40. АҚЕРКЕ
(2нұсқа)
Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда?—
Өткір қылыш, жүйрік ат жанға пайда.
Қайырмасы:
Ақерке-ау, енді есен бол!
Шыбыным, шыбыным, ойна да күл,
Шашбаулым, сырғалым, сырғалым.
Ат сабылтып алыстан келгенімде,
Қарсы алатын құрметпен сәулем қайда?
Қайырмасы:
Ақерке-ау, енді есен бол!
Шыбыным, шыбыным, ойна да күл,
Шашбаулым, сырғалым, сырғалым.
Тәтті сөзің көңілімді кетті басып,
Айта алмадым тар жерде сырымды ашып.
Қайырмасы:
Ақерке-ау, енді есен бол!
Шыбыным, шыбыным, ойна да күл,
Шашбаулым, сырғалым, сырғалым.
Сен алтынға балаған құрбым едің,
Қоштасайық, кел бермен, құшақтасып.
Қайырмасы:
Ақерке-ау, енді есен бол!
Шыбыным, шыбыным, ойна да күл,
Шашбаулым, сырғалым, сырғалым.
56
57
ӨЛЕҢДЕР
41. АҚЕРКЕ-АЙ
Қош болғайсың, ей, қалқам, қош болғайсың,
Боз жорғаның шылбырын бос салғайсың.
Қайырмасы:
Іңкәржан,
Ақерке-ай, аман бол.
Ауылың шалғай кеткенде, қарағым-ай,
Мен құрбыңды қалды деп еске алғайсың.
Қайырмасы:
Іңкәржан,
Ақерке-ай, аман бол.
Ойнап-күлген жерінде сұңқар қалды,
Бозбалалар ауылы алыс қалды.
Алыс қалған ауылыңа қараймын деп,
Қаршығадай қайырылып мойным талды.
Қайырмасы:
Іңкәржан,
Ақерке-ай, аман бол.
42. АҚЕРКЕШ
Бір атты сатып алдым елу беске,
Ертеңнен болдырмайды қара кешке.
Аралап неше дуан жүрсем-дағы,
Өзімдей жан салмайды Ақеркешке.
Бәйгіден озып келген атты алайын,
Ер жігіт сынамай ма бақ-талайын.
58
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Жиылып үлкен-кіші отырғанда,
Толқытып Ақеркешке ән салайын.
43. АҚЖАЙ
Қар жауар қарашада қатқақ болып,
Қалады жаңбыр жауса батпақ болып-ай.
Қалқатай отыр ма екен, жатыр ма екен,
Сұңқардай үш түлеген аппақ болып-ай.
Дарияның иірім болар шығанағы,
Келмейді кешке даусым қиядағы.
Түскенде сен есіме, беу, қарағым,
Талпынам балапандай ұядағы.
44. АҚЖАМАЛ
О, Ақжамал, айналайын, қандай едің,
Құрбының өзің теңдес маңдайы едің.
Өзіңмен күліп-ойнап жүрген шақта,
Қол жеткен, а, мұратыма, а, о, жандай едім-ай.
А-ай, а-ой, а-ей, ау.
Қарағым, айналайын, көз жанарым,
Ғашығым көптен сүйген ынтызарым.
Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің,
Болыпты туған айдай бет-ажарың.
45. АҚЖОРҒАЖАН
(1нұсқа)
Қарағым, айналайын, алтыным-ай,
Көргенде ақ жүзіңді балқыдым-ай.
58
59
ӨЛЕҢДЕР
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Жүрмісің аман-есен жарқыным-ай.
Қайырмасы:
Ақжорғажан, Ақжорғажан,
Басыңды қыз сыйласа,
Қалмайды арман.
46. АҚЖОРҒАЖАН
(2нұсқа)
Шын ғашық бірін-бірі алдамайды,
Қайғысыз қара жүрек зарламайды.
Қара тас, ұйқың келсе, мамық болар,
Ғашықтық сұлулықты талғамайды.
Қайырмасы:
Ах-ау-ай, Ақжорғажан, Ақжорғажан!
Басыңды құрбың күтсе,
Қалмайды арман,
Сәулем-ай, қалмайды арман-ай!
Қарағым, төмен қарап назданасың,
Кім білсін, қуаныштың азғанасын.
Қосылса екі ғашық бір жерге егер,
Жүректің бітірмей ме сан жарасын?!
Қайырмасы:
Ах-ау-ай, Ақжорғажан, Ақжорғажан!
Басыңды құрбың күтсе,
Қалмайды арман,
Сәулем-ай, қалмайды арман-ай!
60
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
47. АҚКЕРБЕЗ
Мінген атым астымда бұқпа қара, ахау,
Деңгейінен аулыңның ән салайын, ахау.
Ақ бетіне шаң тисе-ау ыққа қара, а-ой,
Іңкәржан,
Танымасаң даусымды-ау шық та қара, а-ой,
Іңкәржан.
Қайырмасы:
Бетегелі белден боз,
Уағдалы еді-ау айтқан сөз.
Айрылысар күн туды-ау,
Қош, есен бол, айда-ой Ақкербез,
а,
Ақкербез.
Айналайын, қарағым, қиылған қас,
Сені ойласам, көзіме келеді жас, Іңкәржан.
Шын жүректен хат жазып жіберейін,
Сағынғанда оқы да, бауырыңа бас, Іңкәржан.
Қайырмасы:
Бетегелі белден боз,
Уағдалы еді-ау айтқан сөз.
Айрылысар күн туды-ау,
Қош, есен бол, айда-ой Ақкербез,
а, Ақкербез.
48. АҚҚҰБА
Аққұба-ай, Қарашашпен-ау, аулың сыбай,
Аулыңа келген айдап жағдай солай.
Көтеріп-ай, дәрежеңді-ау, бір тастайын,
Жас көңіл болып тұрса бұрынғыдай.
60
61
ӨЛЕҢДЕР
Қайырмасы:
Ей! Аққұба, жан сәулем,
Іздегенім сен едің,
Айдаридай-ай.
Аққұба-ай, айналайын-ау, асыл досым,
Келмейді сенен бөлек көңіл қосым.
Күнелтіп-ай, сайран етіп-ау, жүрер болсам,
Сырымның жасырайын сенен несін.
Қайырмасы:
Ей! Аққұба, жан сәулем,
Іздегенім сен едің,
Айдаридай-ай.
49. АҚМАРАЛ СҰЛУ, ЕРКЕМ-АЙ
Қарағым, айналайын-ай, алтыным-ай,
Көргенде ақжүзіңді-ай балқыдым-ай.
Қайырмасы:
Ақмарал сұлу, еркем-ай.
Көп айдың көрмегелі-ай жүзі-ай болды,
Жүрмісің есен-аман жарқыным-ай.
Қайырмасы:
Ақмарал сұлу, еркем-ай.
50. АҚСАУСАҚ
Толықсыған жарқын жүз, толған айдай,
Сұлу қызды көргем жоқ, сірә, мұндай, ай.
62
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Қайырмасы:
Ғашықпын қалқам,
Сырымды айтам,
Ақсаусақ—арманым жоқ,
Бір болсақ, ай.
Қарақат көз, қыр мұрын, жазық маңдай,
Сүйген жарым болсайшы, Ақсаусақтай, ай.
Қайырмасы:
Ғашықпын қалқам,
Сырымды айтам,
Ақсаусақ—арманым жоқ,
Бір болсақ, ай.
Қабылдашы құрбының жазған хатын,
Әдейі арнап жолдаған аманатын.
Жалындаған жүректің жастық отын,
Сөндірмеші, сүйінтші махаббатын.
51. АҚТЕҢГЕ
(1нұсқа)
Ақсақалы ауылдың батыр Шоман,
Атаң қазақ болған соң—бәрің туған.
Қайырмасы:
Ақтеңге-ай,
Қыз жеңге-ай.
Тастап кеттің
Жат елге-ай.
Хан баласы жиналып қанат құрған,
Кейінгі бозбалаларға санат қылған.
62
63
ӨЛЕҢДЕР
Қайырмасы:
Ақтеңге-ай,
Қыз жеңге-ай.
Тастап кеттің
Жат елге-ай.
Қаламқас,
Замандас!
Хатқа қарап,
Қағаз жаз.
Қара бұлт жауады оңға барып,
Шіркінді біз айтайық өңдеп алып.
Баласы Көкайылдың—біз қазан ат,
Біз бе едік сөйлейтұғын соңда қалып.
Қайырмасы:
Ақтеңге-ай,
Қыз жеңге-ай.
Тастап кеттің
Жат елге-ай.
Ақ танай,
Жас балай.
Загран бешпент,
Максим-ай.
Қаламқас,
Замандас!
Ақжан еркем,
Қара-ау қас.
64
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
52. АҚТЕҢГЕ
(2нұсқа)
Шаңырақты көтерген маңдай екен-ай,
Адам тілін сөйлеткен таңдай екен.
Қайырмасы:
Ақтеңге, қыз жеңге-ай,
Кеттің тастап жат елге.
Жасың үлкен, жеңешай, өзің едің-ай,
Жалғыз жүрген шет жерде қандай екен?
Қайырмасы:
Ақтеңге, қыз жеңге-ай,
Кеттің тастап жат елге.
Шаңырақты көтерген уық екен-ай,
Жеңге жүзі ызғарлы суық екен.
Қайырмасы:
Ақтеңге, қыз жеңге-ай,
Кеттің тастап жат елге.
Сен қашсаң да, артыңнан мен қалмаймын,
Кетсең дағы өзгеге қуып жетем-ай.
Қайырмасы:
Ақтеңге, қыз жеңге-ай,
Кеттің тастап жат елге.
53. АҚТОТЫМ
Дүние ойлап тұрсаң бір кең сарай,
Жан етіп кетті бұрын /Ақтотым/ неше талай.
64
65
ӨЛЕҢДЕР
Жақсылар жаманменен өтіп жатыр,
Бір күні жөнелерміз /Ақтотым/ солай қарай.
Қайырмасы:
Ахау, жалған,
Бұл жастық екі айналып, дариға-ау,
Келмейді саған.
Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер,
Жүйрік ат өрге салсаң /Ақтотым/ өршеленер.
Кезінде қызғалдақтай қимылдап қал,
Шырағың мың күн жанған /Ақтотым/
бір
күн
сөнер.
54. АҚТҰЙҒЫН
Жақсының лебізінен бал тамшылаған,
Жүйріктің керегі жоқ қамшылаған.
Күнінде алпыс үйрек ілсе-дағы,
Ақтұйғын бағаң артық қаршығадан.
Басында мүнтәханның бар-ды терек,
Адамға сыр ашпайтын жолдас керек.
Ойласам, ғылым түбі—түпсіз дария,
Дарияны сайрандауға кеме керек.
55. АЛ, ШІРКІН!
Ахау! Шіркін-ай!
Кәрі болдық қартайып хал кеткен соң,
Жастық ұшып басыңнан сән кеткен соң.
Міне, бүгін қадірің бір тиындық,
Қайрат ұшып басыңнан жан кеткен соң.
5-0256
66
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Қайырмасы:
Ал, шіркін! Жалған-ай!
Қайран, сәулем, о, жаным-ау.
Қайран, жастық-ай,
Ал, шіркін-ай.
Келіп қапты, ойласам жас шамаға,
Енді тоқта, қой, көңілім, аспалама.
Өзім басып, өзімді тоқтатпасам,
Бір күн нәпсі қалдырар масқараға.
Қайырмасы:
Ал, шіркін! Жалған-ай!
Қайран, сәулем, о, жаным-ау.
Қайран, жастық-ай,
Ал, шіркін-ай.
56. АЛАЙ КӨК
Дария, ағып жатқан суда мін жоқ,
Хайуан, өлдім дерге малда тіл жоқ.
Құрбылар тіршілікте ойна да күл,
Бұл дәурен екі айналып келмегі жоқ.
Қайырмасы:
Мақпал да мақпал, алай көк,
Үкілі қоңыр үйрек,
Кеткенде жерің шалғай,
Қалдым жүдеп.
57. АЛҚАРАЙ-ГӨК
Дария ағып жатқан суда мін жоқ,
Қайуан өлдім дерге малда тіл жоқ.
66
67
ӨЛЕҢДЕР
Құрбылар тіршілікте ойна да күл,
Бұл дәурен екі айналып келмегі жоқ.
Қайырмасы:
Ахау!
Алқарай-көк, алай-гөк,
Үкілі қоңыр үйрек
Мақпал да, Мақпал-ай,
Кеткенде жерің шалғай-ай,
Қалдым жүдеп-ай, ау.
Салғанда қара өлеңді тілім майда,
Тілімнің майдасынан көрдім пайда.
Әрдайым медет берсе тіл мен жаққа,
Салайын түрлендіріп осылайша.
Қайырмасы:
Ахау!
Алқарай-көк, алай-гөк,
Үкілі қоңыр үйрек
Мақпал да, Мақпал-ай.
Кеткенде жерің шалғай-ай,
Қалдым жүдеп-ай, ау.
58. АЛҚАРАКӨК
Мінген атым астымда Алқаракөк,
Сіз дегенде көңілде бөтен ой жоқ.
Сен есіме түскенде, беу, бұраң бел,
От жанады ішімде түтіні жоқ.
Қайырмасы:
Ұсынғанда қол жетпес,
Шыңдағы өскен шынарсың.
68
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Сіз сықылды-ау құрбыны
Көрмей қайтіп тұрарсың?!
Мінген атым астымда алқара сұр,
Қайыңнан да құрыққа тал жарасар.
Сіз қырмызы болғанда, біз алтын зер,
Қырмызыға алтын зер бек жарасар.
Қайырмасы:
Ұсынғанда қол жетпес,
Шыңдағы өскен шынарсың.
Сіз сықылды-ау құрбыны
Көрмей қайтіп тұрарсың?!
59. АЛҚОҢЫР
Алқоңыр, ән салайын баяулатып,
Ел жігіт мал табады жаяулатып.
Астынан алты қырдың ән шырқасам,
Шыдайды дәтің қалай ояу жатып.
Қайырмасы:
Алқоңырдай,
Ән салсаң,
Ей, жігіттер, тап осындай.
Қаратау бірде қарлы, бірде қарсыз,
Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз.
Қара су нәпсі терең бір тұңғиық,
Секірген қырдан қырға көңіл арсыз.
Қайырмасы:
Алқоңырдай,
Ән салсаң,
Ей, жігіттер, тап осындай.
68
69
ӨЛЕҢДЕР
60. АЛҚЫЗЫЛ
Ат көркем көрінеді тұрманменен,
Жеткізбейді дүние қуғанменен.
Ақ көйлек—адал ниет, кір шалған соң,
Су кетірмес не керек жуғанменен.
61. АЛҚЫЗЫЛ ГҮЛ
Алқызыл гүл көрінер қашқан түлкі,
Қайда қалмас жігіттің жиған мүлкі.
Ойда тұрып жоғары қол сермеймін,
Көңіл шіркін болсын деп көтеріңкі.
Сен қайдағы, ей қалқа, мен қайдағы,
Мен де өзіңдей біреудің боз тайлағы.
Сен түскенде есіме, беу, қалқатай,
Менің шерім қайнайды қай-қайдағы.
62. АЛЛАМ ЖАР
Шал да болсам мен өзім, қатқан шалмын,
Меруерт, маржан сақалға таққан шалмын.
Ішің күйсе, бозбала, тұз жалаңдар,
Талай сұлу жанына жатқан шалмын-ай.
Қоя тұршы молдеке иманыңды,
Мал-мүлкімен берейін жиғанымды.
Қыз молдасын қасыма әкеп қойсаң,
Соған тастап кетейін қу жанымды.
70
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
63. АЛМА МОЙЫН АҚ БИДАЙ
Таңдаулы көңілім сүйген бір бидайым,
Салайын шырқап әнге келсе ыңғайым.
Анаңнан тудың артық сонша бөлек,
Сен біткен ойпаң жерге бір жас қайың.
Қайырмасы:
Алма мойын ақ бидай,
Ұнай ма-ай, бір бидай,
Ей! Е-ей-ей!
Ойпаң жерге сен біткен,
Жаңа қайың, ақ бидай.
Салғанда мен өлеңге, тыңда қауым,
Айтуға ықыласпен бар ма жайың?
Тыңдасаң көңіл қойып өлеңімді,
Ағызам түрлендіріп әннің майын.
Қайырмасы:
Алма мойын ақ бидай,
Ұнай ма-ай, бір бидай,
Ей! Е-ей-ей!
Ойпаң жерге сен біткен,
Жаңа қайың, ақ бидай.
64. АЛТАЙ-САУЫР, КӨК ЖАЙСАҢ
Ар жағында Ертістің үйілген тас,
Ақ маңдайға жарасар қиылған қас.
Тіршіліктің барында ойна да күл,
Қайта айналып келмейді жиырма жас,
Әкку
гәй.
70
71
ӨЛЕҢДЕР
65. АЛТЫ ҚҰЛАШ
Жайықтан ары өтейін, бері өтейін,
Тор бесті ат екі өткенде терлетейін.
Есіме сен түскенде-еу, беу, бауырым,
Көңілді айтып өлең делбетейін.
Қараймын қарайғанға қабан ба деп,
Атымды қамшылаймын шабам ба деп.
Сұраймын келген-кеткен кісілерден,
Бауырым шетте жүрген аман ба деп.
66. АЛТЫ ҚЫЗ
Артына ерткен қоянның көжегімен-уай!
Шылым тарттым жылқының тезегінен.
Қайырмасы:
Бәликә-ау, Балжан-ай,
Мағрипа, Ғафия,
Күнсұлу қыз, Айжан-ай.
67. АЛТЫН ЖАЙ
Ақ түлкідей құлпырған ажарың-ай,
Салма менің жаманға назарымды-ай.
Қайырмасы:
Әрияй сәулем, қызығы-ай,
Алтын жай, арқада өскен балқурай,
Сол қурайдың іші толған бозторғай.
72
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Қыз кеткен соң ауылыңнан қызық кетер,
Жәрмеңкенің тараған базарындай.
Қайырмасы:
Әрияй, сәулем, қызығы-ай,
Алтын жай, арқада өскен балқурай,
Сол қурайдың іші толған бозторғай.
Көркіңнен айналайын кекілдім-ай,
Киіктің кер лағы секілдім-ай.
Қайырмасы:
Әрияй, сәулем, қызығы-ай,
Алтын жай, арқада өскен балқурай,
Сол қурайдың іші толған бозторғай.
Қор болып бір жаманға кеткеніңді,
Кешігіп есіткенде өкіндім-ай.
68. АЛТЫН ТАҚ
Ахау!
Сөйлейін сөйле десең, сөз келгенде-ау,
Сөйлесін деп Жасаған сөз бергенде-ау,
Өлеңді төрттен өріп, бестен салдым,
Сөйлер кісім алдымнан кез келгенде-ау.
Уа, шіркін, Бағдаттың алтын тағы,
Ашылар талаптанса ердің бағы-ай.
Саяттап сайран етер замана-ай жоқ,
Бабамның-ау, көтере гөр, әруағы, ау-ай.
72
73
ӨЛЕҢДЕР
69. АЛУАЙ
Ән салсаң, өзімдей сал баяулатып,
Ер жігіт мал табады жаяулатып.
Астынан алты қырдың ән шырқасам,
Шыдайды дәтің қайтіп, ояу жатып.
Ән салсаң, өзімдей сал, ұшқан қаздай,
Қонады қайтқан аққу құлан сазға-ай, Алуай.
Ұмытып қалқам мені кетті ме екен,
Барады тым болмаса бір хат жазбай, Алуай.
70. АЛШАҢГЕР
Үйірі қысырақтың құла дөнен,
Қайырып түлкі соқтым құла дөңнен.
Қара өлең оннан салып төңкерейін,
Болып па бұ да бұйым өлең деген.
Қайырмасы:
Алшаңгер,
Қырымпазым-ой.
Дүние-ай өтті-ау күнім,
Сайрай гөр өтпей тұрып,
Қызыл тілім.
Шашағы шашбауымның шал құрықтай,
Оң қолым судан шыққан ақ борықтай.
Итіңді салып бестен мен айтайын,
Қадалған құбыладан ызғырықтай.
Қайырмасы:
Алшаңгер,
Қырымпазым-ой.
74
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Дүние-ай өтті-ау күнім,
Сайрай гөр өтпей тұрып,
Қызыл тілім.
71. АПАЖАН
Жасымнан туып өскен қайран жерім,
Есімнен қайда жүрсем кетпес елім.
Апажан күнім-ай, жан Салиха.
Баласы Атабайдың алып барад,
Қайтейін кеттім жылай іште шерім,
Апажан күнім-ай, жан Салиха.
Қайырмасы:
Сарыарқа жерім,
Сағындым елім.
Қайтейін, жылай-жылай
Өтті-ау, күнім.
Ағайын, туысқандар енді есен бол,
Біздерге нәсіп болғай қайырлы жол.
Сәлем де анам менен атамызға,
Көз жасым болып барад дария көл.
Қайырмасы:
Сарыарқа жерім,
Сағындым елім.
Қайтейін, жылай-жылай
Өтті-ау, күнім.
74
75
ӨЛЕҢДЕР
72. АРҒЫ ЖАҒЫ-АЙ, ЕРТІСТІҢ
Арғы-ай жағы-ай Ертістің үйген боқтық,
Орыс-ноғайға қор қылған, қайран, жоқтық.
Қайырмасы:
Қарағым, қалқам, Әлима-ай,
Қайтіп бір сені-ай, көрем-ай.
73. АРДА ҚОҢЫР
Базардан алып келген айнасын-ай,
Айнадай екі көзің жайнасын-ай.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Құрбыжан, бір көрінбей қайдасың-ай.
Қайырмасы:
А-ай! Ой, құрбыжан,
Бір көрінбей қайдасың, Ардағым.
Базардан алып келген кәрлен аяқ,
Қалқатай, шай құйсайшы бәлденбей-ақ.
Өзіңе жөні келсе айтам ба деп,
Бір сөзді тамағыма жүрмін таяп.
Базардан алып келген шәй тостаған,
Тар жерде қиын екен ән бастаған.
Шешеңнен сені тапқан айналайын,
Бәйгеден келген кердей ойқастаған.
76
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
74. АРИАЙДАЙ
Жыртылмайды ақ көйлек кең болған соң,
Екі құрбы ойнайды тең болған соң.
Саған айтпай сырымды кімге айтайын,
Шын ұнаған көңілге сен болған соң.
75. АРИДАЙ
(1нұсқа)
Етегі қызыл тонның қиылмаған,
Жалғыздық түсті, міне, биыл маған.
Дүниеде нендей мұңдық-қыздар мұңдық,
Топырақ өз еліңнен бұйырмаған.
Етегі көйлегімнің бүрме-бүрме,
Еске алып жүргейсің-ау күнде-күнде.
Арманға жетпеген соң бұл заманда,
Екеуіміз болыппыз ғой тірі пенде.
76. АРИДАЙ
(2нұсқа)
Қарағым, айналайын, асыл туған,
Жібекпен қызыл шайы белін буған.
Отырса қос перизат жараспай ма,
Секілді ақ балапан-ай, о, ой, тұйғын қуған, а-ай.
Қайырмасы:
Арида-дай-дай,
Арида-дай-дай
Уа-па-пай, тұйғын қуған, а-ай!
76
77
ӨЛЕҢДЕР
Қарағым, айналайын, алтын басың,
Жарасар ақ маңдайға қиғаш қасың.
Алыстан ат терлетіп келгенімде,
Тұрад-ау, о, ой, малға қара, а-ай.
77. АРИДАУ
Тілегін біз тіледік жас ұланның,
Күш-қайрат, үлгі, жігер бас ұланның.
Жүрегім сергісейші, серпіл қабақ.
Бола ма шыныменен ашылар күн-ай.
Қайырмасы:
Әй, ау! Аридау, аридау.
Болғанда біз—ақсұңқар, сен—ала үйрек,
Қосылған екі жақсы болар сирек.
Құрбыжан, сені ойлап сағынғанда.
Соғады тыным таппай қайран жүрек!
Қайырмасы:
Әй, ау! Аридау, аридау.
Көзіңнен, айналайын, алтын қабақ,
Сен бе едің суда ойнаған алтын шабақ.
Салсам да күміс қармақ, ілінбейсің,
Айсұлу алма мойын, ей, ақтамақ.
Қайырмасы:
Әй, ау! Аридау, аридау.
78
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
78. АРМАН-АЙ
Жайық бойын жағалай бітер ағаш-ау,
Ұя салар басына көп қарлығаш.
Қайырмасы:
Арман-ай,
Шақырсаң да, барман-ай,
Қалған бір көңіл, қалған-ай.
Көрмегелі көп айдың болды көп күн,
Сәлемет-сау жүр ме екен қиылған қас.
Қайырмасы:
Арман-ай,
Шақырсаң да, барман-ай,
Қалған бір көңіл, қалған-ай.
Айт дегенде өлеңді не дейді екен,
Ақын қыздар рамазан кенейді екен.
Айт дегенде өлеңді қоя берсең,
Жақсылардың о-дағы мерейі екен.
Қайырмасы:
Арман-ай,
Шақырсаң да, барман-ай,
Қалған бір көңіл, қалған-ай.
Домбыраның бір күйі пернесінде,
Іркілейін жел сөздің мен несіне.
Күлелік те ойналық тіршілікте,
Өткен өмір мен кепіл келмесіне.
78
79
ӨЛЕҢДЕР
Қайырмасы:
Арман-ай,
Шақырсаң да, барман-ай,
Қалған бір көңіл, қалған-ай.
79. АРЫҒАН АТЫМ
А-ей! Халәләлә, халәләләләй.
Бұқардың наны тәтті, жолы қатты,
Айдадым жолға салып арық атты.
А-ай, а-а-ей, арық атты.
Алыстан ат терлетіп келгенімде-ай,
Ағытшы ілгегіңді, түймең батты-ай.
Жарасар, жапса кілем, тарланыма,
Жетпейді найза бойлап арманыма.
Тимеді төбем көкке екі-ақ елі,
Аулына қалқатайдың барғанымда.
Өлеңді бар да айтады, жоқ та айтады,
Басынан ер жігіттің бақ қайтады.
Шабан ат, өтпес пышақ, жаман қатын,
Үшеуі маңғаз ерді қартайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |