Бір кезде Вавилон киген кепті біздер қалай
кимей қалдық?
Үлкен
мемлекеттің
құлауына
технологиялық,
стратегиялық
мешеулік, бəсекелестік қабілетіміздің төмендеуімен қоса, ұлт мəселесі де аз
себепші болған жоқ. Кейбір саясатшылардың айтуынша, ең басты, ең
шешуші себеп те осы сияқты. КСРО-ның соңғы жылдарында үкімет
дағдарысы күшейіп, болып жатқан оқиғалар тізгінін өз қолынан шығарып
алатын дəрежеге дейін жетуі жағдайды тым қиындатып жіберді. Елде
бұрынғы онжылдықтар атымен білмеген толқулар күшейлі. Ең қауіптісі –
олар таза ұлттық сипат ала бастады. Сумғаиттағы, Таулы Карабахтағы,
Вильнюстағы, Ферғанадағы оқиғалар ұлттық мəселелерді шешудің
ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын, қайта құру стратегиясы бұл мəселені
атымен қағыс қалдырғанын байқатты. Бұл өкіметті қатаң сынға алуға
себепші болды. Ұлтаралық кикілжіңдерді реттеудің жүйесіздігінен өрбіген
процестер елдегі өкіметтің қауқарсыздығын жəне оралымсыздығын көрер
көзге дəлелдеп берді.
Мен КСРО-дағы ұлтаралық қатынастардың, əсіресе екі қырын
айрықша бөліп көрсетер едім. Ұлт мəселесінің соншама асқындауы əуелі
теориялық дəрменсіздіктен етек алды. Басшылықта да, ғылыми орталарда
да бұл мəселемен шындап шұғылданғысы келген ешкім болмапты. Содан
кеп, ұлтаралық қатынастардың шиеленісуін көбіне-көп екі арнада
қарастырып, түсіндіру үрдіске айналды. Біріншісіне сенсек, бəрі де
сталинизм тұсындағы маркстік-лениндік ұлт саясатын жүргізуде жіберілген
қателіктердің қырсығынан өрбіп жатқан болды. Екіншісіне илансақ, бəрі де
сыртқы
күштердің,
қылмыскер
топтардың,
менменшіл
ұлттық
18
интеллигенцияның іріткі əрекеттерінен туындап жатқан боп шығады.
Жүре
келе,
мұндай
жүдеу,
бос
түсініктермен
ұлтаралық
шиеленістерді реттеудің де, сындарлы ұлт саясатын қалыптастырудың еш
мүмкін еместігіне көз жете бастады.
Сол
кездегі
жарияланған
КОКП-ның
ұлт
саясатындағы
тұғырнамасының мəселені бетінен қалқыған жалпылама құр сөз болғанын
қазір жұрт ұмытып та кетті. Мен сексенінші жылдарға дейін идеологиядан
аулақ экономикалык, мəселелермен айналысқандықтан, ұлт мəселесімен
тікелей шұғылданып көргенім жоқ. Бірақ кейінгі он жыл бойына бұл
мəселелермен үзбей айналысып, жаңа əдебиеттерді қарап, өзгелердің
тəжірибесіне көбірек үңілдім. Ұлт мəселесінің бұлай шиеленіскенін
И.Сталиннен көретін мақалалар мен монографиялар қара нөпір қаптап
кетті. Сөйтсе, кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында негізі салынған ұлт
саясатын əдейі бұрмалаған И.Сталин бəріне айыпты боп шықты. Иə,
Сталиннің халықтарды тұтасымен жер аударып жібергендігінің салдары
тым күшті болды. Бірақ бүгінгі адамдар шегіп отырған барлық тауқыметке
бұдан жарты ғасыр бұрын өліп қалған кісіні кінəлы қылудың қисыны келе
қоймайтын сияқты. Меніңше, мəселенің тамыры теренде. Көп ұлтты
мемлекеттер тəжірибесін зерттей жүре көзім жеткені: түбегейлі теориялық
тұғырнамасыз, қалыптасқан ахуалды теориялық тұрғыдан жан-жақты
пайымдамайынша, салиқалы ұлт саясатын түзіп шығу мүмкін емес.
1991 жылы, тіпті одан бергі кезеңдерде де бұрынғысынша
алғашқы марксистердің еңбегіне сүйене отырып, ұлтаралық қатынастарға
баға берген тарихшылар мен саясатшылардың тұжырымдарынан анайылық
пен қарабайырлықтың, аңғалдық пен қасаңдықтың лебі еседі. Кеңестер
Одағындағы ұлттық қайшылықтар мен кикілжіңдерді əлемдік жағдаяттан
бөле-жара қарауға болмайды. Жиырмасыншы ғасыр аяғында тек КСРО-да
ғана емес, күллі əлемдік ауқымда ұлттық оянудың бұрқырай бас көтеруі
кездейсоқ құбылыс болмаса керек. Ұлттық, нəсілдік қарым-қатынас,
ұлтішілік процестер XX ғасырдың екінші жартысының ең басты сипатына
айналып отыр. Ұлттық фактор тек отаршыл империялардың күйреп, жаңа
тəуелсіз мемлекеттердің қалыптасуында ғана басты қызмет атқарып қойған
жоқ. Ол, соғыстан кейін күйзеліске ұшыраған Германия мен Жапонияның
қайтадан қалпына келуі, Европаның бірігуі, Азия-Тынық мұхит елдері
экономикасының жедел алға шығуы сынды, кең ауқымды құбылыстарға да
шешуші ықпал етті. Қажет десеңіз, қазіргі дүниеде экономика, саясат,
идеология салаларында болып жатқан барлық өзгерістер осы ұлт
факторына тікелей байланысты.
19
Əрине, біздің өз ерекшелігіміз болды. Алайда Кеңес Одағындағы ұлт
саясатының тарихи табиғатын ашып беретін тақсыретті тəжірибенің түп
төркіні жалпыны қамтитын аумақты мəселелермен ұштасып жатыр деп
ойлаймын.
XX ғасыр марксизмнің түбегейлі қағидаларымың бірі болып
табылатын ұлттық сипаттан таптық сипат жоғары тұрады деген қисынын
түбірімен жоққа шығарып берді. Менің есімде, марксизм жалпы ұлт
қозғалысын капиталистік өндіріс əдісінің қалыптасуына байланысты
құбылыс ретінде қарастыратын. Капитализмнің қалыптасуы, сондай-ақ əр
түрлі таптарды, олардын арасындағы əрқилы қатынас жүйелерін де
туғызғаны белгілі. Дамыған нарықтың, азат жұмыс күшінің тұсында
азаматтық қоғам институттары етек жайып, саяси институттардың,
мемлекет қызметінің дұрыс өрістеуі, таптық бақылаудан гөрі, бүкіл
жұртшылықтың қолдау-қолдамауына көбірек тəуелді болады. Белгілі бір
қабылданған шешімнің заңдылығы мен заңсыздығы да осындай қолдаудың
барлығы мен жоқтығына байланысты анықталады. Ал марксизмнің
мемлекетті күллі жұртшылықтың емес, белгілі біртаптың мүддесін көздеуші
институт деп түсінгені мəлім.
Мемлекет қызметін бақылаулың нəтижелілігі, көбіне көп бүкіл
халықты жігерлендіріп, белгілі бір мақсаттарға жұмылдыра алатын
идеология жасақтауға байланысты болатыны даусыз. Ұлттық ағымдар,
ұлттық доктриналар тап осындай идеология болып табылады. Сондықтан
да марксистердің пайымдауынша, ұлттық пен таптық сипаттардың
арақатынасынын əр алуан үлгісі болуы мүмкін.
Ұлттық идеология негізінде əуелі бір тап қалыптастырып, кейін
басқа əлеуметтік топтарға да мойындатылған доктрина жатуы ықтимал.
Немесе бір ұлттың бірнеше саяси элиталық топтарының өзара мəмілеге
келіп, келісіп алып, кейін басқа таптардың да мойындауын мəжбүр ету
арқылы қалыптасқан доктрина жатуы ғажап емес. Бұрынғы КСРО-дағы
ұлттық мəселелер жайындағы көп айтылып жүрген қисындар, негізінен,
əлгі келтіріліп отырған байыптамадан өрбіп жатыр. Əсіресе ұлттық төрешіл
топ қоғам мүддесін өз мүдделеріне құрбан етіп, өз республикаларында өз
мемлекеттік бақылауын орнатуға бағыт ұстады да, Кеңес Одағын құлатуға
əкеп ұрындырды дейтін қисыннан бұны анық байқаймыз.
Жаңа терминдерді оңды-солды пайдалана отырып, көне сүрлеудің
ізімен кеткен мұндай тұжырымның қателігі айтпай-ақ көрініп тұр. Бəрін
былай қойғанда, əлгі ұлттық төрешіл топтар – бұрынғы тұтас одақтық
мемлекеттің жүйелеу процесіне бірден-бір жұлын болған күштер ғой. Сол
20
төрешіл топтар мен басқарушылар жоғары ықпалдастық процестердің
маңызын қалғандардан əлдеқайда көбірек, əрі тереңірек түсінеді. Ендеше,
оларды КСРО-ны құлатудың бірден-бір тетігі, əрі қаруы болды деу
теориялық жағынан да, шындығы жағынан да ақылға сыймайды.
Бұл арада, байырғы да, кейінгі де марксистер, мəселеге тек таптық
тұрғыдан келіп, ұлттық процестер мен ұлттық қатынастарда күллі ұлт боп
жұмыла білу факторының мейлінше нəтижелілігі мен өміршеңдігіне тиісті
мəн бермей отыр. Алайда тарихтың тəжірибесі, қоғамның дамуы,
капитализмнің дамуы ұлттық, этникалық фактордың маңызын барған
сайын күшейте түспесе, азайта алған жоқ. Бұл - əлеуметтік факторлардан
гөрі, мəдени факторларға көбірек байланысты құбылыс.
Марксизмнің тағы бір осал тұсы - «үшінші дүниедегі» ұлт
мəселесінін теориясын атымен назардан тыс қалдырды. Кенжелеп дамып
жатқан аймақтардағы ұлт-азаттық қозғалысын, отаршылдыққа қарсы
күресті социализм жолындағы күрестің құрамдас бөлігі ретінде
қарастырды. Ал бүгін отаршылдықтан азат болудың табиғаты мен нəтижесі
маркстік доктринаның айтып жүргеніне еш маңайламайтынын керіп
отырмыз.
Жəне бір ескеретін мəселе: дамыған капиталистік елдердің аз ғана
тобынан тысқары дүниедегі процестерді де түсіндіруге тырысқанымен,
марксизм, негізінен, евроцентристік сипаттағы ілім еді. Евроцентризм
дегеніміздің өзі – теориялық жағынан да, тəжірибелік жағынан да -
əлеуметтік процестердің өзіне тəн аса нəзік заңдылықтары мен
институттарын түсінбеушіліктен туындайтын-ды.
Мен тіпті дəстүрлі кенестік ұлт саясаты доктринасы аумағында
Орталық Азия елдерінің этномəдени мəселелері атымен зерделеніп көрген
жоқ деп айта алар едім. Айталық, бұрынғы Одақтың қомақты бөлігін
иемденіп жатқан бұл аймақтағы ұлттық та, əлеуметтік те процестердің
қалыптасуы
мен
дамуына
отбасылық,
діни,
дəстүрлі
билік
институттарының тигізер ықпалына ешкім мəн бере қоймады. Бұрынғы
Кеңестер Одағында ұлттық қатынас типтері сан алуан еді. Сондықтан да
Балтық бойындағы, Орталық Азиядағы, Кавказдағы ахуалдарды
реттеудің жүйелері түп төркіндерінің əрқилылығына байланысты, əрқилы
өрістеуі ықтимал процестердің бағыт-бағдарына лайықталып, əр алуан
сипатқа ие болуға тиісті еді.
Бүгінде көп адамдар КСРО-ның құлауын ұлттық интеллигенцияның
сыңаржақ бөлігінің белсенді əрекетінің нəтижесі деп түсінеді. Белгілі
мөлшерде, бұл əңгіменің жаны да болуы мүмкін. Өйткені интеллигенция –
21
ұлттық мүддені мейлінше бедерлі бейнелейтін əлеуметтік топ. Алайда
мəселені қырын кетіріп жүрген жағдай атымен басқада: бұрынғы Кеңестер
Одағында
ұлттық
мəселелерді
түсіндіру
мен
реттеуде
ұлттық
қозғалыстардың əр алуан түрін бір-бірімен шатыстырып алу орын алды.
Ұлттық қозғалыстардың əр түрлі табиғи сипатқа ие болуы мүмкін
екендігіне жете мəн берілмеді.
XX ғасыр тарихындағы оң нəтижелі ұлттық қозғалыстың айқын
мысалына осы заманғы түрік мемлекеті мен ұлтын қалыптастырған Кемал
Ататүріктің іс тəжірибесі мен теориялық ізденісін жатқызуға болады. Ол
ұстанған бағыттың басты мəні - Осман империясы заманынан келе жатқан
империялық даңғойлықтан арылып, бүкіл түрік халқын біртұтас ұлттық
қозғалыс арнасында жаңа заманға лайық жаңа түсінік пен жаңа көзқарасқа
ие етіп, жаңа сипатқа көшіру еді.
Сонымен қатар басқа сипаттағы ұлттық қозғалыстар да етек жаюы
мүмкін. Ол – рухы мен таңдап алған əрекет тəсіліне қарағанда, əлгіндей
жаңалыққа қарсы тұратын, əлеуметтік өмірде де, мəдениетте де белгілі бір
дəстүрлі үрдістерді бұлжытпай сақтауды жақтайтын қозғалыстар. Осының
бірін де ескермей, мəселені тек кімнің Орталық билікке қалай қарайтынына
ғана қарап бағалайтын көзқарасты объективті көзқарас деп санай қою
қиын.
Кешегі кеңестік республикалардың аз мерзімдегі тəуелсіз даму
тəжірибесіне үңіле отырып, əлгіндей əр алуан бағыттағы ұлттық
қозғалыстар барын бүгін де байқауға болады. Мұндай қателіктерден əлге
дейін, кешегі КСРО-ның əрқилы аймағындағы əрқилы ұлттық
қозғалыстарды табиғаты жағынан да, сипаты жағынан да бірегей құбылыс
ретінде қарастыратын шетелдік сарапшылар да əбден арылып болған жоқ.
Шын мəнінде, бұл қозғалыстардың біреулері діни сипатта, екінші біреулері
қылмыстық сипатта, ал үшінші біреулері жаңа заманға лайық жаңа сипатқа
ие болу жолында өрістеуде.
Қазір көп адамдар КСРО кезіндегі əр алуан халықтарды өз
ерекшелігінен айырып, бірізділікке түсіру əрекеті ұлттық қопарылыстың
шығуына басты себептің бірі болды десіп жүр. Мен олай ойламаймын.
Тоталитаризм үрдісі өзін аман сақтау үшін, ұлттар мен мəдениеттердің көп
алуандығына жол бермей, бірізділікке түсіргісі келгені рас. Бұндай саясат
болмасты болдыруға – халықтардың өркениеттік əр алуандығын жоюға
ұмтылды. Кеңестер Одағы əр сипатты, əр текті, өркениеттік төркіні мен
мəдени бағдары əрқилы ұлттардың жиынтығы еді.
Əңгіме бір ұлттың жете дамып, екінші ұлттардың кенже
22
дамығандықтарынан емес. КОКП Орталық Комитеті идеология жəне
насихат бөлімдері қисыншылары шығарып жүрген – КСРО аумағында
«совет халқы» деген атпен ұлт құрылды деген қиялдың сол қиял күйінде
қалғандығын бүгін түсініп отырмыз.
КСРО
халықтарының
өркениеттік
біртұтастығы
жайындағы
дақпырттың сол дақпырт күйінде қалғандығында. Шын мəнінде, бұрынғы
КСРО өркениеттік айырмашылықтардың терең сызаттарымен мейлінше
шимайланған аумақ еді. Оны бүгін айқын байқан отырмыз. Сөйтсек,
Балтық елдерінің Солтүстік Европа елдеріне этникалық, мəдени,
өркениеттік туыстығы, түркі мемлекеттерінің өзара тарихи-мəдени
етенелігі, Кавказ мемлекеттерінің күрделі этномəдени табиғаты олардың
бəрін біртұтас өркениеттік құрама ретінде қарастырудың еш қисыны
келмейтіндігіне көзімізді жеткізе түскендей.
Əрине, ол жылдары бұл аумақтың көп ғасырдан бері, кейбір
жағдайда мыңжылдықтар бойы өркениеттік жағынан əр текті кеңістік боп
келгендігіне ешкім бас ауыртып жатпайтын.
Күрделі ұлттық мəселелердің шиеленісуі тек күйреген Кеңес
Одағына не Югославияға ғана тəн емес... Дамыған батыс елдерінде де
этникалық шетін мəселелер жеткілікті. Канададағы Квебек бөліне
жарылушылығы əлеуметтік факторлардан емес, этникалық факторлан өрбіп
жатқаны əркімге-ақ аян. Көп жылдар бойы бейбіт жəне ойдағыдай дамып
келе жатқан елдің өзінде, əр түрлі ұлттық топтың мəдени түбіріндегі əр
тектілік араға түскен жіктің біртіндеп алшая түсуіне əкеп соқтырып отыр.
Көптеген елдер үшін күрд мəселесі де тап осындай талмалы мəселе боп
келеді. Солтүстік Ирландиядағы күрделі күрмеуді шешуде де анау айтқан
оң қадам байқала қоймайды. Испания үшін де басты ауыртар жай - баскілер
мəселесі. Қысқасы, ұлт мəселесін бірден-біржолаға шешіп тастау еш мүмкін
емес. Оны көсегесі көгерген демократиялық елдердің өздері де жүзеге
асыра алмай келеді. Осыған байланысты бізге ұлт мəселесін біржола
түпкілікті шешіп тастауға тырысушылықтан бас тартып, түбегейлі түрде
басқа бір стратегияға көшуге тура келеді. Объективті түрде пайда болып
жататын қайшылықтарды сүртіп тастауға тырысу əбестік. Біздің
стратегиямыз сондай қайшылықтардың алдын алып, оның қан төгісті
тайталастарға ұласып кетпеуіне қам жасауға бағышталуы тиіс.
Өкініштісі,
толып
жатқан
мəлімдемелер,
тұғырнамалар,
бағдарнамаларға қарамастан кеңестік дəуреннің бірде-бір кезеңінде
ұлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолдары байыпты талданып
көрген емес. Ұлтаралық қайшылықтар тартысқа, тартыс қантөгісті
23
кикілжіңдерге ұласқан тұста, теориялық базаның жоқтығынан, ахуалға
шындап түсінбеген ел басшылары, сексенінші жылдар аяғында ұлт
мəселесін күш қолданып шешеміз деп, қоғамды тығырыққа апарып тіреді.
Бакуге əскер кіргізді, Вильнюс, Тбилисиде қайғылы оқиғалар болды.
Жоғарғы басшылықтың жағдайды
білмей қалдық, күш қолдануға ешқандай араласымыз жоқ деген
мəлімдемелерінің жалған екендігіне жалпы жұрттың əбден көзі жетті.
Мұндай жағдайда ұлт мəселесінің КСРО-ның күйреуінің басты
себептерінің біріне айналары əбден түсінікті. Күрделі кезеңнің күйбеңімен
жүріп, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын толық
дəрежеде бағалап үлгерген жоқпыз. Ол М.С.Горбачевке сенген, ол айтып
жүрген демократиялык, өзгерістерге сенген адамдардың алғашқы еңсе
тіктеп, бой көтеруі еді. Бəрінің де аузынан түспеген жалғыз мəселе: «Ең
болмаса, жұрттың пікірін біліп алмай тұрып, республика басшылығына
Қазақстанды, онда мекендеп жатқан халықты, оның мəдениеті мен
дəстүрлерін білмейтін адамды қойғандары қалай?»
Осынау қарапайым да орынды сұраққа жауап берудің орнына,
қыршын боздақ қыз бен жігіттерді дүреге жығып, алаңға шыққандар аямай
жанышталды...
Көне жүйенің көбесі содан бастап сөгіле жөнелді. Вильнюс,
Тбилиси, Баку оқиғаларына жалғасты.
1986 жылғы желтоқсан оқиғалары казақ жастарының ұлттық
санасының қаншалықты өскенін көрсетіп берді. Бір ғасыр бойы халықты
ашса алақанырнда, жұмса жұдырығында ұстаған өктемдік үрдістің
алдындағы қорқыныш алғаш рет еңсерілді. Жастар айдай əлемнің алдында
кез келген ұлтқа тəн ұлттық намыс бұдан былай ешқандай баса көктеуге
мойын ұсынбайтынын паш етіп берді.
Қазақ тарихы ондай əрі тауқымет, əрі асқақ сəттер мен сағаттарды,
күндер мен кезеңдерді талай бастан кешкен-ді. Жаңа тарихымыздың жалын
биіктеткен сон- дай бір жалынды кезеңі — 1986 жылғы желтоқсандағы үміт
пен үрей құшағында өткен үш күн...
Əйтсе де демократиялық балауса сананың ең алғаш еңсе тіктеген
елеулі оқиғасын ескі жүйе шектен асқан ұлтшылдықтың шетін көрінісі
ретінде бағалады. Кейін маған көп адамдарды, соның ішінде М.С
.Горбачевті де, күллі қазақ халқына тағылған бұл жаланы алып тастауға
көндіруге тура келді. КОКП ОК-нің Саяси бюросы өз шешімін өзі бұзуға
мəжбүр
болды.
Шамадан
тыс
саясаттандырылып,
шамадан
тыс
идеологияландырудан аулақ, шынайы ұлттық сана жоқ жерде өзге ұлттар
24
мен өзге ұлттық мəдениетті шынайы құрметтеу де мүмкін емес нəрсе.
Дəл осындай жағдайға байланысты XIX ғасырдың бір көреген
адамы айтқандай: «Интернационалист болу үшін де ұлттық сезімің болуы
керек».
Менің көзім анық жеткен бір нəрсе: өзгелердің ұлттық мəдениетіне
тиісті құрметтеу жоқ жерде шынайы азаматтық татулық та болмайды.
Қазақтар орыс мəдениетін жете меңгерген. Ендеше, қазақ əдебиеті де
Қазақстанда тұратын басқа ұлт адамдары үшін жеті қат жер астындағы
нəрседей алыс құбылыс болмаса керек. Қазақ əдебиеті, тілі, ауыз əдебиеті,
музыкасы - əрқайсымыздың да рухани дүниемізді орасан байыта алады.
Евразияның ең бір бай да бірегей мəдениеті – қазақ мəдениетінен нəр алу
қиямет кезеңдерде өз ортасынан ойып баспана беріп, омырауын ашқан
меймандос халыққа көрсетілген бірден-бір құрмет саналмақшы. Осылай
бір-біріне айтпай түсінген ақпейілдік пен бауырмалдық қана ұлтаралық
жарастыққа жол ашады. Ол жоқ жерде өшпенділік пен бейберекеттік бел
алады.
Көп ауызға алына бермейтін жəне бір маңызды жайтқа тоқталғым
келеді. Экономикамен шұғылдана жүріп, ешқандай ұлттық сипатқа ие емес
бір толғақты мəселе барын ұқтым: ол орталық жəне шет аймақтардың өзара
қарым-қатынасы.
Ұзақ уақыт бойына Орталық қалған аймақтарды уысында ұстаудың
үш түрлі тəсілін пайдаланды. Тағы да қайталап айтамын, бұл бақылаудың
ешқандай ұлттық сипаты жоқ, билік иерархиясының əр сатысының өзара
ықпалдастығының жүйесі еді. Орталықтың бақылауы, ең алдымен, елді
күрделі əкімшіліктерге бөлумен жүзеге асырылды. КСРО-ның қалыптасқан
əкімшілік-аумақтық құрылымы, елдің бұрынғы саяси басшылығы біліп
істеді ме, білмей істеді ме, əйтеуір, аса сындарлы мағыналық жүйеге ие еді.
Соның арқасында ол жүйе, көпсатылылығы мен күрделілігіне қарамастан,
қабылданған шешімді тез арада ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Бақылау əскери, саяси, əкімгерлік, соттық, ең бастысы, партиялық арналар
бойынша жүргізілді. Сталинизм жылдарында қалыптасқан əкімгерлік жүйе
елдің біртұтастығын қамтамасыз етудің бірден-бір тамыры бола білді.
М.Горбачев демократиялану кезеңі деп атаған тұста, аумақтық
бөліктерге бөлінген əкімгершілік жүйенің əр деңгейдегі органдары
арасында билік бөлісудің басты мəселеге айналуы тегіннен-тегін емес.
Орталықтық аймақтардың үстінен бақылау жасауының екінші бір
түрі - меншік бірыңғайлығына, финанс жүйесіне, транспорттық-
экономикалық құрылым мен экономикалық механизмге негізделген
25
экономикалық
саясат
болды.
Жоспарлаудың
орталықтандырылуы
аймақтардың белгілі бір сала бойынша мамандануларына итермеледі. Ол
бір аймақты екінші аймақсыз өмір сүре алмайтындай қып, жіпсіз байлап,
жалпы жүйеге қосымша тиянақтылық, қосымша беріктік бітірді.
Экономикалық жағынан мəнсіз көрінетін мұндай ықпалдастықтың аса
терең саяси мəні бар еді. Ол экономикалық нəтижелілікті емес, жүйенің
баяндылығын сақтауды көздейтін еді. Сондықтан да біз бір ғасыр уақыт
бойы қалыптасып қалған экономикалық комплекске тəуелді боп келдік.
Бүгін сол ескі байланыстардың бұзылуынан экономикалық дағдарысты
тойтаруда қиындыққа ұшырап отырмыз.
Енді орталықтың шет аймақтарға жасайтын бақылауының үшінші
бір түріне тоқталайық. Əңгіме аса тегеурінді екі тетік арқылы жүзеге
асатын мəдени ықпалдастық жайында болмақ. Ең алдымен, ол санаға
идеологиялық ықпал жасау арқылы, сосын тіл саясаты арқылы жүзеге
асырылды. Осы арада басын аша кететін мəселе: сөз орыс тілінің оң не теріс
ықпалы туралы болғалы отырған жоқ. Менің көзімнің əбден жеткені:
қазақтардың орыс тілін білгені пайдалы болғаны даусыз. Алайда гəп онда
емес. Гəп əлгіндей тіл саясаты арқылы жалпы мемлекеттік жүйеге қосымша
беріктік күші дарытылуында.
Қайта құру жылдарында не болды? Ең алдымен, əкімшілік-аумақтық
иерархия өзгерді. Ол кезеңде елді əкімгерлік аумақтарға бөлудің жаңа
жүйесі ізделе бастағаны есіңізде шығар. Татарстан, Башқұртстан сынды
автономиялық республикалар тарапынан одақтас мемлекеттегі өз
дəрежелерін өзгерту туралы мəселе көтерілді. Шешенстанның дербестігі
туралы Ресей үшін ең күрделі мəселе де сол кезде бас көтерді. Бұның бəрі
де əрқилы аумақтардың əкімгерлік, демек, саяси дəрежесін қайта белгілеу
«процесі күш алған» сол бір кезеңнің жаңғырығы еді.
1990 жəне 1991 жылдар ана аймақтың не мына аймақтың əкімгерлік
иерархиядағы орны туралы қызу таластармен өтті. Сосын əңгіме басқа
денгейге - барлық ұлттық құрылымдардың қатысуымен, шын мəнінде
тəуелсіз мемлекеттердің конфедерациясы болып табылатын жаңа Одақ
туралы шарт жасасу мəселесі денгейге көтерілді.
Саяси иерархия туралы таластар аймақтардың экономикалық
дербестігі мəселесіне ұласып жатты. Аймақаралық, экономикалық
байланыс, аймақтық рынок құру, олардың халықаралық экономикалық
қарым-қатынаспен ұштасуы жайындағы мəселелер қызу талқылана
бастады. Республикалар экономикасын ішкі аймақтық мүдделерге
бағыттауда, сыртқы сауда режимін ырықтандыруда айта қаларлықтай
26
шешуші қадамдар жасалды. Бұның бəрі ұзақ жыл бойы билеп- төстеген
иерархияның қатаң өктемдігін əлсіретіп, Орталық пен аймақтар
арасындағы байланысты түбегейлі өзгертудің негізін қалады. Сонау 60-70-
жылдардың өзінде, бір жүйе аумағында шет елдермен жəне көрші
аймақтармен экономикалық ықпалдасудың еркі аймақтардың өзіне берілуі
бұрын қиялға кірместей жаңалық еді. Бұл, шындап келгенде, тек əкімшілік
жағынан ғана емес, сондай-ақ экономикаға да, Орталық пен шет
аймақтардың қарым-қатынасында да елеулі мөлшерде өзгерістер енгізген
жаңалықтар еді.
Қазір ТМД немесе Бұрынғы КСРО аумағында орталықтан
жоспарлау жүйесін қайталан жандандыру керек дейтін əңгімені естігенде,
ондай мəселені көтеріп жүргендердің КСРО-ның соңғы жылдарындағы
экономикалық ахуалдың тəжірибелік мəселелерінен атымен бейхабар
адамдар екенін аңғара қоямын. Кісі армандайтындай жоспарлы экономика
ешқашан болған емес. Ал 1989-1991 жылдары оның иісі де қалмаған-ды.
КСРО-ның өмір сүргенінің соңғы 18 жылы ішінде жоспарлар 13 рет
орындалмапты. Өткенде болмағанды болды деп, қайта көксейтіндерді əрі
түсінбеймін, əрі бір түрлі мүсіркейтін сияқтымын.
Ескеретін жəне бір жайт: Орталық пен аймақтар арасындағы мəдени
байланыс мəселелері басым дəрежеде ұлттық сипатқа ие. Сондықтан ла
сексенінші жылдардың аяғы мен тоқсаныншы жылдардың басы білім
бсрудің баламалы жүйелерін жасау, төл тарихтың жаңа түсіндірмелері мен
пайымдамаларын табу жолындағы ізденістерге толы болды. Бұл бұрынғы
Одақтың барлық республикаларында да ұлттық қозғалыс кеңінен етек
жайған жылдар еді. Ол қозғалыстың мəдениет, идеология, тіл мəселелеріне
ерекше көңіл бөлері айтпаса да түсінікті. Қазіргі қалайда КСРО-ны
қайтадан
қалпына
келтіруді
жақтайтындардын
айтып
жүрген
идеологиялық бірлігі мен біртұтастығы сол сексенінші жылдардың соңы
мен тоқсаныншы жылдардың басында-ақ көзден ғайып болған. Қоғамдық-
саяси ахуал мен қоғамдық пікір қазіргі ТМД елдерінде сол кездің өзінде-ақ
адам танымастай өзгеріп кеткен-ді.
Мына бір маңызды жайтты баса айтқым келеді: бұрынғы КСРО
ауқымындағы Орталық пен аймақ арақатынасы жүйесі, КСРО заңдық,
құқтық жолмен əлі ыдырап болмай тұрып-ақ, түбірлі өзгерістерге
ұшыраған-ды. Драмалық сипатқа ие болғанымен, оның бəрін күтпеген
құбылыс санау ақылға сыя қоймайтын алғырттық болар еді.
Сонда
əлгіндей
өзгерістерге,
тазалауларға,
экономикалық
тəжірибелерге, идеологиялық аумалы-төкпелілікке өзінен бұрынғының
27
бəрін мансұқтап, Қызыл алаңдағы молалардың өзін қазып ап, қайта жерлеп
жатқанға көсемдер алжып, насихат əрсізденіп, бір жеңілістен соң бір
жеңіліс көбейіп жатқанына да мəн бермей, соның өзін жарқын жеңістердей
көріп, бұрынғысынша міз бақпауға тырысқан біртұтас ұйымдық құрылым
болды ма? Болды. Ол КОКП еді. Компартияның күйреуі – құрлықтың
алтыдан бірін алып жатқан ел мен қоғамның біржолата күйреуі еді.
Араға бес-алты жыл түсіп кеткен соң, кейбір саясатшылар тал
бойларына шаң жолатпай, бастарын ала қашқанымен, қалыптасқан жүйеге
психологиялық жағынан да, ұйымдық жағынан да ойсырата саяси соққы
берген
оқиға
Ресей
Компартиясының
құрылуы
болды.
Əрине,
Конституциядағы партиялық монополизмді нығыздай түскен алтыншы
баптың алынып тасталуы да өз қызметін атқарды. Өзіңіз ойлап көріңізші.
Арада алты жыл өтті. Апай-топай тоқсаныншы жылдарды артқа салған
соң, бұрынғы Кеңестер Одағы Коммунистік партиясына барабар келе
алмайтынын бүгіп бəріміз түсініп отырмыз. Жау кеткен соң, қылышын
қоқысқа сермейтін сыншы сымақтар қанша данышпансығанмен, ТМД-ның
қай еліндегі, тіпті ең ірі елінің өзіндегі бірде-бір партия саны жағынан да,
аппараттық шыңдалуы жағынан да, ұйымдастырушылық мүмкіндіктері
жағынан да 1989 жылғы əбден əлсіреген КОКП-ның өзіне тең келе
алмайтынын жоққа шығара алмас.
Сөйтсе, КОКП-ның күйреуі - ен алдымен, ішкі процесс. Өйткені
И.Полозковқа Ресей Коммунистік партиясын құру туралы да шет елдегі
əлдебір əзəзіл кеңес берді деп ешкім де айта алмас. Дəл сол сияқты, Ресей
құрамасынын одақтас республикалардың ішінде бірінші боп өз егемендігін
жариялауы КСРО- ның құлауына аяғына дейін жетпей тынбайтындай
бұлтармас сипат алып берді. Сол кезде баршамыздың тіліміздің ұшында
мынандай сұрақ тұрды: Ресей кімнен жəне неден егемен? Ол елдің
ұйтқысы ғой! Бұдан, əрине, егер Ресей егемендігін жарияламаса, Кеңестер
Одағы əліге дейін мызғымай тұра берер еді деген түйін шықпаса керек.
Өйткені жоғарыда айтылғандай, мəселенің тамыры тым тереңде еді.
Алайда 1990 жылғы 12 маусымда Ресейдің өз егемендігін жариялағаны енді
КСРО-нын бұрынғы қалпында өмір сүре алмайтындығын тəжірибе жүзінде
даусыз дəлелдеп бергені рас.
Бүгін кеп, біреулердің алабұртпа көңіл əуенімен кетіп, бұрынғы
əріптестерін тарих сотына тартуға шақыруында адам ретінде түсінуге
болатын жайттар болғанымен, тарихи көрегендікке жатқыза алмайтындай
жаңсақ мінез бар екендігін жасыра алмаймыз. Қасаң коммунистерді де,
қасаң демократтарды да жазғыруға болады. Бірақ оңды-солды атақ тағып,
28
айбат шақырудың жөні жоқ. Шамасы, бұл арада, маркстік түпнұсқаларды
ежелеген кезден есте қалған, Ф.Энгельстің тарихты жеке адамдардың күші
мен жігерінің параллелограмына балайтын айтулы кескіндемесінің
салқыны бар сияқты.
1991 жылғы драмалық оқиғаларға қолма-қол араласып, көзбе-көз
бақылаған адам ретінде айтарым: ол драмаға қатысушылардың көпшілігі
одақтық мемлекетті тап бұлай тез арада быт-шыт шашыратып жіберуді
əдейі көздеген емес. Вильнюс, Баку, Тбилиси жəне ГКЧП оқиғаларына
дейін, кейін эволюциялық жолмен тəуелсіздік алуға ұласатын өркениетті
конфедерациялық мемлекет орнату көзделген еді. Əрине, 1991 жылдың
тамызынан соң, бұл ойдың іске асуы еш мүмкін болмай қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |