ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР: Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні, принциптері мен міндеттері. Құқық қорғау органдарының қызметі үшін қылмыстық құқықтың маңызы.
Қылмыстық құқықтың қайнар көздері мен принциптері.
Қылмыстық заң ұғымы және оның маңызы. Қылмыстық заңның құрылымы.
Қылмыстық заңның түсінігі, түрлері және түсіндіру әдістері.
Оның заңдылығының төтенше қажеттілігі мен шарттары. Төтенше қажеттілік шегінен асып кету.
Қылмыстық-құқықтық норманың түсінігі мен ерекшеліктері, диспозициялар мен санкциялардың түсінігі мен түрлері.
Уақыт бойынша қылмыстық заңның қолданылуы. Қылмыстық заңның кері күші.
Қылмыстық жауапкершіліктің негізі. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы туралы түсінік. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері.
Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар.
Ұсынылатын әдебиеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
Жүнісов Б.Ж. ҚР қылмыстық құқығы: Жалпы бөлім. Қарағанды, 1998.
Қайыржанов Е.И. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы: ДОИВА – Братство, 1995.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсініктеме. – Алматы: Баспа, 2000.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары.
Жоспар 1.Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері.
2. Қазақстан Республикасындағы сот және сот әділдігі.
Мемлекет қоғамды саяси ұйымдастырудың ең үздік түрі, онда өз субъектілерінің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған әртүрлі қызметтер бар. Мемлекет теориясы және құқығымен танылған оның негізгі қызметтерінің бірі азаматтардың құқықтары мен бас бостандықтарын, меншігін, құқықтық тәртібін, және адамның басқа да тұрмыстық маңызды құндылықтарын қорғау болып табылады. Осы бағыттағы жұмысын мемлекет еркіне беру, нұсқама және тыйым салуларды белгілеп құқықтық нормалар арқылы жүзеге асырады. Құқықтың көмегімен мемлекет адамдарды дұрыс қылықтар жасауға итермелеп, саналық мінез-құлқына әсер етеді. Қылықтар заңды және заңсыз болуы мүмкін, осыған байланысты мемлекет:құқықтық нормаларды бұзуға дейін және одан тыс – субъектіні құқықтық мінез-құлқы шегінде ұстауға;
заң бұзу кезінде – заңға қайшы әрекеттерге (әрекетсіздік) тыйым салу, олардың жағымсыз салдарларын болдырмау;
заң бұзылғаннан кейін – жазықтыны әшкерелеу, оны құқықтық жауапкершілікке тарту, бұзылған субъективтік құқықты қалпына келтіру бойынша шаралар қолдану.
Құқық бұзышулық барысында және одан кейін қарапайым нормалар мен арнаулы белгіленген қорғаушы құқықтық санкцияларын қолдану жолын сақтау және тікелей жүзеге асыру қажеттілігі туындайды. Өздігінен бұл нормалар жұмыс істемейді, бұл нормаларды қозғалысқа келтіріп, бақылап отыру мүмкіндігіне ие арнаулы өкілетті органның қатысуы қажет.
Нормаларды қозғалысқа келтіру мүмкіндігі бар өкілетті органдарға жататындар:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі – ол мемлекеттің барлық аумағында конституцияның барлық заңдардан, заңдық және өзге де нормативтік құқықтық актілерден жоғары тұруын қамтамасыз етеді;
Прокуратура – Республика аумағында заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәл әрі бірқалыпты қолданылуын жоғарыдан бақылаудың, жедел іздестіру қызметінің, анықтау және тергеу, әкімшілік және атқарушы өндірістің заңдылығын қамтамасыз етеді;
Әділет органдары – құқықтық нормалардың дұрыс қызмет етуін қолдау бойынша міндетті жүзеге асырады, сот әділдігі қызметіне тікелей жәрдемдеседі, оған материалдық, техникалық және басқа да көмек түрлерін көрсетеді.
Қылмыстық қуғындау органдары (ІІМ, ҰҚК, Президенттің күзет қызметі, Салық полициясы және басқа органдар) – олардың құзыретіне қылмысты табу және ашу, қылмыс жасаушыларды тауып, қылмыстық жауапкершілікке тарту жатады.
Сот билігі органдары – олардың құзыретіне: азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бас бостандығы мүдделерін қорғау, Конституцияның, заңның, және өзге де Республиканың нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету жатады.
Адвокатура – оның басты міндеті білікті заңдық көмек көрсету арқылы, көмек сұраған азаматтарды және ұйымдарды құқықтық қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Нотариат - әділет органдарының өкілдігімен тараптар арасында келісімге және өзге ресми құжаттарға қол қоюға байланысты мәмле жасау барысындағы заңдылықтың сақталуын бақылайды.