Ұсынылатын әдебиеттер Бекішева С.Д. ҚР экологиялық құқығы, Сұлбалар альбомы. Қарағанды: Қарағанды заң институтының баспасы, 2002.
ҚР жер заңнамасы: нормативтік-құқықтық актілер жинағы (комментарийлерімен)жауапты редактор С. Стамқұлов. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
Оралова А.Т. Экологияның құқықтық негіздері: оқу құралы: оқулық/А.Т. Оралова-Қарағанды: ҚарМТУ, 2000.
Қоршаған ортаны қорғау: нормативтік-құқықтық актілер жинағы - Алматы: Юрист, 2003.
Культеев С.Т. ҚР экологиялық құқығы оқу құралы. Алматы: Дәнекер, 2001.
Экологиялық құқық: оқулық
Халықаралық құқық негіздері.
Жоспар 1. Халықаралық құқық түсінігі, пәні,
2. Халықаралық құқықтың салалары және қайнар көздері
Мемелекеттер арасындағы сындарлы қарым- қатынастың алғышарты халықаралық құқықтың және мемелекеттердің егеменді құқық нормаларын құрметтеу болып табылады. Халықаралық құқық нормалары халықаралық қатынастармен бірге пайда болады. Халықаралық қатынастарды халықаралық құқық реттейді және сонымен бірге оның нормаларына ықпал етеді. Халықаралық құқық кез келген қоғам өмірі үшін орасан маңызы бар, тарамдана дамыған халықаралық қатынастарды реттейді. Халықаралық қатынастар халықаралық құқықтың нормалардың мазмұнын белгілейді.
Жеке зерттеулерді қажет ететін іргелі проблемаларға бәрінен бұрын, халықаралық жүйедегі құқық және халықаралық қатынастар проблемасының орны жатқызылады. Мәселен, халықаралық қатынастарды зерттеушілер, әдетте, халықаралық қатынастарды неғұрлым маңызды және айқындаушы деп айырады, оларды жүйе ретінде қарайды (Г.А.Арбатов, Н.И.Лебедев, Ш.П.Санакоев, Д.Г.Томашевский және т.б.)
Халықаралық жүйеге тар мағынасында мыналар кіреді:
біріншіден, мемелекет және мемелекеттес құрлымдар; екіншіден, мемелекеттік құрлым ретінде қалыптасу процесіндегі тәуелсіздік үшін күресіп жатқан халықтар мен ұлттар; үшіншіден, халықаралық қатынастар; төртіншіден, мемелекеттердің топтасуы; бесіншіден, осы элементтер арасындағы байланыс.
Жоғарыда аталып өткендерден басқа, халықаралық жүйеге сондай-ақ халықаралық қатынастарды өз орны бар халықаралық - құқықтық және өзге де әлеуметтік нормалар кіреді. Халықаралық жүйе үшін белгілі бір тұтастық , басқа компоненттерден салстырмалы түрдегі оқшаулық тән. Халықаралық жүйенің өзіне тән ерекшелігі, бірініншіден, оның негізгі элементтері-мемлекет-халықаралық жүйенің бір бөлігі болып саналады, екіншіден, онсыз өмір сүре алады.
Сонымен, халықаралық құқықтың дамуы және өмір сүру проблемаларын анықтай отырып,қазіргі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін, халықаралық жүйенің ұғымы мен компоненттерін анықтап алу қажет.
Осы айтылғандарды ескерсек, халықаралық қатынастар ұғымы, олардын құқықтық табиғаты туралы жалпы қорытынды шығаруға болады.
Халықаралық қатынастар дегеніміз - ол мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, құқықтық,дипломатиялық,әскери, мәдени, ғылыми, идеология-лық және өзге байланыстардың жүйесі.
Халықаралық қатынастар үшін мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды нығайту және кеңейте түсу, халықаралық ұйымдардың ролін арттыру бейбітшілік және халықаралық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларын шеше білу, ядролық соғысты болдырмау, халықаралық құқықтың беделін көтеру қасиеттеріне тән.
Халықаралық құқық - бұл мемлекеттер, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысатын кейбір басқа да құрылымдар арасындағы әртүрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды реттейтін құқық саласы.Ол ішкі мемлекеттік құқықтың барлық өзге салаларынан елеулі түрде айырылатын құқықтың ерекше жүйесі ғана емес. Халықаралық құқық дегеніміз халықаралық қатынастарды реттейтін және біршама келісілген мемлекеттердің еркін білдіретін келісімдік және әдеттегі нормалар мен принциптер жүйесі болып табылады.
Халықаралық құқықты сақтау халықаралық құқық белгіленген шектер мен нысандарда мемлекеттердің жеке және ұжымдық шаралары арқылы жүзеге асырылады.
Ұсынылатын әдебиеттер 1.Шреплер Х.А., «Международные организации». Справочник, М.,
2.Токаев К.К., «Под стягом независимости». Очерки
Казахстана, Алматы., 1997.
3. «Ұлттық Қазақстан энциклопедиясы».1999