3.2. Корпоративтік мəдениет.
Компанияның аса маңызды басымдылығы корпоративті рух құру үшін кəсіпорын
дəстүрін енгізу жəне бекіту болып табылады. «Корпоративті əдептің Кодексі» жалпы
жүйенің белгілі элементтерін анықтайтын негізгі құжат болып табылады. Компанияның
этикалық ұстанымдарымен стандарттары оның құндылықтарына негізделген, оның ішінде
басты орынды адамдарға деген құрмет, сенім, моральды жауапкершілік, ішкі жəне
Компания сыртындағы қатынастағы əділдік, ашықтық, кəсіби шеберлік алады.
Жаңадан қабылдаған жұмысшылардың жақсы бейімделуі мақсатында оларға
Компания туралы қысқа мəліметтер, əрекеттегі жеңілдіктер жəне кепілдер келтірілген жол
нұсқаушы брошурасы беріледі.
Екібастұз тас көмір кен орнының дамуымен танысу үшін жəне шахтер еңбегін
насихаттау мақсатында «Богатырь Көмір» ЖШС-да 2009 жылдың 25 желтоқсанында
«Еңбек даңқы» залының ашылуы болды. Бұл оқиға Екібастұз тас көмір кен орнының
қалануына 55-жыл толуына арналған мерейтой күнін тойлауға арналды.
«Еңбек даңқы» залының жұмысының негізгі бағыттары көмір өнеркəсібінің
ардагерлері туралы естелікті құрметтеуге тəрбиелеу, ұрпақ сабақтастығын сақтау болып
табылады.
«Еңбек даңқы» залының экспозициясы Екібастұз тас көмір алыбының даму
тарихын жүргізеді жəне оның дамуының жаңашыл кезеңін, көмір жеткізудің
географиясын жəне өндірістің жетілдіруін көрсетеді. Кəсіпорын дамуындағы жоғары
көрсеткіштер
экспозициялық
материалдар
(суреттер,
наградалар,
мақалалар)
куəландыратын жұмысшылардың қатысуымен мүмкін болды. Экспозициядағы маңызды
рөл Компанияның əлеуметтік саясатына аударылды.
Жұмысшыларға деген қамқорлық — корпоративті мəдениеттің негізі. Мұндай курс
жұмысшылардың тек мүдделеріне ғана емес, жалпы алғанда мақсаттарға да жауап береді.
Компания жұмысшыларды ынталандырумен марапаттаудың тек материалды жағын ғана
емес, сонымен қатар моральдық жағының да əр түрін белсенді пайдаланады. Кəсіби
мерекелерде «Мамандығы бойынша ең үздік» байқаулары өткізіледі, нəтижесінде
жеңімпаздар марапатталады.
Жылына бір рет «Жылдың ең үздік тəлімгері» анықталады жəне байқау өткізіледі,
олар сый құрметке ие болады жəне марапатталады.
Адал еңбегі жəне жоғары кəсіби ісі үшін жұмысшылар мемлекеттік, ведомстволық,
корпоративтік наградалармен жəне атақтармен марапатталады.
Өткен жылы награда мен атақты 424 адам алды, оның ішінде.:
«Көмір өнеркəсібінің құрметті жұмысшысы» атағын —
24
адам;
«Шахтер даңқы» төсбелгісін
—
155
адам.;
«Еңбек даңқы» төсбелгісін
—
98
адам.;
Облыс жəне қала Мəслихаттары мен Əкімдіктердің Құрмет Грамотасымен
жəне алғыс хаттарымен
— 10 адам.;
Компанияның Құрмет грамоталары
—
108
адам.;
«Богатырь Көмір»ЖШС құрмет тақтасына
—
17
адам.
Мемлекеттік наградамен 3 адам марапатталды: «Ерең енбегі үшін» медалімен (За
трудовое отличие) жəне ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан
Республикасы Тəуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 1 адам «Облыс алдындағы
11
еңбегі үшін» белгісін табыстаумен Павлодар облысының əкімімен марапатталды, сонымен
қатар Компанияның 8 жұмысшысы «KAZENERGY» құрмет грамотасымен, медалімен,
алғыс хатымен марапатталды.
Компания 8 наурыз, Жаңа жыл, «Шахтер күні» кəсіби мерекелеріне жəне
кəсіпорынның мерейтой күндеріне корпоративтік іс-шараларды өткізеді.
Уақтылы
жəне
анық
кері
байланыс
алу
мақсатында
құрамның
қанағаттанушылығына сауалдар жүргізіледі. 2013 жылы құрамның қанағаттанушылық
деңгейі 80,5 пайызды құрады, ол «жақсы» бағасына сай келеді.
3.3. Құрамды оқыту жəне дамыту.
Сапалы жоспарлауға, оқу үрдістерінің енгізілуіне жəне үздіксіз мониторингісіне
кешендік тəсілді жүзеге асыру үшін Компания өз жұмысшыларының кəсіби дамуы үшін
келесі бағдарламаларды іске асыратын меншікті Оқу-курстық комбинатына ие:
жаңа жұмыс мамандықтарын дайындау;
бір мамандықтан екіншісіне қайта дайындау;
екінші мамандыққа (шектес) оқыту;
біліктілікті көтеру (категорияны, санатты);
еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік саласында жұмысшыларды оқыту;
өнеркəсіптік жəне өрт қауіпсіздігі саласында жұмысшыларды оқыту;
арнайы курстар;
семинарлар, тренингтер, мастер-кластар.
Оқу-өндірістік қызметті енгізу үшін рұқсат құжаттары алынды, өз бетінше тікелей
өндірісте жұмыс мамандықтарының 147 атауы бойынша оқу үрдістерін ұйымдастыруды
анықтайтын нормалар, əдістемелік ұсынымдар жəне нұсқаулықтар жасалды.
Оқу-курстық комбинаты жанынан əдістемелік кабинет, оқу аудиториялары,
техникалық кітапхана, автоматтандырылған жəне көп қызметті кешендер кабинеттері
енетін оқу-өндірістік базасы құрылды. Тура құрылымдық бөлімшелерде оқу пунктері
жұмыс істеуде. Өндірістік практикадан өту үшін жұмыс орындары құрылды.
Ұстаздар құрамы бас мамандардан (жетекші) жəне құрылымдық бөлімшелердің
басшыларынан құрылды. Теориялық сабақтармен кеңестер өткізу үшін жыл сайын 260
адамға жуық тартылады. Өндірістік практиканы құрылымдық бөлімшелерде 1000 аса адам
болып есептелген тəлімгерлер жүзеге асырады. Есеп беру кезеңінде кəсіби практиканы
ұйымдастыру үшін 1013 аттестталған жұмыс орындары ұсынылды.
Кəсіби оқыту біліктілік талаптарын, оқу тəртіптерінің көлемін жəне келесі
формалары бойынша оқу шараларын ұйымдастыруды есептеумен Əдістемелік кабинетпен
əзірленген оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асады: жаңа жұмыс мамандықтарын
дайындау; бір мамандықтан екіншісіне қайта дайындау; екінші мамандыққа (шектес)
оқыту; біліктілікті көтеру (категорияны, санатты). Оқу бағдарламалары курстық, жеке
жəне оқытудың инновациялық əдістерімен іске асады.
12
Оқу-курстық комбинатының Əдістемелік Кабинетімен Компанияның бас
маманымен бірлесіп, 100-ден аса оқу бағдарламалар жəне жоспарлар əзірленді.
Еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік, қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркəсіптік
жəне өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмысшылардың білімдерін тексеруге жəне оқытуды
ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық
актілерін орындауға кешендік модульді тəсілді анықтайтын жəне оқу жобаларын
жоспарлау жəне жүзеге асыру үшін, құрамның дайындық деңгейін талдауға өткізу үшін
мүмкіндік беретін білімдерін тексеруді жəне нұсқаулықты, оқытуды өткізудің бірыңғай
тəртібі орнатылды.
22%
1%
73%
3%
1%
Модуль 5
Модуль 3
Модуль 4
Модуль 1
Модуль 2
Директорлар жəне орынбасарлар
Бас инженерлер жəне бас мамандар
(ЕКҰҚ құрамын ұйымдастыру)
Жұмысшылар
Құрылымдық бөлімшелердің ЕКҰҚ құрамы
ЕКҰҚ құрамына енбеген басшылар жəне мамандар
Еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік, өнеркəсіптік жəне өрт қауіпсіздігі
бойынша оқытудың модульді жүйесі
ОҚЫТУ ЖОБАСЫ
Бір
Екінші
мамандықтан
сабақтас
мамандықтарға
даярлау
екінші
мамандыққа
қайта даярлау
Даярлау
Біліктілікті,
разрядты
Кəсіби қосымша білім
(оқыту)
(категорияны) көтеру
Оқыту əдістері
Инновациялық
Курстық
Жеке
Экстернат
Еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік, өнеркəсіптік жəне өрт қауіпсіздігі бойынша
оқытудың негізін құрайтын жүйелер:
Қ жəне ЕҚ, өнеркəсіптік
жəне өрт қауіпсіздігі
бойынша білімдерін
тексеру жəне оқытуды
ұйымдастыру жүйесі
Алдын ала оқытуды
ұйымдастыру
Нұсқаулықты өткізуді
ұйымдастыру
Кəсіптік білім беру
кезінде оқытуды
ұйымдастыру
Тұрақты əрекет етуші
комиссияның жұмысын
ұйымдастыру
Арнайы оқытуды
ұйымдастыру
Басшылар мен
мамандарды оқытуды
ұйымдастыру
Кезекті тексеріс
алдында мамандық
бойынша оқытуды
ұйымадстыру
Оқыту бағдарламалары өзіне дəріс сабақтарын, практикалық дайындықты жəне
дистанциялық оқытуды енгізеді.
«Богатырь Көмір» ЖШС тұрақты əрекет ететін емтихан комиссиясы Қазақстан
Республикасының нормативті-құқықтық актілері талаптарының көлемінде, өндірістің
өзгешелігін ескеретін еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік, өнеркəсіптік жəне өрт қауіпсіздігі
саласында жұмысшылардың білімдерін кешендік тексеруінің ұстанымдарымен басшылық
етеді.
Жыл сайын осы оқу жобаларын іске асыру аясында Компания жұмысшыларының
90 пайызы білім тексерісінен жəне оқытудан өтеді.
Қазақстан Республикасы көлік жəне коммуникация Министрінің Бұйрығы негізінде
Қазақстан Республикасының аумағында сияқты, халықаралық қатынастарда қауіпті
жүктерді тасымалдайтын автокөлікті құралдардың жүргізушілерін дайындаудың арнайы
курстары іске асырылады.
2012
жылдың қыркүйегінде, «Самрұқ-Қазына» АҚ қолдауымен, Компанияда кəсіби
оқытудың дуалды жүйесін енгізу жобасы бастау алды. Əлеуметтік серіктестік ретінде
Қ. Пішембаев атындағы № 18 Екібастұз колледжі таңдалды. Оқу ұйымымен бірлесіп
жұмыс мамандығы анықталды: «жабдықтарға қызмет көрсету жəне жөндеу
электрослесарі» жəне 18 оқушыдан тұратын топ құрылды.
Бүгінгі күні сырттай оқыту түрі бойынша 279 жұмысшылар оқытылуда, олардың
ішінде жоғары оқу орындарында – 175 адам, колледждерде – 104 адам.
Соңғы үш жыл ішінде Компанияның оқытылған құрамының 56 пайыздан 90
пайызға дейін өсудің оң динамикасы бақылануда .
Кадрлық резерв 2013 жылдың қыркүйегінде қалыптасты. Басшылық қызметке
ұсыну үшін 59 адам енген жұмысшылар тізімі жəне линиядағы басшылар қызметіне
ұсыну үшін 114 адам енген жұмысшылар тізімі бекітілді. Резерв тізімінен басшылық
қызметке 8 қызметкер тағайындалды.
Оқу орындарымен əлеуметтік серіктестік аясында ұзақ мерзімді Келісімге қол
қойылды: тау-кен, темір жол жəне автомобильді бағдар мамандарын дайындау
жүргізілетін базасында Екібастұз политехникалық колледжімен, Екібастұз №18 кəсіптік
13
14
лицейімен, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетімен, Екібастұз инженерлі-
техникалық институтымен.
Қызметкерлердің біліктілігін көтеруге жəне оқытуға көп көңіл бөлінеді. «Богатырь
Көмір» ЖШС жұмысқа тау-кен, темір жол, автомобильді, техникалық бағдардың
талантты жəне жас дарынды мамандарын тарту мақсатында «Оқу орындарының
түлектерін қабылдау жəне жұмысқа орналастыру туралы» Ережесі əрекет етуде, Компания
үшін қатты тапшыл мамандардың тізімі бекітілді жəне жеңілдіктер қаралды. Жас
мамандармен 5 жыл мерзімімен еңбек шарты жасалады, жұмыс орнына жолақысы,
көтермелер төленеді, баспана төлеуге шығындардың орны толтырылады. Сонымен қатар
баспана сатып алуға пайызсыз қарыз беріледі.
Құрамның біліктілігі үнемі көтеріледі. 2013 жылға жұмыс істейтін құрамның 48
пайызы жоғары жəне орта арнаулы білімі бар.
3.4.
Кəсіподақпен өзара əрекет жасау. Ұжымдық шарт.
Компания əлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша жүйелі іс-шараларды
іске асыра отыра, еңбек ұжымында тұрақты əлеуметтік қалыптың сақталуына ерекше
көңіл бөледі. Кəсіпорын əлеуметтік серіктестік ұстанымына негізделген кəсіптік одақпен
өзара əрекетті дамытады жəне қолдайды.
Кəсіподақпен өзара əрекет жасау келесі деңгейлерде орнатылады:
салалы – көмір саласындағы жұмысшылар кəсіподағының орталық органымен;
аймақтық – кəсіподақтың аймақтық органымен;
кəсіпорын деңгейінде – бастапқы кəсіподақтық құрылыммен.
«Богатырь Көмір» ЖШС индустрия жəне жаңа технологиялар Министрлігінің,
көмір өнеркəсібіндегі жұмысшылардың Кəсіподағымен жəне Қазақстан Республикасы
көмір өнеркəсібінің Жұмыс берушілерімен арасындағы Салалы (тарифтік) келісімнің
қатысушыларының бірі болып табылады.
2011 жылдың 10 маусымында конференцияда қабылданған жəне Екібастұз
қаласындағы Мемлекеттік еңбек инспекциясы бөлімінде тіркелген əлеуметтік-
экономикалық жəне еңбек қатынастарын реттеу бойынша Компанияның əкімшілігі жəне
еңбек ұжымы арасындағы 2011-2014 жылдарға арналған Ұжымдық шарт əкімшілік жəне
жұмысшылар ұжымы арасындағы еңбек жəне əлеуметтік қатынасты реттейтін құқықтық
актісі болып табылады.Ұжымдық шарт бас, салалы, өңірлік келісіммен, еңбек
заңнамасымен қаралған жұмысшылардың жағдайын ғана сақтамайды, сонымен қатар
тұрмыстық жағдайын көтереді.
Ұжымдық шарт еңбекшілердің заңды мүдделерін жəне əлеуметтік, экономикалық
құқықтарын қорғауға, тиімді жұмысты қамтамасыз етуге, ұжымдық шартқа қол қойған екі
жақтың өзара жауапкершілігін көтеруге бағытталды. Сонымен қатар еңбек қатынастары,
жұмыс уақыты, демалыс уақыты, еңбекақы төлеу, əлеуметтік кепілдіктер, еңбек қорғау
жəне қауіпсіздік, жастармен жұмыс, жұмыспен қамту мəселелерін қамтыған екі жақтың
өзара міндеттері қаралды.
Ұжымдық шартта еңбек қатынастары, еңбек ақы төлеу, еңбек қорғау жəне
қауіпсіздік саласында міндетті мемлекеттік сияқты қосымша кепілдер де толық көлемде
қаралды жəне орындалуда.
Жеңілдіктерді іске асыратын негізгі бағыттар:
мерейтой күндеріне байланысты марапаттаулар, зейнеткерлікке шығу кезіндегі
бір жолғы жəрдемақы;
операцияның, операциялық емделудің алдында жəне кейінгі құнының жартылай
төлемі;
санаториялы-курортты емделуге жеңілдік жолдамаларын беру;
аз қамтамасыз етілген, көп балалы жұмысшылардың балаларына тегін жолдама;
15
пеш жылуы бар үйлерде тұратын жұмысшыларды, жұмыс істемейтін
зейнеткерлерді жəне мүгедектерді, шахтерлер жесірлерін жылына бір рет көмірмен
қамтамасыз ету;
жұмысшылар мен зейнеткерлерге материалды көмек;
жұмысшылардың жəне олардың балаларының жоғары жəне орта оқу
орындарында оқуына, жерлеуді ұйымдастыруға, операцияға жəне тағы басқаларға қарыз
бөлу;
өндірісте жұмысшының қайтыс болған жағдайында отбасына салықты
есептеусіз он есе жылдық еңбек ақы мөлшерінде бір жолғы жəрдемақы;
МСС анықтамасымен расталған сырттай көмекке зəру 1 топтағы мүгедекті
күтуге ай сайын ҚР белгіленген, аз мөлшердегі еңбекақы төлеу үшін төлем;
өндірісте зардап шеккендерге, егерде ол МСС анықтамасы бойынша оған зəру
болып танылса, емделуге, протездеуге жəне медициналық көмектің өзге де түрлеріне
қосымша шығындарды төлеу.
2011 жылдан Ұжымдық шартқа қосымша төленеді:
бір жыл ішіндегі жұмыс қорытындысы бойынша бекітілген айлық тарифтің,
еңбек мөлшерінің 50 ден 100 пайызға дейін мөлшерде сыйақылар;
«Шахтер күні» кəсіби мерекесі күніне айлық тарифтің, еңбек мөлшерінің 50
пайызды мөлшерде сыйақылар беру;
Компаниядағы еңбек өтіліміне байланысты жұмысшыларға уақытша еңбекке
жарамсыздық бойынша əлеуметтік жəрдемақының көбеюі: орта айлық еңбек ақысын
төлеу есебінен шыға отыра, одан аспай: 5 жыл өтілім кезінде — айлық есептік
көрсеткіштің он бес есе мөлшерінде; 5 жылдан 10 жылға дейін — айлық есептік
көрсеткіштің жиырма есе мөлшерінде; 10 жылдан аса – айлық есептік көрсеткіштің
жиырма бес есе мөлшерінде.
Ұжымдық шартты орындауда Компания бөлімшелерінде əлеуметтік тұрмыстық
саланы жақсартуға бағытталған уақтылы жөндеулерді қамтамасыз ету бөлімінде 2013
жылы əлеуметтік саладағы объектілерді абаттандыру жəне жөндеу жұмыстары жүргізілді:
- «Ковыльная» стансасында ƏТК ғимаратын жөндеу;
- «Березка» асханасының ғимаратын жөндеу («Трудовая»стансасы);
- Омская көшесі бойындағы ТЖЖБ ƏТК ғимаратын косметикалық жөндеу;
- «Богатырская» стансасы ƏТК ғимаратын жəне кабинеттерін жөндеу;
- «Южная» стансасы (БЖКБ) душ қабылдау ғимаратын жөндеу;
- ТКЖЖ зауытының ғимаратындағы асханаға күрделі жөндеу;
- Компанияның қаладағы офистерінің ғимаратын жəне қақ маңдайларын жөндеу;
- Спорттық-сауықтыру кешенінің ғимаратын косметикалық жөндеу.
Барлығы 110,0 млн. тенгеден аса сомаға Компанияның əлеуметтік саладағы
объектілеріне косметикалық жəне күрделі жөндеулер жүргізілді.
Компанияда құрушысы жұмыс беруші жəне еңбек ұжымы болып табылатын екі қор
əрекет етуде: «Қоғамдық қор» жəне «Халық Денсаулығы» қоры.
«Богатырь Көмірдің» Қоғамдық қоры аз қамтылған жұмыс істемейтін
зейнеткерлерге жəне жұмысшыларға, көп балалы отбасыларға, І-ІІІ топтағы мүгедектерге,
мүгедек балаларға, жалғыз басты аналарға атаулы əлеуметтік көмек көрсетеді. 2013 жылы
қорды ұстауға жəне əлеуметтік көмекке 53,3 млн. тг аударылды.
«Халық Денсаулығы» Қоғамдық медициналық қоры қорға қатысатын жұмыс
шылардың жəне олардың балаларының емделуін төлейді. Компания 2013 жылы
медициналық қорға жұмысшылардың емделу құнының жартылай төлеміне, олардың
салымдарына қосымша, «қауіп тобы» жұмысшыларының емделуіне, сонымен қатар қорды
ұстауға 59,6 млн. тг бөлді.
Жұмыс істейтін жастардың, жас отбасыларының мəселелерін табысты шешу үшін,
Компания үшін қатты тапшыл мамандық бойынша жұмыспен оқуды бір мезгілде
алмастыратын жұмысшыларға ЖОО оқуын төлеуге бөлінеді;
-
баспана алуға 300,0 мың тенгеге дейін мөлшерде пайызсыз қарыздар;
-
бала туған кезінде 30,0 мың тг. мөлшерінде пайызсыз қарыз;
-
«Жасыбай» демалыс орталығына тегін жолдамалар.
Компанияның қосымша кепілдері мен жеңілдіктерін қосумен əлеуметтік пакеттің
құны 500,0 млн. аса теңгені құрайды. Əлеуметтік-тұрмыстық белгілеудегі объектілерді
ұстау 2013 жылы 246,3 млн. теңгені құрады.
Диаграммада Ұжымдық шартқа сəйкес əлеуметтік кепілдерге жəне жеңілдіктерге
шығындар құрылымы берілген.
3.5. Жастар саясаты.
2013 жылы жастардан 436 адам жұмысқа қабылданды (30 жасқа дейін), ол
дегеніміз жаңадан қабылданғандардың жалпы санынан 72,6 пайызды құрайды, «Богатырь
Көмір» ЖШС атаулы шəкіртақысы мен гранттар бойынша оқыту» бағдарламасы бойынша
10 түлек жұмысқа орналастырылды, барлық жас жұмысшыларға оқу орнында
тағайындалған біліктілігі бойынша жұмыс ұсынылды.
«Богатырь Көмір» басшылығы, кадр ресурстарының жасарту векторын дамытудың
барлық маңыздылығын сезіне отыра, Компанияның жастар саясатын дамытуға жəне
жетілдіруге көп көңіл бөле отыра, кəсіпорын қатарына жастарды тарту бойынша күш
салады. Жас жұмысшылардың саны жасы 30-ға дейінгілер 2009 жылы 1,8 есе өсті.
«Богатырь Көмір» ЖШС қатты тапшыл мамандықтың, тау-кен, темір жол,
автомобильді, техникалық бағдарлардың жас талантты жəне дарынды мамандарын
жұмысқа тарту жəне бекіту мақсатында, Жастар бағдарламасы аясында:
«Оқу орындарының түлектерін қабылдау жəне жұмысқа қабылдау туралы»
Ереже əрекет етуде;
қатты тапшыл мамандардың тізімі бекітілді жəне жеңілдіктер қаралды;
Компания өндірістен үзбей жоғары жəне кəсіби білім алуға ниеттенген
жұмысшыларды белсенді қолдайды. Оларға ұсынылады:
төленетін оқу демалыстары, оқуға төлеу үшін пайызсыз несие бөлінеді;
2013 жылдың қазанынан бекітілген Ережеге сəйкес баспана алуға (салуға) жас
жұмысшыларға пайызсыз қарыздар беріледі.
«Богатырь Көмір» ЖШС жыл сайын «Екібастұз қаласының жұмыспен қамту
орталығы» КММ-мен Шарт жасайды жəне түлектерді жастар практикасына
16
17
орналастырады. Соңғы 5 жыл ішінде, 2009 жылдан бастап, 201 адам жастар
практикасынан өтті, оның 82-сі тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.
Аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін 2013 жылы Компания жазғы мезгілде
Екібастұз қаласындағы тау-кен округіне жəне құрылымдық бірліктердің ƏТК аумағын
жасылдандыру бойынша жұмысқа орта мектептің 8 оқушысын қабылдады. Сонымен
қатар «Жасыбай» демалыс орталығындағы уақытша жұмыс орындарына Екібастұз, Ақсу,
Павлодар жəне Баянауылдың оқу орындарының 83 студентін келесі жұмыс мамандықтары
бойынша қабылдады: ас үй жұмысшысы, тəрбиешінің көмекшісі, жүк тиеуіштер, қонақ
бөлмені жинаушы, қызмет ғимараттарын жинаушы, аула тазалаушы.
2007 жылы Компания оқу орындарының оқушыларына оқуға атаулы шəкіртақы
мен гранттар бөлді. Осы кезең ішінде атаулы шəкіртақыны кəсіптік білім берудің 61
оқушысы (36 оқушы №18 Екібастұз колледжінен жəне 25 оқушы Екібастұз
политехникалық колледжінен) алды, грантты 46 адам (21 студент оқытудың күндізгі
бөлімінен жəне оқытудың сырттай түрі бойынша оқып жүрген Компанияның 25
жұмысшысы) алды. Гранттар Екібастұз инженерлі-техникалық институтқа, Павлодар
мемлекеттік университетіне, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне,
Екібастұз инженерлі-техникалық институтының колледжіне оқушыларға келесі
мамандықтар бойынша бөлінді: Маркшейдерлік іс, Пайдалы қазбалардың кен
орындарының жер асты өндеу, Геология, Машина құру технологиясы, Автомобильдер
жəне автомобильді шаруашылық.
Қазақстан Республикасы Президентінің «ҚР мемлекеттік жастар саясатының
тұжырымдамасы туралы» № 73 бұйрығын орындауда Компанияда жас мамандармен
жұмысшылардың əлеуметтік бейімделуіне жəне олардың кəсіби тұрғыдан өсуіне себеп
болған Бірлескен жастар Қозғалысының Кеңесінің 2012 жылы бекітілген Бағдарламасы
бойынша жұмыс жүргізуді жалғастыруда.
Əр құрылымдық бөлімшелерде, жастар саясатын іске асыру мақсатында, осы
тəріздес Кеңестер құрылды жəне жұмысшы жастардың арасынан БЖҚ қызметін
ұйымдастыру бойынша жауапты тұлғалар анықталды. БЖҚ кəсіпорын əкімшілігімен жəне
кəсіподақ комитетімен бірлесіп белсенді жұмыс істей отыра, өз ұстанымдарын бекітеді.
Жастарды біріктіру жəне олардың шығармашылық күш-қуатын дамытуға
көмектесу мақсатында Компанияда дəстүрлі түрде «Күзгі бал», «Өз жұлдызыңды жақ»,
«КТК» іс-шаралары өткізілуде. Жастар қозғалысының қатысу күшімен Халықаралық
əйелдер күні, Наурыз мерекесін тойлау кезінде жəне Компанияның еңбек ұжымының
басты мерекесі — Шахтер күнінде іс-шаралар өткізілуде. БЖҚ өз ойларын мақала, əңгіме,
өлең жолдары арқылы жеткізетін қатысушылардан тұратын құрамнан Ақпараттық бөлім
құрылды. Олардың алдына қозғалыс айналасында бұқаралық ақпарат құралдарын құру
миссиясы жүктелді, қазірдің өзінде БЖҚ (www.omdbk.kz) веб-сайтының жылжуы жүріп
жатыр. Сайт ойлар инкубаторы, іс-шараларды, оқиғаларды талқылау орталығы болып
табылады. Мұнда өткен оқиғалар сипатталады жəне талқыланады, сонымен қатар болатын
іс-шаралар туралы ақпарат орналастырылады.
Компанияның спорттық-сауықтыру кешенінде мəдени-бұқаралық жұмыстарды,
жастардың бос уақыт қызметін ұйымдастыру жəне дамыту мақсатымен спорттық іс-
шаралар өткізіледі. Компаниядағы жас жұмысшылардың спорттық-сауықтыру кешеніне
баруы 30 пайызды құрайды. Жұмысшы жастардың спорттық іс-шараларға
қатысуы — 40-45 пайыз.
Достарыңызбен бөлісу: |