«Құқық негіздері, Экология, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» модулі «Экология»


Моральдық нормалардың жемқорлыққа қарсы тұрудағы рөлі



бет24/47
Дата06.05.2023
өлшемі1,22 Mb.
#90762
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
Байланысты:
Құқық негіздері, Экология, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері емтихан сұрақтары Асылтас

13. Моральдық нормалардың жемқорлыққа қарсы тұрудағы рөлі.
Моральдық нормалар мен олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы рөлі. Адамзат өркениеті тарихында діни ілімге негізделген мораль нормалары тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Адамның моральдық қағидаттарды саналы түрде сақтауы оның сыбайлас жемқорлыққа деген қатынасы бойынша ұстанымына байланысты. Ол оны кез келген мемлекеттік құрылыстың мәңгі жолсерігі немесе нақты қарсы тұра алатын және қарсы тұру қажет жағымсыз қоғамдық құбылыс ретінде қабылдайды. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық зұлымдық ретінде қоғамға ыдыратушы ықпал етеді. Әсіресе бұл адамдардың қылмыстық мінезқұлқын, сыбайлас жемқорлық фактілерін Интернет желісіне қол жеткізетін тіпті оқушылардан жасыра алмайтын қазіргі ақпараттық технологиялар ғасырында қауіпті. Жастарды тәрбиелеудегі кемшіліктер мен қателіктер, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық ықпал үшін әлсіз санаттарына тиісті көңіл бөлмеу аса жағымсыз салдарға әкеледі. Сыбайлас жемқорлық дендеген адамдардың адуындығы мен арсыздығы, олардың қылмыстық қызметінің нәтижелері адамгершілік құндылықтарының құнын жояды және қоғамның адамгершілік ұстанымдарын әлсіретуі мүмкін. Адамгершілік, әділдікке сену, этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау қажетті жағдайлар кешенін білдіреді. Осы құрамдас бөліктерсіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптаса алмайды және мемлекеттік жазалау саясаты пәрменді бола алмайды. Мінез-құлық актілеріндегі моральдық қағидаттардың басымдығының құқықтық тыйымдар немесе қылмыстық аңду қаупіне қарағанда әсері көп. Мораль, оның жазылған және жазылмаған заңдары болмауы тиіс салаларға «ақша» ережелерін енгізуге қарсы тұра алады, анықталуы бойынша сатып алуға болмайтын нәрсе ақылы алу үшін қолжетімді бола алмайды: құрмет, лауазым, дәреже және көптеген басқалар, олардың қоғам алдындағы құндылығын түсіруі мүмкін. Сыбайлас жемқорлықты елдегі адамдар әділетсіздік деп негізді түрде қабылдайды.
14. Адамгершілік және қылмыстық идеология қақтығысы туралы.
Жемқорлықтың қоғамға жат құбылыс ретіндегі ерекшелегі, ол қоғамдық үдерістер динамикасында өте мобильді және оның қауіптілігін сынға алу әртүрлі тәртіптік тоқырауға әкеледі. Экономикалық тоқыраулар мен репутациялық шығындардан басқа халықаралық ареналарда кез келген мемлекет қылмыстық идеологияның таралу мәселелерімен бетпе-бет келеді. Ең қауіптісі өлшеусіз шығындарға әкелетін, тым артық байлыққа әуестенетін, мещандық элементтері бар, өздерін байлар класының өкілдеріміз деп санайтын белгілі бір топтардың ұмтылысын бағаламау. Мұндай кемшіліктерді қауіпті деп санамауға болмайды, ол адамдарда болашақта құқықтық реттеулерге қиындықпен берілетін іс-әрекеттің өзіндік стандарттарының пайда болуына әкелуі мүмкін. Н.Бердяев мещандықты ауыздықтауға көнбейтін рахаттануға деген құмарлықтың кері беті, ал мещандық нормалар, оның ойы бойынша адамдардың өзін-өзі шектеуі болатындығына сенімсіздіктентуған ойдың туындысы деп атаған. Қарапайым адамдар мұны жақсы түсінеді, олар жемқорлық дегеніміз не және оның өмірде пайда болу көріністері қандай, олардың жас ұрпаққа және болашаққа төндіретін қаупі қандай деген ой түйеді. Адамдар қазіргі кездегі жемқорлықты қалай түсінеді:

  • тұрмыс пен қызметте, қоғамдық санаға терең тамыр жаятын зұлымдық;

  • билікке ие, белгілі бір шектеулері жоқ , қоғамдық бақылаудан қорғалған адамдар жасайтын қылмыстық әрекет;

  • адамгершілік әрекет етуден мақрұм, бірақ қоғамдық үдерістерге қарсы әсер ету мүмкіндігі бар адал емес адамдардың өмір сүру түрі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет