Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарының дамуы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары
11.1.2.1 - Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық актілері (Қазақстан Республикасының құқықтық саясат концепциясы, Қазақстан Республикасының адам құқығы саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары концепциясы және тағы басқалар) негізінде құқықтық мемлекеттің принциптерінің жүзеге асырылуын түсіндіру
Сабақтың мақсаты
Осы тақырыпты игеру барысында оқушылар азаматтық ұғымын, қазақстандық азаматтықты алу және азаматтықтан айырылудың негіздемелерін біледі
Бағалау критерийі
Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық актілері (Қазақстан Республикасының құқықтық саясат концепциясы, Қазақстан Республикасының адам құқығы саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары концепциясы және тағы басқалар) негізінде құқықтық мемлекеттің принциптерінің жүзеге асырылуын сипаттайды;
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының
әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдас-тыру
Өткен білімді еске түсіру
7 минут
Жаңа тақырыпқа қадам
3 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
Жағымды ахуал қалыптастыру
М «Ой қозғау» әдісімен суреттердің мәнін ашу
-Осы суреттерден нені пайымдауға болады?
- Олардың арасында не ортақ?
Осы суреттерді пайдалана оқушыларды 3- топқа топтастыру
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
мадақтау
Тақырыптық суреттер
Сабақтың ортасы
Жаңа білім
5 минут
10 минут
5 минут
10 минут
Мәтінмен жұмысҚазақстан Республикасының азаматтығы туралы түсінік беру
Джигсо әдісін қолдана тапсырмалар беру
Топ тапсырмасы 1-бап. Азамат және мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен орнықты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді. Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасында азаматтық осы Заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.
22-бап. Ата-анасының азаматтығы өзгерген жағдайда баланың азаматтығының өзгеруі Топ тапсырмасы 16-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары Топ тапсырмасы 19-бап. Азаматтықты тоқтату негіздері 20-бап. Азаматтықтан шығу 20-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі.
Бүкіл сыныптық талқылау Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібі Жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа қабылдау құқығы жоқ және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға ниет білдірген шетелдіктер тұрғылықты жері бойынша көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелеріне өтінішхат беруі тиіс. Өтінішхат Қазақстан Республикасы президентінің атына беріледі. Өтініште азаматтыққа қабылдау себептері көрсетілуі тиіс. Азаматтықты алу сәті
Адам қай сәттен Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын анықтау үшін Заңның 37 бабын пайдалану қажет, оған сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығын:
азаматтыққа қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шыққан күні;
кәмелетке толмағандардың туған немесе асырап алынған күні;
Ашық тест тапсырмасы. Әр оқушының жеке жазба жұмысын орындайды
1. Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеде тұрған адамдар...................
2.Ата-анасының азаматтығы әртүрлі, бала туған кезде..............
3.Баланың анасы азаматтығы жоқ адам, ал әкесі-Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады және әке болуды анықтаған жағдайда 14 жасқа толмаған бала........
4. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруға тек қана жол беріледі..............
5.Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының алдында жауапты. Ол ...............міндетті