И.М.Сеченовтың физиологиядағы рөлі. И.М. Сеченовтың 1863 жылы “Бас ми рефлекстері” атты еңбегі жарық көрді. Бұл жұмыс психофизиологиялық, нейропсихологиялық, жоғары жүйке жүйесінің физиологиясының дамуына үлкен үлес қосты. Осы еңбегінде Сеченов рефлекторлық принципті адамның бас миы қызметіне, одан әрі барша психикалық іс-әрекетіне жая қолданды. Ол “адамның бүкіл саналы да санасыз (астарлы) өмірдегі әрекеттері өзінің туындауы жағынан рефлекстерге байланысты немесе рефлекстік әдіс”, - деп жазған. Бұл психиканы объективті түсінудегі алғашқы қадам еді. Бас миы рефлекстерін шұқшия талдай отырып, Сеченов оның басты үш байланыс бірлігін анықтады: бастапқы бірлік жүйке қозуы процесінде миға берілетін сыртқы тітіркендіргіштер; ортаңғы бірлік мидағы қозу және тежелу процестері және солардың нәтижесінде психикалық қалыптардың (түйсік,ой,сезім,т.б.) пайда болуы; ақырғы бірлік сыртқы қозғалыстар. Бұл тізбектегі ортаңғы бірліктің психикалық элементтері қалған екі шеткі сыртқы тітіркендіргіштер мен жауапты әрекеттер бірліктерсіз жасамайды. Сондықтан да барша психикалық құбылыстар бүкіл рефлекторлық процестің бөлінбес құрамы.
Сеченовтың рефлекс бірліктерінің ажыралмас байланысты жөніндегі тұжырымы психикалық іс-әрекетті ғылыми тұрғыдан түсінуде үлкен маңызға ие болды. Психикалық қызметті сыртқы ықпалдардан да, адам қылық- әрекеттерінен де бөліп қарауға болмайды. Психикалық құбылыс субъектінің жалғыз толғанысымен шектеліп қалмайды,егер олай болғанда, психикалық дүние (ой,ес,қиял т.б.) нақты өмірлік маңызға ие болмас еді.
Психикалық іс-әрекеттің рефлекторлық принципіне орай Сеченов – адам іс-әрекеті мен қылығы сыртқы әсерлердің себебінен туындайтыны жөнінде ғылыми психология үшін өте маңызды қорытынды жасады. Ол “Бастыпқыда қандай да әрекеттің себебі әрдайым тысқы сезімдік қозуда, онсыз ешқандай ой өрістеуі мүмкін емес”, - деп жазды.
Осылайша И.М.Сеченов рефлекстің миға байланысты бірлігін оның табиғи бастауынан (сезім мүшелеріне әсер) және ақырынан (жауап қозғалыс-қимылдар) бөліп, оқшаулау орынсыз екенін көрсетіп берді.
И.М.Сеченов тек қана физиолог емес, сонымен бірге оның еңбектері қазіргі психологияның жаратылыстану ғылыми негізін салды. Сеченов ерте жастық кезеңінен бастап психологияға әуес болды және С.Л.Рубинштейннің пікірінше, сол кезеңдегі ең ірі орыс психологтарының бірі болды.
Сеченов-психолог тек қана психологияның зерттеу пәні-психикалық құбылыс екенін анықтайтын психологиялық концепцияны емес, сонымен бірге Ресейдегі эксперименталды психологиялық құрылуына үлкен әсер етті. Оның ғылыми іс-әрекетінің ең негізгі мәні, ол В.М.Бехтеров және И.П.Павловтың зерттеулеріне әсерін тигізді.
Қазақстан физиологиясына үлес қосқан ғалымдар. Қазақстан физиологиясының іргетасын қалаған А.П.Полосухин. Ол КазМи-да физиология кафедрасын 25жыл меңгерді. Физиология ғылыми – зерттеу институтын ашып 20ж. директоры болды. Ғылыми бағыты лимфология болды. Н.У.Базанова- ғалым-физиолог, тұңғыш биология ғылымының докторы, профессор,академик. Еңбектері ауылшаруашылық және жануарлар физиологиясын аса дамытты. Х.К.Сатпаева -көп жылдар бойы АММИ- да физиология кафедрасының меңгерушісі болды. «Адам физиологиясы» оқулық кітабының авторы. Кейіннен Т.Ш.Шарманов тамақтану физиологиясын дамытты.