И мұра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 99 ÎÌ 4



Pdf көрінісі
бет5/20
Дата08.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1451
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

118. ӘЛӘЛӘУ

Хат жаздым қалам алып Мұстапаға,

Тымағын ұшдаппенен тыстағанға, әләләу.


102

103


ӨЛЕҢДЕР

Қадірлі заманы бір жақсы адам,

Құрбысын кепілдікке ұстата ма, әләләу.

Көзіңнің айналайын қарасынан,

Қасыңның хат жазамын арасынан.

Аулыңнан күні-түні шықпас едім,

Қорқамын дұшпандардың жаласынан.

119. ӘЛЕУЖАН

(Әлеушан) 

(1­нұсқа)

Қамысы Атырау көлдің жар болғанда,

Дауыстап атыңды айттым зар болғанда.

Алыста еске түссе, бей уақытта,

Атадым атыңды айтып зар болғанда.

Жылқыма айғыр салдым аққұладан,

Барады бастан дәурен шапқылаған.

Келсе де жас отызға осы-ай күні,

Әлде де дәмеміз бар ақ құладан.

120. ӘЛЕУЖАН

(2­нұсқа)

Ей, қалқа, ғашық болдым жамалыңа,

Қызықпас кімдер көрсе ажарыңа.

Құрбым деп, өз теңдесім сөз айтқанда,

Жаутаңдап қарай берем жанарыңа. 

Қайырмасы:

Жаутаңдап-ау, қарай берем-ай,

Әлеужан, жанарыңа-ай.


104

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ей, қалқа, дәнекерсің айнадағы,

Жақындық әр адамға пайда-дағы.

Өксітпей жауабыңды қайыр, сәулем,

Ақ шәйі орамалға байла-дағы.



Қайырмасы:

Ақ шәйі-ау, орамалға-ай,

Әлеужан-ай байла-дағы.

121. ӘЛЕУША 

Дүние қызыл түлкі, ау, бұлаңдайсың, 

Бақ тайса бас пен дәулет о-лаулау,

 

 



ай, лалалай о-лау, құралмайсың. 

Меңзеген асқар таудай, ау, есіл көңілім, 

Дүниеде еш нәрседен о-а-лаулау, 

 

 



ай, лалалай о-лау, құралмайсың. 

О, дүние, жетпей қайтпан, ау, сіздің үйге, 

Мен түстім сенің үшін о-а-лаулау, 

 

 



ай, лалалай о-лау, талай күйге. 

Шырайлым отырады, оу, жауһар тартып, 

Бейне бір шам жаққандай о-лаулау, 

 

 



ай, лалалай о-лау, қараңғы үйде. 

122. ӘЛИМА-АЙ

Өсіп тұрған тоғайда мия ма екен,

Қызыл камзол үстіңе сия ма екен.

Қыз да болса әкеңнің ұлындайсың,

Омыртқаның ішінде жұлындайсың.


104

105


ӨЛЕҢДЕР

Жылқым жатыр жоғары жиылмаған,

Дүрия көйлек етегі қиылмаған.

Сен алысқа кеткенде, беу, қалқашым,

Көзім жасы көл болып тиылмаған.

123. ӘМІР АҚСАҚ

Халық сүйіп атады—Әмір-Темір,

Даңқын естіп бүкіл жұрт, барлық өңір.

Біреулерді тірідей жерге тықты,

Ал, біреуге қызықты, ай, сыйлады өмір.

Қайырмасы:

Ал, біреуге-ай, 

Қызықты сыйлады өмір, 

 

 



Ақсақ Әмір.

Айтқан ісі орнына келген екен,

Құралайды көзге атқан мерген екен.

Ауыр қолмен әлемді игерем деп,

Өзіне емес, досына сенген екен.

Қайырмасы:

Өзіне емес, досына-ай,

Сенген екен, Асқақ Әмір.

124. ӘН САЛСАМ

Жігітпін бұл алқаның еркесіндей,

Қияның қыран түскен түлкісіндей.

Қайырсаң ән аяғын мендей қайыр,

Сылқылдап сұлу қыздың күлкісіндей.


106

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ән салсам ертеңнен кеш жалықпаймын,

Даусымды тоқсан түрлеп анықтаймын.

Күледі кәрісің деп қыз-келіншек,

Мен оған күлді екен деп жабықпаймын.

Ән қосам аспандағы бозторғайға,

Қойсайшы бір айқайлап «Құрбым қайда?»

Жиылған қыз, бозбала мәжіліс екен,

Өнерді көрсетейін осындайда. 



125. ӘПИТӨК

(1­нұсқа)

Қамысы Әупілдектің мүше-мүше,

Сарғайдым осынау көлдің суын іше, Әпитөк.

Қос қанат құсқа біткен маған бітсе,

Бармас па ем, мен қалқама әлденеше, Әпитөк.

Қайырмасы: 

Сөйлесуге тіл-хат жоқ,

Өздеріңдей бір зат жоқ. 

Келсе қалқам көп кешікпей алыстан,

Туған екен гүлперизат асыл тек.

Басында Әупілдектің мұнары бар,

Мойнында көк бестінің тұмары бар.

Құрбылар, бұл қалай деп сөге көрме,

Ғашықтың тарқамаған құмары бар.

Қайырмасы: 

Сөйлесуге тіл-хат жоқ,

Өздеріңдей бір зат жоқ. 

Келсе қалқам көп кешікпей алыстан,

Туған екен гүлперизат асыл тек.


106

107


ӨЛЕҢДЕР

Басынан Әупілдектің мұнар кетпес,

Кей адам уәде берген сертке жетпес.

Кебістің жалаң аяқ басын киіп,

Ей, қалқа, «қош» дегенің естен кетпес.

Қайырмасы: 

Сөйлесуге тіл-хат жоқ,

Өздеріңдей бір зат жоқ. 

Келсе қалқам көп кешікпей алыстан,

Туған екен гүлперизат асыл тек.

126. ӘПИТӨК 

(2­нұсқа)

Болдым құмар жасымнан, сәулем, саған,

Дидарласар күн туса есен-аман-ай, есен-аман.

Сенсіз маған жалғанда қызық бар ма,

Жететұғын тілекке болса заман-ай, болса заман.

Қайырмасы: 

Ей! 


Ресей елден келген, ау, қалқатай,

Туған екен ұл перзенттен, уақыт жоқ.

Сөйлесерге тіл қат жақ,

Өзіңіздей бекзат жоқ,

Әккигайым, ой, Әпитөк.

Хат жазамын ей, сәулем, сені ойлап,

Булықтырған жүректі толқын бойлап.

Жазып, жазбау дертімді өз қолымда,

Тына алмайды ой билеп ерік қоймай.


108

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы: 

Ей! 


Ресей елден келген, ау, қалқатай,

Туған екен ұл перзенттен, уақыт жоқ.

Сөйлесерге тіл қат жақ,

Өзіңіздей бекзат жоқ,

Әккигайым, ой, Әпитөк.

127. ӘПИТӨК

(3­нұсқа)

Хат жазамын, сәулем, ай, сені ойлап,

Булықтырған жүректі толқын бойлап, 

     ой, 

Әпитөк.

Жазып, жазбау дертімді өз қолымда,



Тына алмайды ой билеп ерік қоймай, 

     ой, 

Әпитөк.

Қайырмасы: 

Әпитөк, дыбыс жоқ, қалқатай,

Сөйлесуге тіл қат жоқ,

Бір өзіңдей бекзат жоқ.

Ең болмаса, сәулешім,

Ашып айтар бір дат жоқ,

Ей, Әпитөк, бір дат жоқ,

Әк-ги-гай, Әпитөк.

Болдым құмар жасымнан, сәулем, саған,

Дидарласар күн туса есен-аман.

Сенсіз маған жалғанда қызық бар ма,

Жететұғын тілекке болса заман.



108

109


ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы: 

Әпитөк, дыбыс жоқ, қалқатай,

Сөйлесуге тіл қат жоқ,

Бір өзіңдей бекзат жоқ.

Ең болмаса, сәулешім,

Ашып айтар бір дат жоқ,

Ей, Әпитөк, бір дат жоқ,

Әк-ги-гай, Әпитөк.



128. ӘР ЖЕРДЕ АЙТЫП 

Әр жерде айтып жүрген бұл өлеңім, 

Айнайды қолдан келсе-ай қай өнерім. 

Қайырып қанша баптап салсам-дағы, 

Көңілге бір жетпейді-ай көк дөненім. 

Қайырмасы: 

Ахау лайли, ахау лайлім, 

Халилай, халали, ли-ли-ли...

Шіркін-ай! ли-ай. 

Қай беткей, мына беткей, дала беткей, 

Мал қайда ер жігітке талап етпей. 

Жас жақын—арқын-жарқын жарқылдап қал, 

Деймісің мың жасармын әлі-ақ өтпей. 



Қайырмасы: 

Ахау лайли, ахау лайлім, 

Халилай, халали, ли-ли-ли...

Шіркін-ай! ли-ай. 

Қайыңның қасың қара көміріндей, 

Мылтықтың сыртың сұлу теміріндей. 



110

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Өзіңнің сүйгеніңмен әзілдессең, 

Басқаның өтіп кеткен өміріндей. 



Қайырмасы: 

Ахау лайли, ахау лайлім, 

Халилай, халали, ли-ли-ли...

Шіркін-ай! ли-ай. 



129. ӘРИ-АУ 

Аспанда Ай бірдей ме жұлдызбенен,

Шын кәмшат түрі бір ме құндызбенен. 

 

 



Әри-ау, құндызбенен.

Жарамсыз жай кісіні кім мақтайды,

Қоңыр қаз жапалаққа ілгізбеген. 

 

 



Әри-ау, ілгізбеген. 

Салғаным оң қолыма қола жүзік,

Не керек көп жаманды жіпке тізіп. 

Кеткенде аулың алыс, ақ сәулешім,

Жүрмеші енді бізден күдер үзіп. 

130. ӘРИДӘЙ, ҚАЛҚАШ 

Ай қараңғы болғанда, жұлдыз жарық, 

Қайда жүрсең бір жарық түспегі анық. 

Өліммен ойнама, талапқа ұмтыл, 

Кеткен адам қайтқан жоқ түкті тауып. 

   Әридай, 

қалқаш. 

Қаратаудың басында бір топ арқар, 

Аққан су жоғарыдан төмен сарқар. 


110

111


ӨЛЕҢДЕР

Кезіккен оңашада қимас қалқам, 

Бар шерім бойымдағы сонда тарқар. 

   Әридай, 

қалқаш.

131. ӘРИДӘМ 

Алдында есігімнің ну қарағай, 

Жанбайды отқа салсам қу қарағай. 

 

 



Әридәм, ә-ри-дәм-ай. 

Жылжыған бәйге атындай жиырма бес, 

Артыңа кеткенің бе бір қарамай? 

 

 



Әридәм, ә-ри-дәм-ай. 

Жігіттің дәл жиырма бес қаудан күні, 

Ақша қар қара жерге жауған күні. 

Саныңды күндер-ау деп бір соғарсың, 

Басыңнан қызыл шарқат ауған күні. 

132. ӘУПІЛДЕК

Қар басты Әупілдектің қамыстарын

Айтады әркім көрген хасірет, зарын. 

Түседі қайғылыға қара тұман, 

Кім білер соның қашан ашыларын? 

Қайырмасы: 

О-ой, и-ги-ги-ги и-ги-гай, и-ги-гай,

Ги-ги-ги-ги, и-ги-гай, а-а-ай.

Қыстайды Әупілдекті қалың қарға,

Жан болып сөз сөйлейді амал бар ма? 


112

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қаз бенен қарға жолдас бола ма екен,

Замандас, бұған табар қайлаң бар ма? 



Қайырмасы: 

О-ой, и-ги-ги-ги и-ги-гай, и-ги-гай,

Ги-ги-ги-ги, и-ги-гай, а-а-ай.

Хат жаздым қалам алып, Сыздық аға, 

Әр жерде көріп жүрсіз қымбат баға. 

Шығарған ұшлу сөзді кім десеңіз,

Баласы Дарабайдың Дамеш бала. 

Қайырмасы: 

О-ой, и-ги-ги-ги и-ги-гай, и-ги-гай,

Ги-ги-ги-ги, и-ги-гай, а-а-ай.

133. БАҚСЫ

Айналайын атыңнан, Мұхамметім,

Анасы өліп жасында қалды жетім.

Қайырмасы:

Ей, Аллай, жан, Аллай!

Жан-ай, пірім, жан-ай, гүлім,

Жан-ай сылқым, жан-ай жан.



134. БАЛҒЫН КӨЛ-ДІ 

Есігімнің алдында Балғын көл-ді, 

Балғын көлдің балығын алғым келді. 

Кішкентайдан бірге өскен қыз Дариға, 

Аттандырған жерінде қалғым келді. 


112

113


ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы: 

Ойпырмай, қарағым, 

Күйіп-жанып барамын!

Алтын, күміс жарқырап тағынғаның,

Кәне сенің, Дариға, сағынғаның? 

Түн ұйқымды төрт бөліп келгенімде, 

Келмей қалып уәдеңе не қылғаның? 

Қайырмасы: 

Ойпырмай, қарағым, 

Күйіп-жанып барамын!

135. БАЛҚУРАЙ

Домбырам екі ішекті қолға алайын,

Қайырып он екі алуан ән салайын.

«Нұр жауар талапты ерге» деген сөз бар,

Мен неге бұл талаптан құр қалайын.

Қайырмасы: 

Домбырам басы балқурай,

Басына қонар бозторғай.

Арпа ішінде бір бидай,

Теріп жейді көп торғай.

Домбырам екі ішекті мойны ырғай,

Тартқанда бес саусағым кетер зырлай.

Құрбылар, жастық шақта ойна да күл,

Бұл дәурен кетері анық бір күн тұрмай. 

8-0256


114

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



136. БАРАБАН

Су дарияның ортасында қос барабан.

Сол таудан дария тасып су тараған.

Сұлу қыз, әсем жігіт-ей бәрі сонда,

Япырмай, неге келдім-ай сол арадан.

 

Лайда дида,



 Ди-дидо.

Дарияның ортасында бала жайын,

Отырар ауырдым деп қыз-қожайын.

Япырмай, қыз ауруын таныр деген,

Алып бер домбырамды бал ашайын.

 

Лайда дида



 Ди-дидо.

137. БАШҚҰЛБАЙ

Қара тайдың үстінде қалғып жүрмін-ай, ай,

Байқасаңыз, ағалар, нағып жүрмін.

Башқұлбай, Башқұлбай, 

Башқұлбай, Башқұлбай!

Қайырмасы:

Ах-ау, Башқұлбайдан,

Ах-ау, Башқұлбайдан, 

Бес қалаш құны қанша.

Қалаш құны—бес қалаш, 

Құны қанша—қалаш құны,

Аласы құны.


114

115


ӨЛЕҢДЕР

138. БАЯНАУЛА

Жері кең Баянауыл даңқың асқан, 

Жер жоқ қой бұл маңайда сенен асқан. 

Әркімнің туған жері өзіне ыстық, 

Сондықтан шыдамастан әнге қостық.

Қайырмасы:

Туған менің, 

Менің ауылым, ауылым-ай. 

139. БАЯНАУЫЛ 

Баянауыл басынан бұлт кетпес, 

Қиядағы түлкіге құсым жетпес. 

Ақбоз үйдің артынан аттандырып, 

Қош, ағатай, дегенің естен кетпес. 

Баянауыл басында балалы құр, 

Бір сөз айтсам, қалқатай, мойныңды бұр. 

Ауылыңның артынан аттанғанда, 

Ақбоз үйге сүйеніп қара да тұр. 

Баянауыл басында ойнайды арқар, 

Жоғарыдан аққан су төмен сарқар. 

Сен есіме түскенде, беу қарағым, 

Қатып қалған қайғы-шер қашан тарқар.

140. БӘКЕН 

Атым мінген астымда торы жорға, 

Жорғалатып келемін, а, жанай қырға. 


116

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Кетер шақта ауылыңа-ай келдім салып, 

Амандасып сенімен, а, жолығарға. 

Алма мойын еркеммен көрісе алмай, 

Мен де кеттім жиналып Орынборға-ай. 

Екі көзім алақтап мен жатырмын, 

Қаршығадай қапыда түскен торға-ай.



141. БЕЙНЕМ-АУ

(1­нұсқа)

Ел көшеді Арқадан Атырау деп,

Келер күнді ойлаймын-ау, апырау деп, 

    Бейнем-ау. 

Жатсам ұйқым келмейді, тұрсам күлкім, 

Төсегінде айнамкөз-ау, жатыр-ау, деп, 

    Бейнем-ау. 

Көшіп жатыр ауылым, қонып жатыр,

Сыртылдатып уығын жығып жатыр. 

Кішкентайдан бірге өскен, беу, қарағым, 

Саған айтар арманым толып жатыр. 

142. БЕЙНЕМ-АУ

(2­нұсқа)

Үш қиян—біздің елдің қияны-ай-ау, 

Даусыңды ести алмадым қиядағы-ай-ау. 

Болғанда сіз ақ сұңқар қиядағы-ай-ау,

Талпынған мен балапан ұядағы-ай-ау.

   О-о-оу, 

Бейнем-ау-ай.


116

117


ӨЛЕҢДЕР

Үш қиян—біз қонған жер самалдағы,

Бір көрмеу ақ жүзіңді обал дағы

Бейнем-ау, көз жаздырып кеттің қайда, 

Гүл меңзес көбелектей көгалдағы?!

Жан едің төрде бұлбұл сайратқандай,

Өткіздік аз қызықты ойнап қанбай. 

Ауылдан қыз кеткен соң—қызық кетер, 

Қалды елің қара бұлтқа ай батқандай. 

143. БЕУ-БЕУ

Аппақ еті қардай боп,

Бет қызылы қандай боп!

Отыр ма екен сол сәулем, 

Көлге дүзген хандай боп!

Қайырмасы:

Ау, ей, сәулем, 

Дебірім, беу-беу.

Беу-беу, беу, 

Қош, аман бол-ау-ай!

144. БИБІЖАМАЛ 

А-ей! 


Бала едің ақылың бар, ай-ау, аңлағанға-ай, 

Бересің жүре жауап арнағанға. 

А-ей!

Өзеннің ортасында, ай-ау, сен бір терек-ай, 



Бір ұстап бұтағыңнан қармағанда. 

118

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Бітеді көл жағалай қалың қамыс, 

Мінезі кей адамның шәлкем-шалыс. 

Аулында Ерғалидың отырыста, 

Сол жерде Жамалжанмен болдым таныс. 



145. БИЗАР

Сәлем жаздым, құрбыжан, саған арнап,

Шығарайын шерімді, а-ха-ха,ей, 

    бірден 

талдап.

Шырт ұйқыда жатқанда еске түссең,



Қанша қашсаң ойым бар, а-ха-ха, ей, 

    сені 

алмақ.

Ну орман-су ауылың арасында,



Мөлдір бастау, тұнық су жағасында.

Қай бақтыға, құрбыжан, кез боласың,

Талай жігіт сыртыңнан таласуда.

146. БИНАУ-АЙ

(1­нұсқа)

Айта бар, барсаң, сәлем, есіне алсын,

Ақ кербез есіне алса, қасына алсын.

Қайырмасы:

Бинау-ай.

Жібектің түйініндей бір сөз айттым,

Көрсетпей еш адамға шешіп алсын.



Қайырмасы:

Бинау-ай.



118

119


ӨЛЕҢДЕР

Әуеде ұшқан құстың бауыры күйсін,

Айта бар Аққыланға жалғыз жүрсін.

Егерде жалғыз жүрмей екеу жүрсе,

Болармыз біз де екеу, өзі білсін.

Қайырмасы:

Бинау-ай.



147. БИНАУ-АЙ

(2­нұсқа)

Шақырған таң сәріден, Бинау-ай, ала тауық,

Есігі ақ боз үйдің, Бинау-ай, сықырлауық.

Есіме түскеніңде қайран бауырым,

Құладым ақ боз аттай есім ауып,

   Бинау-ай, 

ауып-ай.

148. БИПЫЛ 

Асау кер ат жүрмейді шалдыққан соң, 

Еркін даусым келмейді қарлыққан соң. 

Қайырмасы:

Ахау, тәнім-ай, 

Талма менің жаным-ай. 

Ей, күлли-күлли, Күлжан-ай,

Күнде қызық үйім-ай. 

Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай, 

Тартшы, құрбым, бір күйді-ай. 

Біздің Бипыл жүр ме екен аман-есен, 

Бейнетімді ұмытам сені көрсем. 


120

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Ахау, тәнім-ай, 

Талма менің жаным-ай. 

Ей, күлли-күлли, Күлжан-ай,

Күнде қызық үйім-ай. 

Бипыл, Бипыл, Бипыл-ай, 

Тартшы, құрбым, бір күйді-ай. 

Жылқы бағып жарың жүр құба жолда, 

Жаным Бипыл, ұмытпа, мені десең.

149. БОЗБАЛА

Дүния-ау өте шығар, ай-дай, ебелектеп,

Құрбыжан, сөз айтамын, ой-дай, 

 

 



 

    саған ептеп-а-ой.

Сыртыңнан талай құрбың, ой-дай, 

 

 



 

    жүрген шығар, 

Сәуірдің боз бұлтындай, ой-дай, 

 

 



 

    төңіректеп-а-ой. 



Қайырмасы: 

Сарыарқада сары дала,

Қызды ауылға барғанда. 

Қаңқылдайды қаздар-ай,

Қырындайды бозбала-ай.

О-ай! Бозбала-ау, бозбала-ау, 

Саған қарап жымияды да-ау,

   қыз 


бала-ау. 

Дүние өте шығар қудай парлап,

Кетпейді өтерінде сірә, жарлап. 

Замандас қатар өскен құрбым едің, 

Көңілді көтерейік күліп-ойнап. 


120

121


ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы: 

Сарыарқада сары дала,

Қызды ауылға барғанда. 

Қаңқылдайды қаздар-ай,

Қырындайды бозбала-ай.

О-ай! Бозбала-ау, бозбала-ау, 

Саған қарап жымияды да-ау,

   қыз 


бала-ау. 

150. БОЗЖОРҒА 

Бозжорға, жорғаңа-ай бас, алдыңда ел жоқ, 

Ішетін шөлдегенде айдын көл жоқ. 

Алыстан ат терлетіп келгенімде, 

Ат ұстап қарсы алатын бұраң бел жоқ. 

Ауылдан мен де шықтым, күн де батты, 

Бозжорға алма мойын ішін тартты. 

Боларын бір сұмдықтың білім едім, 

Ауылы ғашық жардың қашық тартты. 

151. БОЙЫНДА САРЫСУДЫҢ 

Сарысудың бойында ін бар ма екен, 

Тал мойныңда тарыдай мін бар ма екен, 

 

 



 

 

мін бар ма екен. 



Көрмегелі көп айдың жүзі болды, 

Жолығатын өзіңмен күн бар ма екен? 

Еу! 

Өзіңмен жолығатын күн бар ма екен. 



Іске аса ма тілегім, әлде, жоқ па, 

Сөз сөйлеймін қалқа деп осы шақта. 



122

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Билетпейді от жүрек еркі алдымда, 

Сізге қонған себеп боп махаббатша. 



152. БОЯУБАЙ

Ала бием тай табар, 

Мінсем, көңілім жай табар-ау. 

Мен қалқамды сағындым, 

Сәлемімді айта бар-ау. 

Бояубай да, Бояубай, 

Сәлемімді айта бар-ау,

 

 



айта бар-ау. 

Ха-лә, ли-лә, айта бар-ау. 



153. БӨБЕК 

Ай, Бөбек, кеткенің бе серттен тайып, 

Адамды айырады ерлі-зайып. 

Ай, Бөбек, танымасаң, танытайын, 

Баласы Қарабайдың, аты—Қайып. 

Жайлауы біздің елдің сонда емес пе, 

Жылқының жейтін шөбі сонда емес пе. 

Өзіңнің алғаныңды қоя тұрып, 

Біздермен ойнап-күлген олжа емес пе.

154. БӨБЕК-АЙ

Дүние бір қисық жол бұраңдаған,

Бақ тайса, ерге дәулет құралмаған.

Шалқыған асқар таудай асыл күнім,

Бұ дүниеде ешнәрсеге тына алмаған.


122

123


ӨЛЕҢДЕР

155. БӨЛЕМ-АЙ

Айдап салдым жылқымды тақырға деп-ай,

Қарамаушы ем кеш батса жатыр-ау деп-ай! 

Қайырмасы: 

Бөлем-ай, бөлем-ай, 

Күнің барда күнде ойна, 

Фәни жалған-ай, өтеді-ай! 

Қосылған кішкентайдан, қарағым-ай, 

Атамаушы ем атыңды «қатын-ай!» деп-ай! 



Қайырмасы: 

Бөлем-ай, бөлем-ай, 

Күнің барда күнде ойна, 

Фәни жалған-ай, өтеді-ай! 

Алқызыл көрінеді қашқан түлкі-ай, 

Жігіттің қайда қалмас жиған мүлкі-ай! 



Қайырмасы: 

Бөлем-ай, бөлем-ай, 

Күнің барда күнде ойна, 

Фәни жалған-ай, өтеді-ай! 

Барында оралыңның ойна да күл-ай, 

Қызығы бұ жалғанның ойын-күлкі-ай! 



Қайырмасы: 

Бөлем-ай, бөлем-ай, 

Күнің барда күнде ойна, 

Фәни жалған-ай, өтеді-ай! 



124

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



156. БУРЫЛТАЙ

Таңбасы жоқ, ені жоқ бурылтайдың,

Сағасы өткел бермейді терең сайдың.

Құба жонға шоқытып шыға келсем,

Орны жатыр өзі жоқ қалқатайдың.

Астымдағы мінгенім бурылтайым,

Қайда қайып болды екен қалқатайым.

Ақ көңілді жігітті қайғы басты,

Бір жаманға қор болдың күн мен айым.

Ақау айдай, Жариям айдай,

Жардың көңлін қалдырма, қыз қалқатай.

157. БҰЛҚЫНЫП-АЙ

Ай!


Бұл елде толып жатыр жылқылы бай,

Тұсынан ақ боз үйдің сөйлестім-ай. 

Ол үйден шыға келді бір сұлу қыз, 

Жамылып жанат ішік құлпырып-ай. 

Тағатым қызды көріп тоқтай алмай, 

Иығынан ұстай алдым ұмтылып-ай. 

Буыным былқ-сылқ етіп жүргенімде, 

Қолымнан шығып кетті-ой, қызық-ай, 

    бұлқынып-ай. 

Ай, кімге ар, ғашық болса қолындағы, 

Кең жібек сол дүниенің молындағы-ай. 

Судағы сұп-сұр үйрек сен, қарағым,

Бекердің мен ақ тұйғын қолындағы-ай. 


124

125


ӨЛЕҢДЕР

Сыртыңнан атағыңды көп білемін, 

Сөз таныс болып едім бұрындағы-ай. 

Ілінсең қармағыма желбезектеп,

Жүре бер мекеніңе зырылдағы-ай. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет