І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім



бет2/20
Дата02.06.2023
өлшемі1,66 Mb.
#98081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
stud.kz-55662

ІІ.Негізгі бөлім.
2.1.Орталық жүйке жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктер.
Бұл топқа жататын өсімдіктермен уланғанда әртүрлі клиникалық өзгерістерді байқауға болады. Уланулардың клиникасы тек орталық жүйке жүйесі жағынан ғана емес, сондай – ақ көбінесе ас қорыту жүйесінің және бүйректердің қызметтерінің бұзылуымен асқынған түрде жиі кездесі. Бұл топтың өсімдіктерінің өзін бірнеше топтарға бөлуге болады.
У тамыр – Вех ядовитый – Cicuta virosa L – Көлеңкелі, ылғалды жерде өсетін көп жылдық өсімдік. Әсіресе өзен, көл, арықтардың батпақты жағалауларында жиі кездеседі. Кей жерлерде қалың болып өсіп, өте ерте көктейді. Республикамыздың барлық жерлерінде кездеседі.
Биіктігі 1 м болатын жуан, жылтыр, қуыс сабағы бар: ұзын сапты екі – үш қанатты жапырақты; ұсақ, ақ түсті, шатыр тәрізді жинақталған гүлді; жуан, етті, тауықтың жұмыртқасы тәріздес, жақсы жетілген тамыры өсімдік. Тамыры топырақтың бетіне шығыңқырап тұрады. Улы зат – азотсыз цитутоксин. Ол есімдіктің барлық бөлігінде де кездеседі. Әсіресе тамыры улы болып келеді. Жас тамырда 0,2 % - ға, ал кепкен тамырда 3,5 % - ға дейін цитотоксин болады. Тамырдың улылығы әсіресе жазғытұрым және күзде күштірек болады.
1 – сурет. У тамыр.
Улану малды көктемде құнарсыз, шөбі әлі өсіп жетілмеген жайылымға жайғанда жиі кездеседі. Өсімдіктің 2 – 3 тамыры сиырларды, ал 1 тамыры қойларды уландыруға жетіп жатыр.
Цитотоксин майлы ортада жақсы сіңеді, сондықтанда организмде жылдам тарайды, әсіресе жүйке жүйесінің орталығына басымырақ әсер етеді. Бас миға ісер еткенде дененің бұлшық еттері тартылады, қатты қозғандық байқалады. Дем алу орталығының салдануынан уланған мал тұншығып өліп кетуі мүмкін.
Өлген малды сойып қарағанда өлексе құрсақ, ққан ұйымааған, қара қошқыл түсті. Тері астында, кілегей қабықтарда, кейбір ағзалардың сыртқы қабықтарында қанталағандық байқалады. Өкпелер, ми қабы, ішкі бездер қызарып ісінген, кейбір жерлері қанталаған.
Негізігі клиникалық белгілеріне уланған малдың тынышсыздануы, қатты қозу жатады. Бұлшық еттері дірілдейді, ас қазан мен мес қарын газға толып керіледі. Ауыз қуысынан сілекей ағады, жиі – жиі зер, нәжіс бөлінеді. Бұлшық еттердің дірілдеп тартылуы бас жақтан басталып барлық денеге тарайды. Кейде уланған мал бір тұрып, бір жығылып жанталасады. Эпилепсияның клиникалық белгілері анық білінеді. Осындай жанталастан кейін уланған мал әлсіреп барып тынышталады да, көпке дейін орнынан тұра алмай жатып қалады. Демалысы, тамыр соғысы жиілейді, бірақ әлсіз болады. Эптлепсия кезінде дене қызуы аздап көтерілгенімен депрессия кезінде төмендегені байқалады. Шошқалардың ерекшелігі ол құсады. Бұл құбылыс оларды оларды аман алып қалуға себебін тигізеді.
Уланудың барысы көбінесе жіті түрде болады да, мал жанталасып қиналған кезде өліп кетуі де мүмкін.
Улануды анықтау үшін уланған мал туралы толық деректерді жинаудың маңызы өте зор. Әсіресе мал жайылымында у тамырдың бар жоғын білу керек. Одан кейін негізгі клиникалық белгілеріне сүйене отырып диагнозын анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет