«Құқық негіздері, Экология, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» модулі «Экология»


Экология әдістері. Экологияның практикалық маңызы



бет10/47
Дата06.05.2023
өлшемі1,22 Mb.
#90762
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47
Экология әдістері. Экологияның практикалық маңызы.

Экологияның негізгі әдістері:
• жеке түрлер мен қауымдастық жағдайлары, белгілі экологиялық жүйелердегі олардың рөлі, белгілі ағзалар тобының тіршілігіне, антропогендік әсерге байланысты қауымдастық санының өзгеруі және т. б. туралы белгілі мәлімет алуға болатын далалық бақылау;
белгілі ағзалар қауымдастығына, биоценоз және биогеоценоздардың дамуын зерттеу немесе модельдеу үшін табиғи жағдайда тәжірибелер жасау;
• есептеу техникасының көмегімен қауымдастықта және биоценоздарда кездесетін үдерістер мен жағдайларды математикалық модельдеу.
Экологияның практикалық маңызы
Дербес ғылыми пән ретінде қазіргі экологияның басты міндеті оның әр түрлі бөлімдерін және орасан көп нақтылы материалды шоғырлау, оларды табиғат пен адамзат қоғамының өзара қатынастарының барлық жақтарын көрсететін жүйеге келтіру болып табылады. Бұл қазіргі заманғы экология проблемаларын түсіну және оларды шешу жолдарын іздеу, адамдар мен табиғат қауымдастығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Экологияның келесі практикалық маңызы бар:
1. Табиғат және оның ресурстары жағдайының диагностикасы, тірі табиғаттың антропогенді жүктемеге қатысты төзімділігінің шегін анықтау;
2. Адамзаттың экономикалық және әлеуметтік дамуының сценарийлері әр түрлі болғанда биосфера және адамды қоршаған ортаның жағдайы өзгерістерінің болжамдарын әзірлеу;
3. Қоғамның экологиялық бағдарланған әлеуметтік-экономикалық дамуын оңтайландыру - таңдау критерийлерін жасап шығару;
4. Ортаға бейімделу механизмдерін зерделеу. Қазіргі жағдайларда оның экстремалды жағдайлары бар (шөл, қуаң, полюстік және т.б.) аумақтардың игерілуіне байланысты маңызы бар.
5. Популяциялар санын реттеу.
6. Өнімдік процесті басқару. Бұл проблемаға қоректік деңгейлер жүйесіндегі (фотосинтезді басқару, топырақтың құнарлылығын арттыру, егісті ұтымды орналастыру және т.б.) энергетикалық ағынның сандық сипаттамалары кіреді.
7. Экологиялық индикация – адамның табиғи ортаға әсерінің ауқымда-рын анықтау және салдарын болжау.
8. Мониторинг – динамикадағы қоршаған ортаның параметрлерін қайта, мақсатқа бағытталған түрде бақылау жүйесі.
Табиғатты қорғау биологиялық процестердің жұмыс істеуін, биологиялық алуан түрлілікті, табиғи экологиялық жүйелердің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет