И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың физиология дамуындағы рөлі. Қазақстанның көрнекті физиолог ғалымдары



бет6/6
Дата02.12.2023
өлшемі35,93 Kb.
#131679
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-57768

Пресинапстық тежелу қоздырушы медиатрлардың азаюынан пайда болады. Тежелудің бұл түрінің биологилық маңызы – афференттік импульстердің жүйке орталықтартарына бағытталуын шектеуінде, яғни афференттік сигналдарды екшеп отыратын механизм болып табылады. Соның нәтижесінде жүйке орталықтартарына күшті афферентік импульстер ғана өткізіледі де, олар мәні аз, әлсіз импульстерден қорғалып, олар өңдеуден босатылады.

Салдарлық тежелудің 3 түрі бар:

  1. пессималды тежелу жүйке орталықтарна оның қызмет атқару мүмкіндігі мен лабильділігінен жоғары, тым күшті әрі жиі импульстердің әсер етуінен пайда болады;

  2. парабиоздық тежелу орталығы жүйке жүйесінің лабильділігі күрт төмендеп, бір мезгілде бірнеше афференттік жолдың қозуынан туындайды. Мысалы, жарақаттан есеңгіреу кезінде байқалады;

  3. қозудан кейінгі тежелу – нейрондарда қозудың аяқталуы.

Шартты рефлекторлық әрекетті зерттей келе И.П. Павлов шартты және шартсыз тежелуді ашты.

  1. Шартсыз тежелу бүкіл жүйке жүйесіне тән құбылыс. Ол тез пайда болады да, онша ұзаққа созылмайды. Тежелудің бұл түрі сыртқы Тежелу және шектеу болып бөлінеді. Шартты тежелу ми қыртысына ғана тән құбылыс. Ол біртіндеп қалыптасады да, ұзаққа созылады. Оның өшу, жіктеу, бөгеу, шартты тежелу деген түрлері бар. Шартты тежелу ми қыртысын тіршілік маңызын жоғалтқан шартты рефлекстік байланыстардан тазартады, организм көптеген маңызы төмен шартты рефлекстік реакциялардан арылады, сыртқы орта жағдайларына дәлірек бейімделеді, үлкен ми жарты шарларында талдау және жинақтау процестері дәл және нақтылы атқарылады.

  2. Шартты тежелу бірте бірте ми қыртысында ғана пайда болады. Оны кейде ішкі тежелу дейді. Шартты тежелу кезінде бұрын пайда болған шартты рефлекстер жойылады. Шартты тежелудің пайда болуына шартты тітіркендіргіштердің шартсыз тітіркендіргіштермен күшейтілмеуі себеп болады. Мысалы, егерде итте жарықтың әсерінен пайда болған рефлексті тамақ беріп күшейтпесе, шартты рефлекс бірте- бірте жойылады. Табиғи жағдайда ағзаларда күшейтілмеген шартты рефлекстер жойылады. Олардың орнына жаңа табиғи жағдайларға сәйкес жаңа рефлекстер пайда болады.

  3. Шартты тежелудің тағы бір түрі - жіктелген тежелу. Егерде тітіркендіргіштердің бірі шартсыз тітіркендіргіштермен күшейтілмесе, сол тітіркендіргіштің әсерінен шартты рефлекс түзіледі. Күшейтілмеген тітіркендіргіштердің әсерінен шартты рефлекс түзілмейді. Жануарларға жүргізілген тәжіребиелерден жануарлар мен адам жоғары жүйке қызметінің жалпы заңдылықтарының ұқсастықтары байқалды. Адам жоғары жүйке қызметінің өзіне тән сапалы ерекшеліктері бар. Адамның ми қыртысы жүйке қозу толқындарын өте дәлдікпен талдап, қорытуға қабілетті. Сонымен бірге адамның ми қыртысы сыртқы ортаның құрылыстарын толық және саналы түрде қабылдай алады. Адамның жоғары жүйке жүйесінің басты айырмашылығы сөзге тікелей байланысты. Осындай айырмашылығына сүйеніп, И. П. Павлов бірінші және екінші сигналдық жүйе туралы ілімін жасады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.

  2. Т. Несіпбаев Жануарлар физиологиясы Алматы 2012ж



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет