өсімдіктердің өзіне тән ерекше жағымсыз иістері болады. Міне осы себепті тоқ тұрған мал оның иісін сезіп жемейді, және уланбайды. Бірақ бұған байланысты иісі бар болғандықтан улы өсімдіктермен улану жоқ деген сөз емес. Өйткені аш мал, яғни қыстан шыққан мал, көк шөпті сағынған мал және де белгілі бір себептермен ашыққан малдар көбінесе улы өсімдіктермен қоректеніп, соның салдарынан уланға ұшырайды. Уланаған малдардың әсіресе созылмалы түрінде, организмнің жалпы резистенттілік қабілеті төмендейді, олардың індетті, тоғышарлық, әсіресе жұқпалы емес ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондықтанда ондай малдарды уланудың басқа аурулармен қабаттасып, асқынған түрлері жиі кездесіп жатады. Улану көбінесе аяқ астынан, жіті түрде болатындықтан көптеген жағдайларда мал дәрігерлері малды күтуші улануды дер кезінде анықтай алмай қалады. Соның салдарынан емдеу, уланудың алдын алу шаралары дүрыс жүргізілмейді. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін мал мамандары өз шаруашылығының аймағында қандай улы өсімдіктер өсетіні біліп, оған сай карта жасап, онымен малға қатысы бар адамдарды таныстырып отырулардың маңызы өте зор.
Міне осыған байланысты менің курстық жұмысының мақсаты:«Орталық жүйке жүйесіне тікелей әсер ететін заттармен уланған патологиялық материалдарына токсикологиялық баға беру».
Сондай – ақ курстық жұмысты орындау барысында мынадай міндеттерді қойдым:
- орталық жүйке жүйесіне тікелей әсер ететін заттармен уланудың себептері, клиникалық белгілері.
- улану кезіндегі патологиялық – антомиялық өзгерістер.
- емдеу және алдын алу шаралары.