Іс орнынан қозғалғанда...
Кеңестер Одағының адам таңғаларлықтай тез ыдырауын тек саяси
тұрғыдан ғана емес, клиникалық тұрғыдан да терең талдайтын кез келеді.
Егер біздің заманымызға дейінгі бесінші ғасырда бір қаланың, ежелгі
Афинаның өзінде кейбір өркениеттер мыңдаған жылдар бойы туғыза
алмайтын мөлшерде көп (философтар өмір сүргеніне қалай таңғалмау
мүмкін болмаса, біздің еліміз бен біздің тұсымызда əлгіндей саяси
патологияның орын алуы – тап сондай таңғалмауға болмайтын құбылыс.
Бəлкім, объективті жəне субъективті факторларды əбден ұшалап-
мүшелеп, өз орындарына қойып шығуға болатын шығар. Бірақ қалай
дегенмен де, осы кезеңде бір түрлі тарихи қиял-ғажайыптық сипат бар
сияқты. Шамасы, факторлардың қоян-қолтық қабаттасуы ақылға
57
сыймастай əсер қалдырып, бəр-бəрін саяси жағынан жіліктей түсіндіруді
қиындататын да болар.
Меніңше, саясатшылар ортасын бір дерт мейлінше жайлап алған
сияқты. Көпшілігінің сағат сайынғы түсініп үлгеретнінен көріп, бастан
кешетіні əддеқайда кө- бірек. Ол да кəсіби науқастардың бір түрі шығар.
Расында да, салтанатты рəсімдер, кейде қайғылы, кейде күлкілі оқиғалар
тізбегінің ортасында жүріп, соның бəрінен ойша биіктеп, сараптап шығу
қиын да болар. Уақыт тасқынына қарсы жүзу, тіпті тоқтату еш мүмкін емес
нəрсе. Бір өкініштісі, кеңестік дəуреннен кейінгі кезең саяси декаденттердің
талай түрін балалатты. Олар бұқаралық сананың əлдебір қолайлы жүлгесін
тауып ап, əрі сенделіп, бері сенделіп, кейін өз өзінен тартыла бастаған
балдыр-батпақты
малшылап
бағуды
əдетке
айналдырып
алған.
Ондайлардың талабы менің көз алдымда су бетіндегі көбіктей бұрқырап,
артынан өз-өзінен семіп жоқ болды. Арасында талай президенттер мен
оның удай араз дұшпандары да толып жатты.
Бүгінде 1991 жылдың тамызы жайлы талай майын тамызған
нəрселер жазылды. Оларға жаңа бояу қосып, жаңа бір қырды ашам ден
дəметудің өзі есерлік болар еді. Сондықтан да мен сол жылдарғы
оқиғаларға қазіргі көзқарасымыздың, сол екі ортада болып үлгерген
түбегейлі өзгерістердің тұрғысынан үңілгім келеді.
1990 жылдың басынан мен Қазақстанды кешең қайта құру
келеңсіздігінен қайтып, өзбетімен шығарып алу жайын ойлай бастадым.
Орталыққа
енді
ешкім
сенбейтін
болды.
Меніңше,
барлық
республикалардың басшылары да дəл осындай қорытындыға келді. Елдегі
бірыңғай экономикалық комплекс жойылды. Бұл əсіресе Қазақстанға айта
қаларлықтай қиын тиді. Менің есептеуімше, біздің кəсіпорындарымыздың
95 проценті Орталықтан басқарылды. Ал əлгіндей экономикалық-
финанстық,
əкімгерлік
байланыстардың
күрт
үзілуі,
Орталықтың
дəрменсізденуі республикамыздың экономикалық жағдайына тікелей
ықпал етті. Мен, ертеме, кеш пе, расында, тым жуық арада экономикада
өз бетіңмен қарекет етуге көшуге тура келетінін түсіндім.
Түгелдей көк мұзға отырып қалмас үшін, əлгіндей ыдыраудың
салдарын азайтып, жаңа экономикалық жəне саяси ахуалға алдын ала
əзірлену үшін Жоғарғы экономикалық кеңес құрдым. Оған мемлекеттік
жоспарлауда аса зор тəжірибе жинаған, республика экономикасын жетік
білетін, реформаны жақтайтын Д.Сембаевты басшы етіп тағайындадым. Ол
төңірегіне 25-30 жастағы жас интеллектуалдарды — экономистер,
финансистер, заңгерлерді жинады. Американдық экономист, доктор
58
Ч.Бэнг, ресейлік Г.Явлинский, мысырлық заңгер, доктор Хасан маған
кеңесші болуға келісім берді. Біз Қазақстанның нарықтық экономикалық
саясатын жасақтауға алғашқы қадамдар жасадық. Министрліктер мен
банктердің қазіргі басшыларының көпшілігі сол Кеңестен шықты.
Əрине атымен жаңа экономикалық бағыттарды игеру маған оңайға
түспеді. Алайда Қазақстан мен КСРО экономикасын жақсы білетін мен
басқа елдердің нарыққа көшу тəжірибесін қызыға зерттей бастадым.
М.Горбачев «демократиялық социализм» деп атаған схема ауқымында
экономикалық реформа жасаймыз деп, көп күш жігер жұмсағанымызбен,
мандытып ештеңе бітіре алмағанымызға көзім жетті. Қолда бар
мүмкіндіктерді тас-талқан қып талан-таражға ұшыратыппыз. Саяси режим
өзгермесе де, өзгерсе де, экономикалык, саясат өзгеру керек еді.
Сəуегей боп көрінгім келмейді. ТМД елдеріндегі күдік-күмəн,
қайшылықтар мен қателіктер Қазақстанға да тəн болатын. Жете түсінгенім:
шетсіз-шексіз қисындар мен ұрандардан тыйылып, нарық экономикасы
жолындағы нақты іске кірісу керек. Бұдан əрі аялдау саяси жағынан да, таза
экономикалық жағынан да аса қауіпті еді.
Ол кезде бұрынғы Кеңес республикасына бір кездегі Маршалл
жоспарындай көмек көрсету керектігі жайында шындап айтыла бастаған-
ды. Көп адам сырттан біреу кеп реформа жүргізіп, осы заманғы
менеджментті жолға қойып, базарды тауарға толтырып береді дегенге
расында да сенетін. Бұл арада ескі аппаратты атымен күйреткен, соғыстан
кейінгі Жапония мен Германия тəжірибесі жиі ауызға алынатын. Кейбір
қызуқанды адамдар маған да тап солай етуге кеңес берді. Алайда көп жыл
басшылық саласында істеген тəжірибем абайлап іс қылуды қолайлы көрді.
Ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келген машинаны тез арада күйрете
салу күтпеген жайттарға соқтыруы мүмкін еді. Бұрынғы кеңес
республикаларының кейбірінің тəжірибесі де соны көрсеткен-ді. Бұрынғы
аппаратты мемлекеттік басқару тəжірибесі жоқ атымен жаңа адамдармен
алмастыру ТМД-ның кейбір елдерінде экономиканы тұралатып, саяси
ахуалды асқындырып, əбден бейберекеттікке ұшыратқанды.
ТМД-ның
жас
мемлекеттерінің
өз
бетімен
экономикалық
гүлденуінің алғашқы тұжырымдамасы, негізінен, екі нəрсеге негізделген-ді.
Біріншіден, «өз» республикасын уəде етілген несие арқылы экономикалық
қайта құруға, дүниежүзілік шаруашылыққа тартуға Батыстың мүдделілігін
асыра бағалап бақты. Екіншіден, əр республика өзін «Европа мен Азия,
Батыс пен Шығс арасындағы көпір», «геосаяси жағынан аса қолайлы
мемлекет» санап, жер бетіндегі қаржы алуға ең тиімді ел санап бақты. Мен
59
ол кезде əр республикада өз болашақтары жайында жарияланған
мақалаларды түгелдей зерттеп көрдім. Олар бір-біріне егіз баладай
ұқсайтын. Мойындауымыз керек, біз де тап солай ойладық. Қай-
қайсымызда Батыс үшін ең тиімді ел өзіміз деп санадық. Тек біз ғана
кенеліп, қалғандар кенде қалатындай көрінді. Бұл ретте Польша, Венгрия,
Чехословакия тəжірибесін ауызға көп алдық. Алайда ондай мақалалардың
авторлары біздің əлемдік экономикамен біте қайнасуымызды қиындататын
жағдайларлы атымен ауызға алмады.
Біріншіден, Шығыс Европа елдері, тіпті социалистік лагерьдің
құрамында жүрген кезде де, бізден атымен өзгеше саяси, ең бастысы,
экономикалык, құрылымға ие болатын. Польшада да, Венгрияда да,
Чехословакияда да жеке меншік иелері жеткілікті сақталынған-ды. Нарық
психологиясы мен оған тəн мінез-құлық біздегідей атымен жоғалып
кетпеген-ді. Ол мемлекеттерде коммунистік режим тұсында-ақ нарық
қатынасына көшу басталған-ды. Титоның Югославиядағы, Ярузельскийдің
Польшадағы, Кадардың Венгриядағы реформалары – соның дəлелі.
Оның үстіне, бұл мемлекеттерде көппартиялы құрылым бар еді.
Əрине, коммунистах партия үстемдік етті. Алайда Шығыс Европада
либералдану саясаты жоғары дəрежеде жүзеге асты, ал кейінгі жылдары,
əсіресе 80-жылдары Батыстан көмек алатын оппозициялық күштер тым
күшейіп кетті.
Екіншіден, əлгі жағдайларды ескере отырып, Батыс оларды шығыс
одақтан шығарып алуға көп күш жұмсады; билікке келген реформаторлар
сырттан келетін көмекке де сүйенді, ел ішінен де əлеуметтік-экономикалық
үлкен қолдау тапты. Экономикалық өзгерістер жасау тəжірибесі де
жеткілікті еді.
Үшіншіден, бұл елдер Маршалл жоспары тақілеттес қолдау
көрсетілу мүмкіндігі бар еді. Алайда кейінгі тарих көрсеткендей, бұндай
қамқорлық оларға да жасалмады. Тіпті Шығыс Германияның өзі көптеген
қиындықтарға кездесті. СЭВ елдерінде ең сапалы саналған ГДР өнеркəсіп
өнімдері жаңа рынокта сұраныс таба алмағаны елде үлкен əлеуметтік
қобалжу туғызды. Бұл елдердің жаңа сапаға көшуі əр мезгілде, тіпті Кеңес
Одағы өмір сүріп тұрған кезде жүзеге асты. Ал Одақтың күйрегені
Батыстың көмегін дəмететін жаңа 15 мемлекетті бірден дүниеге əкелді.
Ең
соңында
айтқымыз:
мінез-құлық
қалыптастыратын
психологиялық фактордың да маңызы жоғары еді. Шығыс Европа елдері
тек Екінші дүниежүзілік соғыстан соң ғана нарық экономикасынан
аулақтады. Бұл елдер қырық жыл бойына күйзелісті хал кешті: халық
60
авторитаризм режиміне мойын ұсына қоймады. Венгриядағы 1956 жылғы,
Чехословакиядағы 1968 жылғы, Польшадағы 80-жылдарғы оқиғаларды
еске алсақ та жеткілікті.
ТМД елдері экономикасын Шығыс Европадан өзгешелейтін басқа да
сипаттар аз емес еді. Əсіресе, біртұтас халық шаруашылығынан мұраға
қалған сипаттардың ықпалы өте күшті еді. Ең алдымен, өңдеуші жəне
өндіруші, ауыр жəне жеңіл өнеркəсіп арасындағы сəйкессіздік көп қиянат
келтірді. Кеңес Одағында тек қатал жоспарлы экономикада ғана кездесетін
«алтыншы өнім» дейтін ұғым болды. Ол өнім ешқашан сұраныспен
пайдаланылып көрген емес, бірақ Орталықтан берілген жоспар мен
бұйрықты орындап, жалпы өнімнің көлемін толтыру үшін өндірілетін.
Шығыс Европа бұндай қолайсыздықтан нарықтың бастапқы тұсында-ақ
құтылып үлгерді.
Ал біздің елдерімізге əлемдік шаруашылық байланыстармен біте
қайнасып кетудің қиын екендігі сол кезде-ақ түсінікті болып еді. Өйткені
əлемдік шаруашылықтағы барлық орындар мен қызметтердің əлдеқашан
иелері бар еді. Оның бəрі əлдеқашан бөлініп қойылған еді.
Ахиреттің ақыры
Тамыз төңкерісінің егжей-тегжейіне келсек, бір-екі деректі айтпай
кете алмас едім. Ол оқиға болар кезең мен болып өткен соңғы жағдайды
жете түсінуге өз септігін тигізері хақ. Мазасыз тамыз күндері қарсаңында
Б.Ельцин Алматыға келді. Одақты жаңартудың жалпы бағытын келісіп алу
керек болды. Кездесуіміздің қорытындысы ретінде, 1991 жылғы 17 тамызда
«Егеменді мемлекеттер Одағы тұрақғылығының кепілдіктері туралы»,
«Біртұтас экономикалық кеңістік туралы» бірлескен мəлімдемелерге қол
қойдық.
Біз көтерген бастаманың негізгі мазмұны мынандай еді:
«1. Барлық республикалар басшыларына он бес егемен мемлекеттің
басшыларының,
біртұтас
экономикалық
кеңістік
қалыптастыруға
байланысты экономикалық жəне əлеуметтік мəселелердің толық жүйесін
талқылау мақсатында, кездесетін жері мен уақытын келісу ұсынылсын.
2. Мынандай күн тəртібі ұсынылсын:
- барлық
республикалардың
экономикалық
келісімінің
байыптамасын жасау;
- экономикалық келісімді дайындау мерзімі мен кезеңдерін, қол
қою шарттарын келісу;
- республикааралық экономикалық кеңес құру жəне оның Егемен
61
мемлекеттер Одағы туралы Келісімшартқа қол қойған бойда бастап кететін
қызметі қағидаларын талқылау».
17 тамызда біз КСРО Президенті М.Горбачевтың атына Үндеу
қабылдадық. Онда былай делінген: «Əзірбайжан мен Армения арасындағы
қантөгісті жанжал төрт жылға ұласып барады. Оның шығу төркінін,
жанжалдасушы жақтардың жауапкершілігін əрқилы бағалауға, түбегейлі
үйлестіру үлгісін əр түрлі бағдарлауға болады. Алайда осынау өркениетті
халықтар қауымдастығы үшін масқаралық болып табылатын қантөгісті
қырғынға тыйым салу керектігі еш күмəн туғызбайды. Əйтпесе, бұл
жанжал жаңа қарқын алып, еліміздің басқа аймақтарын қамти бастауы
ықтимал.
Кездесіп отырған қиындықтар күш көрсету əдісімен шешілмейді.
Оған талпыну қайда да, қашан да теке тіресті одан əрі ушықтырып жəне
ұлғайтып, жаңа құрбандар мен жаңа адам құқын жаппай бұзушылыққа
ұрындырып отырған. Одақтық басшылықтың дəйекті бағытының жоқтығы
өрескел саяси қателіктерге жол берді. Жанжалды дер кезінде өшіру
мүмкіндігі еш кетті. Қазір мəмілегерлік əрекеттер мейлінше қажет. Егемен
республикалар басшылары да жауапкершілік үлесін өз мойындарына
алулары керек.
Біздің ұсыныстарымыз мынандай:
I. КСРО Президенті Əзірбайжанда тұратын армян, Арменияда
тұратын əзірбайжан тұрғындарынын беделді жетекшілерін, бұл аймақтағы
ахуалға шын ықпал ете алатын күштердің барлығын қатыстыра отырып,
жанжалдасушы жақтардың басшыларымен тікелей келіссөзді жедел бастау
жолында шешуші қадамдар жасайтын болсын. Бұл ретте қандай да болсын
алдын ала шарттар ұсынудан бас тартқан жөн. Бұл ағайынды ағайын
өлтіретін қантөгісті одан əрі асқындырудың қауіптілігінен туындап отыр.
КСРО Президенті келіссөзге тікелей өзі қатысып, даусыз табысқа жетуге
барша беделі мен ықпалын аямай жұмсасын.
2. Егер жанжалдасушы екі жақ қажет деп тапса, біз келіссөздерді
əзірлеу мен өткізуге ара ағайын боп қатысуға, Сізбен бірге алынған
шешімнің орындалуына кепіл болуға əзірміз. Əрине, ара ағайындар
санатын ұлғайтуға болатынын түсінеміз.
3. Келіссөз мазмұнына оқ атуды тоқтатуды, жанжалдасушы
жақтарды ажырату жəне бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауды қоса
алғанда, барлық даулы мəселелер түйіні түгел жатқызылсын. Армения мен
Əзірбайжаннан қашып жатқан босқындар мен олар безіп кеткен
аудандардың статусын анықтау мəселелері кейінге қалдырмай, шұғыл
62
шешуді талап етеді. Жүйелеудің бастапқы кезеңі жайлы ақылға қонымды
ұсыныстар жуық арада екі республика басшыларына жолданған болатын.
4. БізСіз, КСРО Президенті ретінде, келіссөз барысында
пысықталатын
құқықтық
құжаттар
қабылдайды
жəне
ТКАО
конституциялык, өкімет органдарының қызметін тоқтататын жарлық
қабылдайды деп санаймыз. Кеңес əскерін жанжал аймағындағы уақытша
шек айырығын қорған тұрудан басқа қызметке пайдалануды шұғыл
тыятын айрықша шешім керек деп білеміз. КСРО Қарулы Күштерін
паспорт режимін қадағалауға, қаруларды алуға, екі жақтың елді
мекендеріне бақылау орнатуға пайдалану мейлінше қажетсіз деп ұғамыз.
Екі республика Ішкі істер министрлігі күштерінің жұртқа əскер қаруын,
əсіресе ауыр əскер қаруын таратуына үзілді-кесілді тыйым салған дұрыс
деп санаймыз.
Біздің ұсыныстарымыз осындай. Əрине, бұдан басқа да ұсыныстар
шығуы мүмкін. Ең бастысы - осы бір тек екі республика ғана емес, одақ
əскері қатысып отырған, алдын ала жарияланбай басталған соғысты
мүмкіндігінше тезірек тоқтату. Əйтпесе, біз қол қоюға əзір отырған Егемен
мемлекеттер
Одағы
туралы
Келісімшарттың
маңызы
өз-өзінен
құнсызданып шығары сөзсіз».
Бұл құжаттар баспасөз мəслихатында да жария-ланды. Еске сала
кетейін, Ресей Федерациясы мен Қазақстанның аумақтық бүтіндігін сақтау
«біздің ортақ пікіріміз бойынша, елімізді құрап отырған мемлекеттердің аяқ
асты ыдырап кетуін тоқтататын маңызды кепілдік» деп саналған-ды.
Ол кезде жұрт Ресейді «қайта құрудың» толып жаткан жаңа
жоспарларының əсерімен жүрген-ді. Шекараны қайта белгілеу жайлы
үндеулер де ашықтан- ашық айтылып қалып жатқан-ды. Біз бір елдің жерін
екінші елге тартып алып беру туралы ешқандай сөз болуға тиісті емес
екендігін анықтап айтқанбыз. 17-18 тамыз өте бір қауырт та ауыр күндер
болғанын айта кеткен жөн. Өз басым ол кезде жоғарғы жақтағы саяси
ахуал мейлінше шиеленісіп бара жатқанына қарамастан, қандай да бір
драмалық ахуал орнай қояды деп ойлаған емеспін.
20 тамызда одақтық келісімшартқа қол қойылмақшы еді. 16-17
тамыздағы, Қазақстан мен Ресей арасындағы протоколға қол қою рəсімінде
сөйлеген сөзімде журналистерге: «... Тап күні ертең Борис Николаевич
екеуміз 20 тамызда республикалар парламенттерінің тапсыруы бойынша,
келісімшартқа қолдарымызды қою үшін Мəскеуге ұшамыз», - деген
болатынмын. Бірақ тағдырдың жазуы басқаша болып шықты...
Б.Н. Ельцин өз кітабында Қазақстандағы жылы қабылдау мен
63
аэропортта ұшақтың кешігіп ұшқаны қатты қобалжытқанын жазады.
Расында да, Қазақстан Б. Ельцинді жылы қабылдады. Мен, үй иесі
ретінде, Борис Николаевичтің өз үйінде жүргеніндей сезінуі үшін
қолымнан келгеннің бəрін істедім.
Қонақжайлық - қазақтардың көп ғасырдан келе жатқан дəстүрі.
Алайда оның «əлдеқандай асыра төгіліп, асыра шашылу» сияқты боп
көрінуі, тіпті «қайдағы бір беймағлум, түсініксіз қобалжу» шақыруы
таңғалатындай нəрсе. Қайталап айтамын: менде 19 тамыздың таңына дейін
оқиға қандай да болсын шиеленіскен бағыт алады деген сезім болған емес.
Тап сол күндері Б.Н.Ельцин де тап мендей сезімде болды деп сеніммен айта
аламын.
Жағдайдың ол кезде де ауыр екені рас еді. Ал шын оқиғалардың
қалай өрбіп жатқанынан біз атымен хабарсыз едік. Кез келген нəрсе есте
қала бермейді. Ал мына бір жайт жадымда қалыпты. 19 тамыз күні
таңертең үйден шықтым... машинам көзіме түспеді. Сол арада, біреу кеп,
тұтқынға алса, таң қалмаған болар едім. Сөйтсем, жүргізуші көлікті
көлеңкеге қойыпты да, менің шыққанымды байқамай қалыпты.
М.С. Горбачевпен хабарласуға талаптанып көріп ем, ештеңе өнбеді.
Республикалық органдардың басшыларын жинадым. Кездесу үстінде
байқағаным: бəрінде де өң жоқ, түс жоқ. Республиканың сол кездегі
басшыларының көбі ТЖМК-ге қолдау көрсетуді қажет деп тапты.
Қазақстан КП Орталық Комитетінің, облыстық комитеттерінің хатшылары,
парламенттің кейбір басшылары ТЖМК-ні айыптап сөйлемеуге азғырып
бақты, Кейбір чиновниктер кабинеттерінен М.Горбачевтың суретін алып
тастап жатты. Əлдекімдер бүгінде басқаша сөйлегенмен, шын жағдайдың
сол кезде тап осылай болғаны рас.
Жағдай, шынында да, қиын болды. Болып жатқан əрекеттердің еш
заңсыз екендігіне өз басымның еш күмəны болған емес. Алайда
М.Горбачевқа байланысты, оның əлгіндей кездегі істеген ісіне байланысты
сансыз сауалдар туды. Алдында ғана Б.Ельцин екеуміз Одақтың одан арғы
өмір сүруінің жай-жапсары туралы сөйлескенбіз. Екеуміздің ойымыз
көбінесе бір жерден шығып жатты.
Біз Қазақстанда төтенше жағдай жариялаудан атымен бас тарттық.
Қабылдаған мəлімдемемізде ТЖМК-ні айыптадық. Онда: «...Үш адамның,
КСРО жəне республикалар Жоғарғы Кеңестерінсіз құрған комитеті алдын
ала заңсыз болатын құжаттар туғызды: ол құжаттар, басқаны былай
қойғанда, республикалардың өз егемендіктері туралы декларацияларымен
еш қабыспайды...», - делінген болатын.
64
Мен үшін Мəскеуде конституцияны белден басқан мемлекеттік
төңкеріс болып жатқаны айдан анық еді. Алайда болып жатқан ахуалды
бағалау - бір мəселе де, одан шығатын жолды дұрыс табу - екінші мəселе.
Ең алдымен, республикадағы орнықтылықты сақтап, ешқандай шиеленіске
жол бермеу керек болды. Бақытымызға орай, ол қолымыздан келді.
Оқиғалардың жай-жапсары ашыла келе, төңкерісшілердің жеңілетіні белгілі
болды. ТЖМК құрамындағыларды жақсы білетін маған ол əуел бастан-ақ
түсінікті жағдай еді. Жалғыз- ақ сескенетін нəрсе - билік басында қалу
қамында жүріп, бірдеңені бүлдіріп алмаса жарағандары...
Алмағайып кезең - кісінің басына үлкен сын. Қазақстанла тамыз
оқиғаларына байланысты ешқандай сот та, саяси істер де қозғалған жоқ.
Бұл - біздің əбден ойланып-толғанған шешіміміз еді. Өмір бақи тар
қыстақта өмір сүріп, əлгіндей екі ұдай кезде психологиялық, моральдық
тосқауылдарды бұзып-жарып шыға алмаған кісілерді кұстаналап, басын
шатуға кім-кімнің де қақысы жоқ шығар.
Қазір КСРО-нын жетпіс төрт жылдық тарихындағы бір жұмбақ
беттер боп қалған сол бір оқиғаның жай- жапсарын сөз еткенде,
кейбіреулер бəрін де сыртқы дұшпандардың тіміскі əрекеттерінен көреді.
Ал мен өз өмірлік тəжірибемнен, сол кездегі жағдайдан жеткілікті
хабардарлығымнан шыға отырып, келген қорытындым: бəрі де М.
Горбачев пен айналасының билік тізгінін қолдарынан шығарып ап,
бейбастықтарға жол беріп қойғандықтарынан болды. Билік, бейнелеп
айтқанда, Мəскеу көшесінде аяқ асты боп, жерде жатты. Саяси еркі
жеткілікті шыңдалған Б.Н.Ельцин жерде жатқан билікті жерден көтеріп, өз
қолына алды. Əрине, жағдайды дəл осыншама ширықтырған түп
себептердің ұзын тізбесін естен шығаруға болмайды. Алайда тап сол
кездегі нақты жағдайдың тап осындай болғаны рас.
Сондықтан да кейінгі оқиғаларға, əсіресе ядролық, қаруға
байланысты батыстың үлкен державаларының басшыларының айрықша
қам жегеніне қарап, 1991 жылдың тамызында жоғарыда мен айтқан
себептің шешуші қызмет атқарғанына көзім жете түседі. Төңкеріс, егер ол
төңкеріс деуге сыятын болса, ең бір ақылға сыймастай жаман сценарий
бойынша ұйымдастырылған. Əйтпесе, күш қолданудың небір мықты
тетігіне ие жүйе, қолындағы сондай мүмкіндікті қалай пайдалана
алмағанына əліге дейін түсінбеймін. Оны қайдағы бір сырт себептермен
түсіндіру - тарихи оқиғаның шын кейпін əдейі бұрмалап көрсетумен
барабар нəрсе.
1991 жылдың тамызынан кейін, «процесс», шынында да,
65
құйындай «жүйтки» жөнелді. Халық депутаттары съезін кезектен тыс
шақыруға əзірлік басталды. Маған үлкен жұмыс жүргізуге тура келді.
Əрқайсысы əр жаққа тартқан ел басыларының бəрі де құлақ асатындай
ортақ шешім табу жолында күш-жігерімді салып бақтым. КСРО Президенті
М.Горбачев пен одақтас республикалардың ең жоғарғы басшыларының
мəлімдемелері əзірленді. Оны съезде жариялау маған тапсырылды. Сол
бойда республика басшыларының қолдауымен мəлімдеме тексіне Егемен
мемлекеттер Одағы мен экономикалық одақ құру туралы Келісімшартқа
қол қоюды əзірлеу керектігі жайында жаңа тұжырым қосылды.
Қазақстан сол кезде бетімен лағушылыққа жол бермеу жолында не
керектің бəрін істеді. М.Горбачев ол пікірді қостады. Керекті құжаттарды
əзірлеуге
республика
өкілдері
кірісті.
Жұмысқа
Мемлекетаралық
экономикалық Комитет төрағасының орынбасары Г.А. Явлинский
басшылық етті. Бір-бірімен біте қайнасып кеткен біртұтас экономиканы бір
сəтте бөліп əкетудің қауіпті екенін дəлелдеп бақты. Экономикалық Одақ
құрмай болмайтындығына небір даусыз дəлелдер тапты. Мен де оны
қолдадым. Қарашаның басында барлық үкімет басшыларын экономикалық
келісім жөнінде алдын ала мақұлдасу үшін Алматыға жинадық.
Г.Явлинскийге тағы да əр бап бойынша түсініктеме беруге тура келді.
Ыдырауды тоқтату бəрібір мүмкін болмады. Қатаң орталыққа
бағындырылған саяси жүйенің бел омыртқасындай болып келген
коммунистік партияның ұйымдық құрылымының жойылғаны КСРО
ыдырауын біржолата бітпей тынбайтын процеске айналдырып жіберді.
1991 жыл, шынында да, дəуірлік сипат алған айтулы оқиғалар өткен
жыл болды. Ресей, Украина, Беларусь басшыларының Беловежьедегі
мəлімдемесіне сан қилы бағалар берілуде. Мен 1991 жыл оқиғаларын одан
бұрынғы тарихтан бөле-жара қарауға болмайтындығын жоғарыда
айтқанмын. Беловежье, əрине, таза стратегиялық тұрғыдан келгенде, анау
айтқандай, атымен күтпеген оқиға емес еді. КСРО-ның құламай
қоймайтынын жұрттың бəрі де білді. Тек оның алдын ала біліп болмайтын
арналармен жүзеге асып, саяси күштердің шиеленіскен теке тірестеріне
айналып кетуі де мүмкін еді.
1991 жылғы 8 желтоқсанда мен Мəскеуге ұшып бардым. Күтпеген
жерден Внуковода Б.Ельциннің өкілі қарсы алып, құжатқа қол қою үшін
тездетіп Беларуссияға ұшу керек екенін айтты. Əрине, мен ондай аяқ асты
сапардан бас тарттым.
Ертеңіне М.Горбачев, Б.Ельцин жəне мен - үшеуден-үшеу бас
қостық. Б.Ельцин Беловежьеде қабылданған шешімдерді егжей-тегжейлі
66
баяндап берді. М.Горбачев пен Б.Ельцин арасында екі сағат бойына
Беловежье шешімінің мəн-мағынасы бойынша, жүйке шамырығардай қызу
əңгіме болды. Мен олардың екеуінің əңгімелерін тыңдап отырдым. Ел үшін
жəне бір қазанға бастарын сыйғыза алмаған екі лидер үшін өкініш сезімі
билейтін. Бірақ əңгімелері жараспайтын.
Мұндай жағдайда мен өз елімнің мүддесін ойлауға тиісті болдым.
Өйткені Беловежьеден кейін жағдай құқық тұрғысынан да, саяси тұрғыдан
да атымен өзгеріп кетіп еді. Мен тездетіп елге оралдым...
Ол кездегі ең басты гəп - шекараларды қайта қарау, славян
құрамасын құру мəселесінің өткір қойылғандығында еді.
Төрт республика – Ресей, Украина, Қазақстан жəне Беларусь
басшыларының М. Горбачевпен кездесуі 9 желтоқсанға тағайындалды.
Онда шын мəніндегі конфедеративтік одақ құруға қол қоюдың мерзімі
келісілуі керек еді. Орталық Азия республикаларының басшылары менің
хабарымды күтіп отырды. Өзбекстан Президенті И.Кəрімов ашық айтты:
«Менің де атымнан сөйле. Жаңа жылға дейін біржақты шешіп тынуға
көндір. Əйтпесе, Ресей 16 желтоқсаннан бастап барлық батғны босатқалы
жатқанын бəріміз естіп отырмыз. Бұның артының не болатынын олар біле
ме екен?» - деген.
Қайтып келісімен, Ислам Əбдіғаниұлына, сосын ортаазиялық
республикалардың басқа басшыларына телефон соқтым. Шұғыл кездесіп,
бір келісімге келуіміз керектігін айттым. И.Кəрімов маған бастаманы өз
қолыма алуды ұсынды. Қалғандары да соған пəтуаласты. Мен С.Ниязовқа
телефон соғып, Орталық Азия республика басшыларының бəрін
Ашғабадқа шақыруды ұсындым.
Жұрт қазір көп нəрсені ұмытып қалды. Ол күндерде славяндардың
жəне Тəжікстанмен бірге түркілердің екі одағын құру табалдырығында
тұрдық.
Мен бұрынғы КСРО аумағында түркілер жəне славяндар одақтарын
құру сценарийіне жол бермеуге бар күшімді салдым. Егер ол кезде
мұндайға жол берсек, арада көп жыл өткен сон, біздің қандай кепке тап
болатындығымызды кім білген?!
Сол екі ортада, 13 желтоқсанда Түрікменстан астанасында Орталық
Азия мемлекеттерінің басшылары - С.Ниязов, И.Кəрімов, А.Ақаев,
Р.Набиев жəне мен бас қостық. Келіссөз столына отырысымен, түрікмен
жағы Беловежье шешіміне жауап ретінде, Орталық Азия мемлекеттері
конфедерациясын құру туралы дайындалған жобаны қарауды ұсынды.
Славян басшыларының əрекетін айыптау ұсынылыпты. Арада бес күн өтті,
67
8 желтоқсаннан бері М.Горбачев те, Жоғарғы Кеңес те тым-тырыс. Соған
қарап, бəрі де болған іске риза екен деп қалатындайсың. Ашғабад
кездесуінің ахуалы қандай болғанын осыдан-ақ аңғара беруге болатын еді.
Бiрақ «славяндар» да абыржулы еді. Сағат сайын маған Ашғабадқа
Б.Ельцин, Л.Кравчук, М.Горбачевтың өкілдері телефон соғып тұрды. ТМД
жобасын қолдаудан бас тартсақ, оқиғаның қайда бұрылын кетуінің
неғайбыл екенін олар да жақсы түсінетін еді. Біздің сарапшылар таңғы
сағат беске дейін жұмыс жасап, шешімнің бір нұсқасынан соң бір нұсқасын
əзірлеумен болды.
Ұзақ келіссөздердің барысында, менің бағытымды И.Керімовтың
қостағаны іс тағдырын біржола шешті. Ол да жағдайды мейлінше салқын
қандылықпен бағалап отыр еді. Біздің күш салуымызбен келген шешіміміз:
славян республикаларымен диалогты бастап, КСРО-ның Европа-Азия
кіндіктері бойынша ыдырауына жол бермеу. Қойған шартымыз: ТМД-ға
жай қосылушылар емес, толыққанды құрылтайшылар боп кіреміз. Біздің
əрқайсымызды Минскіге жеке келіп, Беловежье құжатына қол қоюға
шақырды. Ыдыраушылықты бетімен жіберіп, республикалар арасындағы
қарым-қатынаста қойыртпаққа жол беріп, болашақ бірлесудің тағдырын
тəрк етпеу үшін, мен мүдделі мемлекеттердің қатысуымен өтетін келесі
кездесуді Қазақстанда өткізуді ұсындым. Бұл біздің қойған шартымыз еді,
1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматы декларациясының астына 9
республика қол қойғанда, «уһ» деп бір дем алдық. Кейін басқа мемлекеттер
де қол қойды.
Сонымен, Орталық Азия республикалары əлгіндей қиын кезде,
біздің халықтарымызды түркі-славян тайталасынан сақтау үшін бəрін де
істеп бақты.
Евразия: ыкпалдастық пен ыдыраушылық
1994 жылдын ерте көктемі... Бұрынғы одақтастардың əлеуметтік-
экономикалық дағдарысқа белшеден батқан кезі.
Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы - жүз шайыспай ажырасу
болмаса, жамырасып қайта табысуға қауқары жетпейтініне көз жете
бастады. Оның талай-талай себептері де бар еді. Интеграция... Бұл ұғым
кім-кімнің де шамына тиді... Ол егемендікпен егіз қозыдай табысып кете
алады деген ешкімнің де ойына кірмеді. Ал саяси оқиғалардың қарқыны
заманы өткен, экономикалық мəнін жоғалтқан керексіздік ғана емес,
ақылға əбден сыйымды, қай жағынан да пайдалы керекті қарым-
қатынастардың да шат-шəлекейін шығарып, күйрете бастады.
68
Оның үстіне, бұрынғы одақтастар он жылдап қалыптасқан бірлескен
күш-қуатты сақтап қалудың орнына, біреуі - Батыспен, біреуі Шығыспен
ым-жымдасып, шапағатты шалғайдан күтіп, ашылған араны алшайта түсті.
Евразия Одағы байыптамасы үстіндегі жұмыс осындай жағдайда
басталды. Алайда мұндай бастаманы түсіне қою саясаткерлерге, мемлекет
басшыларына, халықтарға оңайға түспеді. Бəрімізге де күллі дүниені ақ пен
қараға бөліп, атыстырып-шабыстырып қарайтын көзқарастан бас тартуға
тура келді. Ол кездегі таластар ондай көзқарастың əлі мансұқталып
болмағанын көрсетті. Не егемендік, не интеграция - екініңбірі... Мəселені
бұлай түсінушілік те дүниеге деген əлгіндей көзқарастан туындап жатқан-
ды. Бұл екі ұғым бірін-бірі толықтырады деген ешкімнің ойында болған
жоқ. Екеуі екі қиян құбылыс саналды.
1994 жылғы ТМД мен онын ұйымдары қолда бар ықпалдастық
мүмкіндігін толығымен іске асыра алмады. Əрине қалыптасу үстіндегі
ұйымның ондай өрелі міндетті оңай жүзеге асыра алмайтыны түсінікті еді.
Алайда біздегі қалыптасу кезеңі экономикамыздың əуелден өзектесіп
кеткендігіне, халқымыздың саяси-əлеуметтік құлқы мен қоғамымыздың
саяси-əлеуметтік
құрылымының
бірдейлігіне,
елдеріміздің
көп
ұлттылығына, тарихи дəстүрлеріміздің тамырластығына қарамастан, тым
ұзаққа созылып кетті.
Бұның бəрі ұлттық-мемлекеттік құрылыс процесін мемлекетаралық
ықпалдастық процестерді сақтап, дамыта отырып жүргізу керектігін
көрсетеді. Тарихтың айтқанына жүгінсек, əлемдік қауымдастыққа XX
ғасырда қалыптасқан ықпалдастық негізге сүйене отырып, күллі
Достастықтың бірлескен қимыл-əрекетімен ат салысқанымыз тиімді.
Халықаралық
бірлестіктер
тəжірибесін
ұзақ
зерттеп,
ТМД
елдеріндегі жағдайды жете талдап, тиісті мамандармен ақылдаса-кеңесе
жүріп, ықпалдасу процесін тездету керек екен деген қорытындыға келдім.
Бірақ кез келген бастамаға кіріспес бұрын, тиісті қоғамдық пікір əзірлеу
керек екендігі белгілі.
Жаңа ықпалдастык, қалыптастыру қажеттілігі жөніндегі ой
ұштығын алғаш peт 1994 жылы көктемде, Ұлыбританияға барған
сапарымда айттым. Королеваның халықаралық проблемалар институтында
сөйлегенімде: «...бұрынғы кеңестік кеңістіктің дамуында екі пиғыл бой
көрсетіп отыр: бір жағынан - ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру, екінші
жағынан - ұлттық - ТМД елдерін одан əрі ықпалдастыра түсу. Тəуелсіз
Мемлекеттер Достастығының өзін реформалаудың қажеттігі туып отыр. Ол
бұл аймақты орнықтылық пен қауіпсіздік белдеуіне айналдырып, саяси
69
жетілудің болашағын алдын ала біліп отыру дəрежесін көтере түсер еді».
Евразиялық одақ қалыптастыру идеясын 1994 жылы Мəскеудің
К.Ломоносов атындағы университетіпндегі лекцияда егжей-тегжейлі
баяндадым. Мұндай бастаманы Ресейдің ең ежелгі университетіндегі
ғылыми элитаның бірден құптайтындығына сенгенмін. Қателеспеппін.
Сол бойда-ақ бір топ ғалымдар бұл ұсынысты қызу қолдады. Бұл идеяны
бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқылауға да ғалымдар
мұрындық болды. Əрине, ескертпелер, ұсыныстар, сындар да айтылмай
қалған жоқ. Ең бастысы, істің орнынан қозғалғанына қуандым.
1994 жылдың қыркүйек айында Алматыда: «Евразия кеңістігі:
ықпалдастық мүмкіндіктері жəне олардың жүзеге асуы» деген тақырыпта
ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Оған Достастық елдерінің
барлығынан мемлекет, қоғам, саяси қайраткерлері, ғалымдар, бұқаралық
ақпарат өкілдері қатысты. Конференцияға қатысушылар өздері қабылдаған
қорытынды құжатта: «Мемлекеттердің Евразия Одағы идеясын жəне басқа
ықпалдастық
жобаларын
пайдалана
отырып,
ТМД
ықпалдастық
мүмкіндіктерін бекіте түсу жолында қадамдар жасауды» ұсынды.
Демократиялық
реформалардың
халықаралық
қозғалысы
ТМД
мемлекеттері басшыларының Мəскеудегі кездесуіне «Евразия Одағы болуы
керек» деген үндеу жолдады. Онда тəуелсіз мемлекеттердегі алпыстан
астам
ұжымдық
қатысушылар
атынан
Қазақстан
Президенті
Н.Назарбаевтың бастамасын қолдау қажеттілігі айтылды: «Бүгін ТМД бұл
қалпында өмір сүре алмайтыны анықталып отыр. Ынтымақтастықтың жаңа
түрлері, экономикалық, қорғаныстық, дипломатиялық, экологиялық жаңа
шарттар жасасуы қажет». Олардың қызметін жүргізетін бірлескен
құрылымдар құру керек. Ол ғасырлар бойы қоян-қолтық өмір сүріп, бір-
біріне қолдау көрсетіп келе жатқан халықтарға қажет». Демократиялық
реформалардың халықаралық қозғалысының бастамасымен ұйымдасқан
«Жаңа келісімге» атты форум Евразия Одағын құруды толығымен қолдады.
1994 жылғы 18маусымда өткен «Евразия қауымдастығы: əр алуандықтан
туындайтын тұтастық» атты конференциям бұрынғы кеңестік кеңістіктегі
30 партия мен 60 қоғамдық қозғалыстың өкілдері қатысты. Олар
халықтарға, парламентшілерге, мемлекет басшыларына үндеу қабылдап:
«Біз Қазақстан Президенті Н. Ə.Назарбаев жасақтаған Евразия Одағы
жобасын қолдаймыз жəне мемлекет басшыларын оған өз халықтары
мүддесі тұрғысынан қарауға шақырамыз», - деп мəлімдеді.
Бұл - Евразия Одағын қалыптастыру бастамасына үн қосқан
пікірлердің бір парасы ғана. Сол кезде «Мемлекеттердің Евразия Одағын
70
қалыптастыру туралы» жобасы үстінде қызу жұмыс жүріп жатты. Ол 1994
жылдың маусымында жарияланды. Құжат барлық ТМД мемлекеттеріне,
ТМД атқару секретариатына, басқа да ұйымдарға жіберілді, БҰҰ-да
таратылды.
Ешқандай əсірелеусіз айтсақ, «Мемлекеттердің Евразия Одағын
қалыптастыру туралы» жоба 1994 жылы ТМД елдерінің баспасөзінде ең
көп назар аударылған бастама болды. Шолушылардың көбі оны «ең
тосын», «ең күшті əсер туғызған» жоба деп бағалады. Идея құнарлы
топыраққа түсіп, əрқилы ортада күшті қолдау тапты деп айтуға əбден
болады.
Артынан, алғашқы лебіздер əбден тадданып, Евразия Одағын (ЕАО)
қалыптастыру жобасының тыңғылықты нұсқасы жасалып, ол Достастық
елдері басшыларына жіберіліп, БҰҰ-да таратылды, ТМД мемлекеттері
басшыларының 1994 жылғы қарашадағы Мəскеу ұшырасуының күн
тəртібіне кіргізілді.
Мен сонда не ұсынып едім? ЕАО жобасында ТМД механизмдерін
жетілдіру, оны бірігудің бірден-бір түрі депп қарамау керектігі айтылды.
Тəжірибе көрсеткендей, ТМД елдерінің одан арғы дамуы олардың
əрқайсысының ішкі мүмкіндіктерінің жетімсіздігінен тұралап отыр, Ол
мүмкіндіктер
бұрынғы
кеңестік
кеңістік
елдерінің
экономикалық
ықпалдастығын жаңа нарықтық негізде жүзеге асырғанда ғана дами алады.
Мұраға қалған бірыңғай халық шаруашылығы комплексі құрылымдарын
тот баса бастады. Дəурені өткен экономикалық байланыстар да өз-өзінен
күйрей бастады, Сонымен бірге біздің елдеріміздің жақын жəне алыс
келешектегі экономикалық мүдделеріне жауап беруге тиісті қалыптасқан
технологиялық байланыс та бұзылды.
ТМД елдерінің бəрі де нарық экономикасына көшуге бет
бұрғандықтан, мен бұрынғы Одақ елдері экономикасын реформалауда күш
біріктіруіміз керек деп санадым.
Нарық реформасын ойдағыдай өткізудің маңызды кепілінің бірі
ТМД елдері ұлттық заңгерлігін жетілдіру болып табылады. Осыған орай,
мен шаруашылық қызметтерінің заңдық негіздерін бір-бірімізге жақындата
беруге ұсыныс жасадым. Өйткені олардың арасындағы айырмашылық
экономикалық ықпалдасу процесіне елеулі кедергі келтірді.
Əрине, жобада ТМД қауіпсіздігі мəселелеріне де көп назар
аударылды. Достастық мемлекеттерінде, сондай-ақ сыртқы шекарамыздың
бүкіл аумағындағы сол кездегі жағдайды ескере отырып, мен бұрынғы
кеңестік кеңістіктің əрқилы жанжалдар етек алып, ТМД-дан тысқары
71
шиеленіс ошақтарының ықпалына да ұшырап, орнықсыздық аймағына
айналып отырғандығын ашық айтуды қажет деп таптым. Сыртқы
шекараны қорғау жəне кикілжің аймақтарындағы жағдайды қалпына
кслтіру мүдделі мемлекеттердің бірлескен қимылдары арқылы ғана жүзеге
асып, қорғаныстық сипаттағы мəселелер төңірегінде бірауыздылық
танытуды талап етеді.
Экологиялық қауіпсіздік мəселесі тағы бар. Ол ТМД елдерінде əліге
дейін шешілген жоқ жəне өткірлене түсуде. Ондай өзекті мəселені де əркім
өз бетінше шеше алмайды. Гуманитарлық ықпалдастықтың да тиімді
тетіктері ұсынылды.
Ол кезде Евразия Одағы жобасын əркім əр түрлі қабылдады. Бірақ
үзілді-кесілді теріске шығарған да ешкім бола қойған жоқ. Жоба
жарияланғаннан кейінгі екі жыл бойына осындай екі ұдай көзқарас етек
алды. Жалпы, көптеген саясатшылардың пікірі маған: «бір жағынан
қарағанда, дұрыс та сияқты, бірақ бірдеңеге ұрынып қалып жүрмейік», -
деген белгілі аққаптал қағиданы еске түсіреді...
Мен бұрынғысынша кешегі кеңсстік кеңістіктегі ықпалдастықты
жақтаймын. Ықпалдастық жайындағы өз пайымдамамды екі жыл бұрын
қалыптастыра отырсам да, сол кезеңнің саяси жағдайын жеріне жете түсіне
отырып, жобаның барлық қағидалары бірден жүзеге асып кете қояды деп
ойлаған жоқпын. Маған екі түрлі себеп түрткі болды. Біріншісі - кешегі
кеңестік елдерінде бір уақытта туындап жатқан бұдан былайғы
ықпалдастықты дамыту жайындағы ұсыныстардың көңілге қонымдыларын
сұрыптап, жалпы жинақтама жасау. Екіншісі - ТМД институттары
қызметінде тым ұзаққа созылып кеткен босбелбеулікті тыйып, жаңа қарқын
бітіру.
Меніңше, екі мақсатым да жүзеге асқан сияқты. Жұртшылық
назарына ұсынылған Евразия Одағын қалыптастыру жобасы алыс елдердің
де, жақын елдердің де бұқаралық ақпарат құралдарының аузына ілігіп,
ғылыми ортада қызу айтыстар туғызып, əлденеше конференциялар
шақырылды. Тек ТМД елдерінің өзінде баспасөзде бірнеше жүздеген
мақалалар басылып, бірнеше рет ірі-ірі халықаралық конференциялар өтті.
Соңғы екі жылдың ішінде ТМД елдері талай мəселені қолға алды.
Халықаралық экономикалық комитет құрылды. Кеден одағына келісімшарт
жасалды. Жобада оң пиғыл, теріс пиғыл ретінде атап өтілген талай
құбылыс іс жүзінде дəлелденді.
Мəселен, ТМД кешегі кеңестік кеңістіктегі ықпалдастықтың бірден-
бір түрі болып қала алмайтындығы, сондықтан аймақтық жəне салалық
72
бірлестіктер қалыптастыру керек екендігі жобада ашық айтылған-ды.
Уақыт ол пікірдің дұрыстығын дəлелдеп, үш мемлекеттің Кеден одағы,
Орталық-Азиялық одақ т.т. ықпалдастық түрлерінің дүниеге келгеніне куə
болдық. Таяу жылдарда тағы да талай түрлер жүзеге асатынына еш
күмəнданбаймыз.
ЕАО жобасы жақын уақытта ТМД елдерінің дамыған экономикалық
одақтарға тең құқылы ықпалдас боп кіре алмайтындықтарын жақсы
сезінгендіктен туған-ды. Солай болып шықты да. Басқа технологиялық
жəне басқа құрылымды экономикалық аймақтарға дендеп енудің əншейін
құрғақ қиял екендігіне көз жете бастады. Дей тұрсақ та, біздің
мемлекеттеріміз Батыс пен Шығыстың аса ірі халықаралық ұйымдарына
белсене ат салысып келеді. Мəселен, Қазақстан ЕҚ- ЖҰ, Экономикалық
ынтымақтастық ұйымы жəне басқаларының жұмысына белсене араласа
бастады.
Алайда бұл біздің кешегі кеңестік кеңістіктегі ықпалдастықты
жақтауымызға жəне оны басым міндет санауымызға еш кедергі
келтірмейді. Мен, бұрынғысынша, кез келген ықпалдастық сөз жүзінде
қалып қоймай, нақты іске асуы үшін ЕАО жобасында көрсетілген үлгіге
сүйенеді деп ойлаймын.
Менің бұлай ойлауыма себеп не? Бұдан екі жыл бұрын ойға алған
ниет бүгіннің өзінде нəтижесін көрсете бастады. Кеден одағына жуық арада
тағы да үш мемлекет қосылады. Ресей 1996 жылдың басында Қазақстан
шекарасындағы кеден кедергілерін алып тастады. Ал біз жарты жыл бұрын
алып тастағанбыз. Сол екі ортада Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Беларусь
тауар алмасуы күрт көбейгенін атап өтуім керек. Халықаралық
экономикалық комитет қызметінде нақтылық байқала бастады. Аймақтық
дəрежедегі ықпалдастық «ұяластықтары» да қалыптаса бастады. Мəселен,
Орталық Азияда. Тоғыз елдің арасындағы бірлескен қауіпсіздік туралы
Келісімшартқа жəне көптеген екіжақты келісімдерге қол қойылушылық
маңызының зор екенін айтпай кетуге болмайды. Бөліп атайтын бір нəрсе:
азаматтықты оңайлату мəселесіндегі Ресей- Қазақстан келісімшарты да,
«Евразия жобасында» бар қағидалардың бірі еді.
Бірақ уақыт саясаттағы да, экономикадағы да жағдайды өзгертпей
тұра алмайды. Олардың санатына ұлт экономикаларының кұрылымдық
байланыстарының төмендеуін, экономикалық мүдделердің дербестенуі мен
тайталасқа түсуінің өрши бастағанын, саяси кеңістіктің кедір-бұдырын
көбейтетін экономикалық реформа үлгілерінің əр алуандығын, мəдени
бағамдар мен өркениеттік бағдарлардың ара жігінің ашыла түсуін
73
жатқызуға болады.
Үш жыл бұрынғы бір оқиғаны еске алайық. ТМД елдері біртұтас сом
аймағында қалатындықтарына ақырына дейін сенді. Біз онда өте күрделі
экономикалық жағдайға тап болдық. Жас ұлттық ақшаның құны құлдырай
түсті. Макроэкономикалық орнықтылықты жүзеге асыру əдістерін
меңгеруде
орашолақтық
таныттық.
Өнеркəсіп
ұйыққа
батты.
Жекешелендіру бағдарламасына ешкім жете түсіне алмады. Байланыс
үзілді. Əлеуметтік күйзеліс күшейді. Бар мемлекеттердің бəрінде де
осындай ахуал бел алды.
Бірақ ол кезде біз əрқайсымыз өз бетімізбен омбылап көруге тəуекел
еттік. Қыруар қиямет кештік. Қатені де көп жібердік. Көп катемізді өзіміз
түзедік. ТМД-ның көп елдері көбіне өз бетімен əрекет етіп, экономикалық
құлдыраудың ең тұңғиығынан шыға алды. Қаржыны орнықтырудың
тетіктерін меңгерді. Өнеркəсіптік саясатты қайта жандандырды. Тауармен
қамтамасыз етуді сапалық дəрежеде жақсартты. Мұндай күрделі істе жаңа
ықпалдастар мен жаңа мүдделер пайда болмай тұрмайды. Кешегі кеңестік
кеңістіктің экономикалық тұтастығы күрт төмендеді.
Реформадағы
өзгешелік,
əсіресе
шаруашылық
саласының
заңдарының ара жігін тым алшайтып жіберді. ТМД елдері саяси даму
қаркыны да əрқилы жəне əр бағытта.
Оның бəрін көрмеу - əдейі көзжұмбайлық болар еді. Ал мұндай
объективті бағыттарды күшпен түзетуге тырысу шектен шыққан саяси
əулекілік болар еді.
Алайда бұдан ықпалдастыққа жаңа қарқын бітірудің қажеті жоқ
деген қорытынды шыға ма? Əрине, жоқ.
Бірақ ықпалдастықтың жаңа стратегиясы жайында айтпас бұрын,
ықпалдастық жайында кейінгі кезде қалыптасқан кейбір касаңдықтарға
тоқталғым келеді.
Қоғамдық санадағы кейбір аса тауқыметті, бірақ объективті
өзгерістерді былай қойғанда, саяси элитаның ықпалдастық жайындағы
қалыпты көзқарасы баяғы сол тар аядан шықпай келеді. Шартты түрде
оларды ұлттық-дəстүршілдік, қайта қалпына келтірушілік жəне либералдық
сипаттағы деп бөлуте болады. Үлкен Европа мен Үлкен Азияға кіру
жайындағы романтикалық-либералдық ұғымға келер болсақ, оған берілер
жауап өте-мөте тұжырымды: «Бізді онда ешкім күтіп отырған жоқ». Бұл,
əрине, болашағы бар, бірақ ұзаққа созылатын процесс. Бірақ оған асығып-
үсігудің жəне дамыған дүниедегі ықпалдастарды асыра дəріптеудің жөні
жоқ. Өкінішке қарай, ондай аңғал ұғым өз зиянын тигізбей қоймалы.
74
Көбіне-көп қолдан келмес іске ұмтылдық.
Ұлттық-дəстүршілдік жол – алда тұрған мақсатты тым қарабайыр,
тым бұлдыр түсінудің салдары. Интеллигенцияның бір тобы мен
бұқараның неғұрлым əрұдай топтарын мейлінше шабыттандыратын
жолдар көбіне-көп екі негізге сүйенеді.
Біріншіден, олар көздейтін стратегиялық баланс сонау сексенінші
жылдардың аяғында-ақ күйреп қалған-ды. «Күшпен ойластырудың»
қандай жолына да ең кемі бес жыл кешігіп қалдық.
Екіншіден, шынайы ұлттық саяси мүдде, дүниеде қалыптасып
отырған күштердің жаңа арасалмағынан туындайтын жаңа саяси
географиялық ахуалды жіті есепке алуды талап ететінін түсінетін кез жетті.
Меніңше, бəріміздің де достас елдеріміз арасынан ши шығаруы ықтимал
кикілжіңдерді ойлағаннан гөрі, ұлттық қауіпсіздігіміздің стратегиялық
мəселелерін кеңінен қарастырғанымыз лазым. Көңіл əуені, əсіресе ұлттық
сипаттағы ықпалдастық үшін жөнді жолбасшы бола алмайды.
Ықпалдастықтың əлеуметтік қалпына келтірушілік үлгісі сырт көзге
тартымды болғанымен, бір таз телпекті екінші тазтелпекпен алмастыру
болып
шығады.
«Экономикалық
саясатты»
белгілі
дəреже
«əлеуметтендірмей» болмайды. Бірақ оны бұрынғы мемлекетті тірілтумен
шатыстырып алмаған жөн. Айта кететін бір жағдай. Шығыс Европадағы
«солға бұлтару» бұдан бұрынғы сыртқы саяси курсты сақтау ниетімен
жарасымды үйлеседі. Демек, əлеуметтік-экономикалық үлгіні саяси
географиялық ықпалдастық үлгісімен шатыстырып алмай, қалыптасып
отырған жағдайды жан-жақты талдауымыз қажет. Бұндай түсінік ТМД
елдерінің сол қанаттағы саясатшыларының салиқалыларының көбіне тəн.
Меніңшо, ықпалдастықтың күрделі болашағын шыншылдықпен
түсіну тек саясатшыларға ғана емес, интеллектуалдық элитаның да
көпшілігінде жетісе бермейді. Ал жағдайды реалистік тұрғыда түсіну
кейбір түбегейлі қорытындылар жасауға мəжбүр етеді.
Біріншіден, кешегі кеңестік кеңістікті жуық арада тұтасымен ТМД-
дан гөрі тиімдірек бірлестікке біріктіру тым екіталай нəрсе. Қазіргі кезде
бұдан екі жыл бұрын ЕАО жобасында көрсеткеніміздей, екіқарқынды жəне
көпдеңгейлі ықпалдастықты өрбітіп, өзінше «ықпалдастықты орталықтар»
қалыптастыру оңтайлырақ. Əңгіме стратегияны өзгертіп, жаппай бірігіп,
жаппай бір қалыпқа түсуге, соның салдарынан ойдағыдай жүзеге аса
қоймайтын ықпалдастыққа ұмтылудан гөрі, географиялық жағынан
ықшамырақ, саяси бағыттамалығы жағынан нақтырақ салалар мен арналар
бойынша ықпалдасуға көшу турасында болып отыр. Оның үстіне,
75
Орталықтың республикалардағы аймақтық, ұлттық, экономикалық,
əлеуметтік, саяси өзгешеліктерді ескермей, барлық жерде қайта құруды бір
қалып, бір қағидалар бойынша жүзеге асырғысы келген талабы қалай
сəтсіздікке ұшырағанын білеміз.
Ондай біркелкілікке ұмтылу біздің дербес мемлекеттілік дамытудың,
жаңа зкономикалық қатынастар меп сыртқы саяси бағыттамалар
қалыптастырудың белгілі кезеңінен өткен елдеріміздің өзекті мүдделерін
терең түсініп, жете үйлестіре алмасы хақ. Ол аз десеңіз, кейінгі жылдарла
бұрынғы одақтық мемлекет республикалары экономикалық даму жағынан
да əр алуанданып кетті. Мұндай жағдайда бірлесудің қандай да болмасын
əмбебап үлгісі жөпінде сөз ету деген сөз экономикалық реформаны жүзеге
асыруда қол жеткен табыстарымызды өз қолымызбен тəрк ету болып
шығар еді. Егер мемлекеттердің бір тобы дамуы жағынан былайғы
мемлекеттерден ілгері озып кетсе, одан қорқатын ештеңе жоқ. Əлемдік
тарих кез келген ықпалдастық бірлесудің былайғыларды өз төңірегіне
топтастыра алатын жетекшілері болатындығын көрсетіп беріп отыр. Демек,
қосқарқынды жəне көпдеңгейлі ықпалдастық идеясы ұлттық мүддені де,
Достастық қамын да жіті ескеруге мүмкіндік туғызады.
Келісіп алатын бұл жағдай - тұрмыс дəрежесі мен экономикалық
өзгерісі жағынан бір-біріне мейлінше жақын тұрған елдер жаңаша
ықпалдасу орталықтарына айналғандары жөн. Өйткені əлеуметтік-
экономикалық айырманы жоюға ешкім де айта қаларлықтай қаржы бөле
алмайды. Ішкі шетін мəселелер жеткілікті. «Артта қалғандарға» қаржы
жағынан көмектесуге қол қысқа. Алайда бұл мəселені шешудің де жолын
қарастырмай болмайды.
Қазір ықпалдастық орталығын үштік кеден одағы негізінде
қалыптастыра бастаған жөн. Ол үшін əсіресе салық заңын жақындастыру
бағытында табанды еңбек етуіміз керек. Саяси басымдылықтан
экономикалық тиімділік басымдылыққа баса көңіл бөлетін уақыт жетті.
Кеден одағы сондай ықпалдастық бағытқа негіз бола алады. Ықпалдастық
барлық жақтардың экономикалық мүдделері негізінде құрылып, кеңейе
түскені жөн.
Екіншіден, шынайы ықпалдастыққа ең үлкен каyiп күшпен
бірігулікке шақыру мен ұмтылудан туады.
Кешегі кеңестік кеңістік дегенді күлпаршасы шыққан жерден кайта
қалпына келіп, қанат қағып, қайта ұшып кететін ертегінің самұрық
құсымен теңестіруге болмайды. Бір ғана экологиялық мысал келтірейін.
Арал теңізі тек антропогендік себептерлен тартылмаған. Шаруашылық
76
қызметтің кеңейтілген қарқыны құбылмалы теңіз деңгейінің ен төменгі
нүктеге дөп келер кезеңіне тұспа-тұс келген бұл кұбылыстың көп
түсініктемелерінің бірі осындай.
КСРО аумағындағы өзгерістер де бір-біріне тығыз байланысты,
бірақ өз алдына дербес екі процестен əлеуметтік жүйенің ішкі
дағдарысынан жəне экономикалық-географиялық, мəдени-географиялық,
технологиялық-географиялық жəне, ең бастысы, саяси- географиялық
түбегейлі өзгерістерден туындап жатыр. Егер бар гəп, жүйенің ішкі
дағдарыстарына ғана тіреліп тұрса, онда кешегі кеңестік кеңістікті уақытша
дағдарыс құшағындағы ая ретінде дербес қарастыруға болар еді. Бірақ шын
жағдай ондай емес. Бұл кеңістіктегі ыдыраушылықғың тамыры тым
тереңде.
Сондықтан да күшпен бірігушілікке ұмтылу - орнықсыздықты
күшейтіп, қантөгіске ұрындырмай қоймайтын қауіпті жол, болмасты
болдырам дейтін, оралмасты оралтам дейтін бос əуре.
XXI
ғасыр
табалдырығындағы
тиімді
ықпалдастық
тек
экономикалық жəне мəдени ықпалды тиімді жүйелеу арқылы ғана жүзеге
аса алса керек. Оны сыртқы тартымдылығына бола ескі əдістермен жүзеге
асыруға тырысу төтенше қауіпті екендігі даусыз.
Үшіншіден, анық стратегия мен айқын мақсаттар керек. Басты
мақсат тайға таңба басқандай айқын көрініп тұруы қажет. Əйтпесе, ол
əркімнің ішкі есебімен өзгеріп тұратын болса, ықпалдастық жайындағы
жалаң ұрандарға ауыз ауыртудың жөні жоқ. Мен үшін қазіргі кезеңдегі
ықпалдастық бірлесудің мақсаты айдан анық. Ол - тауар, капитал, жұмыс
күшінің еркін қозғалысына кедергі келтіретін кез келген техникалық жəне
алым-салықтық шекараны жойып, ортақ рынок жасау. Біз мұндай мейлінше
айқын мақсатты жүзеге асыруға əзірміз бе, жоқпыз ба? Бұл арада өткендегі
пейіш жайлы желбуаз ұрандар айтып, желпілдей бермей, белгілі бағдар
ұстаған жөн. Жекелеген мемлекеттер ортақ рынокқа көшуге қаншалықты
дайын? Ол ұлттың экономикалық бəсекешілдік қабілетіне, тұрмыс
деңгейіне қаншалықты ықпал етіп, мемлекеттік қауіпсіздікпен қаншалықты
сəйкесе алады? Міне, бұл сауалдарға тыңғылықты жауап таппай
болмайды.
Төртіншіден, шынайы ықпалдасудың қажетті шарты - Достастық
мемлекеттердің өзара іс-əрекеттерін үйлестіруді сыртқы саясаттың ең басты
бағыты деп тану болып табылады. Ол басымдылық тек ішкі
қолданылымдағы саяси науқандарда емес, бірлестіруші экономикалық,
мəдени, саяси құрылымдар жүйесін түзудің жолындағы нақты шаралар
77
арқылы іс жүзінде көрінуі қажет.
Осыған орай ла, жақын тарихи болашақта кешегі кеңестік
кеңістіктегі ықпалдасудың қандай бағытта, нені көздеп өрбитінін
анықтайтын айқындамалар мен айқындамалар тобын іріктеп алудың
түбегейлі мəселесі туындайды. Бұл турасында да бүгін таңда бірауыздылық
таныта алмай отырмыз.
Мұндай жағдайда ұлттық егемендікке қатер туғызатын КСРО-ны
қайтадан қалпына келтіру ұраны біздің елдерімізді бұрынғыдан бетер
алыстата түседі. Кертартпа күштер нені көксеп, неге ұмтылса да, егемендік
жүзеге асқан шындық екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Бірде-бір
мемлекет
егемендігінен
айырылмайды.
Күштеп
біріктіру
біздің
мемлекеттеріміздің ықпалдастық бағытын ТМД-дан тысқары кеңістіктерге
қарай бұрып əкетуі мүмкін. Ықпалдастықты саяси жарнама мақсатында
пайдаланбай, шынымен жақтайтындар – өркениетті, озық ойлы ықпалдасу
процесі – мемлекеттердің ұлттық егемендігін нығайтумен қатар жүріп,
бірін-бірі өзара толықтыруы қажет екенін түсінеді. Тек сондай ықпалдасу
ғана орнықтылық пен қауіпсіздіктің шын баламасы бола алады. Европа,
Солтүстік Америка, Күнгей-Шығыс Азия тəжірибесі осыны дəлелдейді.
Əрқилы мемлекеттердің қалыптасқан саяси институттарын сыйлау
бұл мəселедегі өзекті қағида болып табылады. Əрине, ең бір даулы саяси
үрдістерге де XX ғасыр аяғында міндетті түрде қойылатын жалпы
өркениеттік талаптар бар. Алайда болашақ ықпалдастық бірлесуге
атсалысуға ықтимал мүмкіндіктерге ие əрбір елдің саяси құрылымының өз
ерекшелігін ескеру бұлжымас қағидаға айналуға тиісті. Өйткені Европа
одағында шынайы президенттік республикалар мен қалыпты парламенттік
республикалардың өзара ықпалдасуынан ешқайсысы ешқандай зардап
шегіп отырған жоқ қой. Ал бізде саяси үрдістеріміз əр түрлі, сондықтан
ешқандай бірлесушілік мүмкін емес деген күмəн көп айтылады. Бұл
түбірімен қате. Оның үстіне, соңғы екі жылда бұрынғы КСРО аумағында
күшті президенттік республикалар құру ортақ тенденцияға айналып келе
жатқанын ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл жақсы ма, жаман ба - ол
туралы көп дауласуға болады. Алайда аймақтық жəне ұлттық
айырмашылықтарымызға қарамастан, саяси қалыптасуымыздың көп
процесінде, көп ретте өзіміз де байқай бермейтін үндестіктердің мол екені
тағы даусыз.
Ықпалдастықтың тағы бір жемісті алғышарты - қалыптасқан
шекараларымыздың мызғымастығы меп тұтастығын мойындау. Бұл – не
қилы тарихи аңыздарға, қай ұлтқа да көпе-көрінеу қорлау боп табылатын
78
жоспар-жобаларға, əр түрлі саяси саудагерлікке өзек боп келе жатқан
тақырып. Сөйте тұрса да, шекараларды қайта өлшеп-пішкілері келетіндер
бір қарапайым ақиқатқа: көршіңнің үйіне өрт салу үшін, желдің қалай
шалқитынын біліп алу керектігін еш түсінгілері келмей- ақ қойды. Бүгін
кешегі кенестік республикалардың қай-қайсысына да бөтеннен жер
даулайтын даурықпалардан гөрі, ішкі тұтастықты сақтай білу əлдеқайда
маңызды. Сыртқы шекарада достық пен татулық ахуалды сақтай білу ішкі
жарастықты да нығайта түсетіні əркімге-ақ белгілі. Басқаша ойлау - қараны
ақ деп тануға барабар. Аумақтық тұтастық - тарихи əділеттің ғана емес,
кешегі кеңестік кеңістіктегі ең шағын мемлекеттерден бастап, ең ірі
мемлекеттерге
дейін,
барлығының
бүгінгі
есендігі
мен
ертеңгі
тұтастығының ең өзекті мəселесі. Əрқилы сайлау алды науқанның уақытша
дар-дауына бола, бұндай мəселемен ойнау – өз мемлекеттілігіңнің
іргетасының арасына өз қолыңмен қопарылғыш қоюмен бірдей.
Мен ықпалдастықты шыншылдық тұрғыда шешуді жақтаймын.
Алайда шыншылдық сары уайымшылдық емес. Иə, жағдайды тым
дəріптеп, қалыптасқан жаңа жағдайды күшпен өзгертуге тырысудың да
қажеті жоқ. Алайда тарих дариясының жағасында ағыстан көз алмай, құр
бақылап отырғаннан да ештеңе бітпейді. Саяси күш-жігер жұмсамай,
ешқандай ықпалдасу жүзеге аспайды.
Европадағы ең мықты одақтың ықпалдасу тарихы да оп-оңай
қалыптаса қоймаған. Əлі есімде, кезекті Шуман күнін өткізгенде,
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген европалық елшілердің бірі қызықты
есептеу жасады. Француздың Сыртқы істер министрі Робер Шуманның
1950 жылы 9 мамырда көмір мен болат жөнінде француз-герман
бірлестігін құруда ұсынған декларациясы мен 1957 жылы 25 наурызда
Европа экономикалық одағын құру туралы атаудың Рим келісімімен екі
ортада 7 жыл өтіпті. Ал Европа одағын құру туралы Маастрихт келісіміне,
содан 25 жыл өткен соң барып, 1992 жылы 7 ақпанда қол қойылды. Алайда
бұл ықпалдастықтың ұзақ та тыңғылықты дайындалу тарихына шұғыл
бетбұрыс енгізген бір оқиғаны ұмытып кетуге болмайды.
1951 жылы 4 көкекте Европа қауымдастығының рухани
шабыттандырушысы Жан Монне Кондрад Аденауэрмеи кездесіп, бұл
одақтастықты тек теңдік қағидасы негізінде құру мүмкін екендігіне көз
жеткізген-ді.
Өзгелердің тек қатесінен ғана емес, жетістіктерінен де үйренген жөн
шығар. Теңдік қағидасына негізделмеген ықпалдастықтан ештеңе де
шықпайды. Теңдікке, еріктілікке жəне өз мүддесін ойлаушылыққа
79
негізделген ықпалдастық тек Евразияның лайықты болашағын қамтамасыз
етіп қана қоймай, XXI ғасырдағы əлемдік экономика мен саясаттың ең
басты, ең зор сипатына айналары сөзсіз.
80
|