54. Сыбайлас жемқорлыққа бейімделу деген не? Сыбайлас жемқорлыққа бейімделу ел ішіндегі бейберекет жемқорлық, қазына тонаушылық әрекеттерге халықтың үйреншікті көзбен қарауы. Ешқандай қарсы әрекеттердің қарастырылмауы.
55. Сыбайлас жемқорлық әрекеттің сыртқы және ішкі факторлары. Ішкі факторлар психологиялық, сыртқы факторлар әлеуметтік экономикалық
56. Сыбайлас жемқорлық әрекеті құрылымындағы психологиялық тетік. Сыбайлас жемқорлық әрекеті құрылымындағы психологиялық тетікті талдау. «Психологиялық тетік» деп кейбір функциональдық тұтастықты сипаттау түсініледі және қандай себептерге орай қандай да бір феноменнің пайда болатыны сипатталады. «Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігін» сипаттау үшін бұл процес қалай, қандай түрде жүзеге асырылатын, адамның бұл әлеуметтік әрекетін қоғам мен өзі қалай реттейтінін, бұл әлеуметтік құбылыс негізінде қандай психологиялық процестер, функциялар, феномендер жатқанын ұғыну қажет.
Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігін талдау ауытқитын әрекеттің психологиялық тұжырымдарына негізделген. Оларға фрустрация теориясын (Дж. Доллард, 1939; Э. Фромм, 1994), «үйретудің» бихевиористік теориясын (В. И. Полтавец, 1998) жатқызуға болады. Бірінші теорияның мәні ауытқымалы әрекеттің өмірлік маңызды жеке қажеттіліктердің фрустрация (қол жеткізудің мүмкін еместігі) нәтижесі ретінде сипатталатынын білдіреді. Осылайша ол пайда болған кедергілерді еңсеруге және ұмтылған нәрсеге қол жеткізуге бағытталады. Екінші теория әрекеттегі девиация дегеніміз адамның тәрбие процесінде алған әрекеттік қорғану тәсіліне еліктеу нәтижесі екенін байыптайды. Алайда, құндылық ұстанымдарды адам көбіне сезінбейді. Бұл адам өмірінің стил тұтастығын айқындайтын және оның ұстанымдарын ұзақ өмірлік бағдарламаларға қалыптастыратын базалық діни-философиялық, рухани, эстетикалық критерийлер және мұның бәрі тұлғалық әрекеттің нақты-ахуалдық нормаларын тікелей айқындайды.
57. Фрустрация теориясы туралы. Фрустрация (от лат. frustratio – алдау, бекер күту) – қандай да бір кедергіге тап болған адам өз мақсаттарына жете алмаған және кез келген тілек пен қажеттілікті қанағаттандыру мүмкін болмаған кезде пайда болатын ерекше эмоционалды жағдай.
Фрустрация жағдайында адам теріс эмоцияларды сезінеді: ашу, үмітсіздік, алаңдаушылық, тітіркену, көңілсіздік және т. б.
«Кешке жұмыс бойынша есеп жіберуіңіз керек еді, алайда бүкіл үйде интернетті өшірді. Сіз фрустрация жағдайындасыз. Жұмыста жоғарылауңыз керек еді, бірақ олай болып шықпады. Бұл да фрустрация», – дейді Zigmund.Online психотерапия сервисінің психотерапевті Мирослав Ясин. Оның айтуынша, адам өмірініің кей кезеңдерінде, сәттерінде фрустрация күйінде болады; және бұл алғаш рет балалық шақта орын алады