Қара меңдуана – Белена черная – Hyoscymus niger L. Биіктігі 1 м жететін, жуан, тік сабақты екі жылдық өсімдік. Жапырақтары ірі, жасыл – сұр түсті. Сабағы, жапырақтары түкті, жағымысз иісі бар. Жемісі кувшин тәріздес қораб.
4 – сурет.Қара меңдуана.
Өсімдіктің барлық бөліктері улы. Оның құрамында алкалоидтар гиосциамин және скополаминдер бар.Кептірген кезде гиосциамин толығымен атропинге айналады. Өсімдіктің әр бөлігінде улы заттардың мөлшері 0,3 % - ға дейін жетеді. Гиосциамин көбірек болады, бірақ улылығы жағынан скополамин күштірек. Улану итжидекпен улану тәріздес болып келеді. Бірақ құрамында итижидекке қарағанда скополамин көбірек болғандықтан ұйықтату, тыныштандыру әсерлері байқалады.
Жағымсыз иісі мен дәмінің салдарынан қара меңдуананы малдар табиғи жағдайда жемейді десе де болады. Сондықтан ол аса көп қауіп тудырмайды. Уланулар ерте жазғытұрымда байқалады. Уланған мал құлайды, дірілдеп – қалшылдайды, дем алысы үздіксіз, қырыл байқалады,ауызынан көпіршік пайда болады, іші өтеді, іші кебеді, көздің қарашығы ұлғаяды, кілегей қабығы көкшіл – қызыл түсті болады. Уланған бұзаулардың көзі бір жұмадай көрмей қалады. Уақытында емдегенде малды жазып алуға болады.
Өсімдік ұрығымен балапандардың улануыда болады. Ұрығы өте ұсақ болғандықтан ірі малдар оларды шайнамайды сондықтан улану байқалмайды.
Уланған малды емдеу, оның алдын алу шаралары итжидекпен уланғандағындай болады.
Емдеу. Бірінші кезекте арыған малға танин немесе танині бар дәрілік заттарды береді. Жылқылардың асқазанын 1 пайызды танин ерітіндісімен жуады. Шошқаларға құстыру үшін апоморфинді терінің астына жібереді. Ары қарй аурудың клиникасына байланысты дәрілік заттарды пайдаланады. Физиологиялық антидот ретінде пилокарпиннің тұз қышқылын немесе физостигминнің салицилатын терінің астына жібереді.
Сасық меңдуана – Дурман вонючий – Datura stramonium L.Қара меңдуанаға ұқсаса, бірақ қара меңдуанаға қарағанда қауіптірек. Көптеген әдебиттерде жылқылардың улануы және олардың өлім – жітімге ұшырауы туралы деректер бар. Қатты уланғанда қозу процесі нағыз жынданудың клиникалық белгісін көрсетеді. Уланған мал көбінесе жүректің салдануынан өліп кетуі мүмкін.