ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Құқық қорғау қызметінің белгілері.
2. Құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттары.
3. Құқық қорғау қызметі мен сот төрелігінің арақатынасы.
4.Мемлекеттің құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі саясаты.
5. Мемлекеттік органдар жүйесіндегі құқық қорғау органдарының орны.
9. Қазақстан Республикасының қаржы және салық құқығының негіздері. Жоспар Қазақстан Республикасының қаржы құқығының негіздері.
Қазақстан Республикасының бюджет құқығы.
Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері
Қаржылық құқық – бұл мемлекеттің қаржылық қызмет барысында, мемлекетпен елдің ақша жүйесін құру және оның қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету барысында, сонымен бірге мемлекеттік ақша қорын құру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық мөлшерлер жиынтығы.
Қаржылық қатынастарды реттеу үшін мемлекет қаржылық құқық жиынтығын құрайтын заң мөлшерлерін белгілейді. Қаржы-құқықтық мөлшерлер жиынтығы қаржылық құқық жүйесі болып саналады. Қаржылық құқық жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімде қаржылық құрылым, ақша жүйесінің құқықтық негідері, қаржыны басқару, қаржылық жоспарлау және қаржылық бақылау туралы ережелер қамтылған. Ерекше бөлімде бюджеттік құқық, бюджеттен тыс қорларды құқықтық реттеу, қаржы-банкілік құқық, қаржылық-сақтандыру құқығы, қаржы-шаруашылық құқығы қамтылған.
Қаржы-құқықтық мөлшер – нормативтік-құқықтық актімен бекітілген қаржылық қатынас субъектісінің тәртіп ережесі. Міндеттеу, тыйым салу, уәкіл ету мөлшерлерін көрсетеді. Мазмұнына қарай: материалдық және процессуалдық.
Қаржылық құқықтық қатынас – қаржылық құқық нормаларымен реттелген қаржы-экономикалық қатынас. Құқықтық қатынастың субъектілеріне мемлекет, әкімшілік-аумақтық құрылым, мемлекеттік билік және басқару органдары, заңды және жеке тұлғалар жатады.
Қаржы, ақша қаражатының жиынтығы ретінде ақша қоры түрінде қолданылады. Ақша қоры – белгілі бір мақсаттарға арналған мемлекеттің ақша қаражатының жеке бір бөлігі. Мемлекеттік ақша қорының жиынтығы қаржылық жүйені құрайды.
Қаржылық жүйе – қаржы-экономикалық институттардың жиынтығы, олардың әрқайсысы белгілі бір салады. Қазіргі кезеңде оның құрамына бюджеттік жүйе; бюджеттен тыс мақсатты мемлекеттік және жергілікті ақша қоры; кәсіпорын, ұйым, мекемелердің қаржылары кіреді.
«Қаржы» ұғымымен заң ғылымы аясында қалыптасқан «мемлекеттің қаржы қызметі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекеттің қаржы қызметі – ақша қорын жинау, үлестіру және пайдалану жөніндегі қызмет.
Мемлекеттің қаржы қызметінің әдісі – бұл мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақша қорын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыруды мемлекет көмегімен жүзеге асыратын нақты әдіс-тәсілдер.
Бюджеттік құқық – бұл бюджет құрылымын ұйымдастыру кезінде, сонымен қатар орталық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, үлестіру және пайдалануды ұйымдастырумен байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін қаржылық құқықтың ерекше бөлімінің тарауы.
«Бюджеттік жүйе туралы» 1.04.1999 ж. ҚР Заңының 1-бабына бойынша, бюджет – бұл заңмен немесе жергілікті сайланбалы органдардың шешімімен бекітілген, мемлекеттің өз қызметтерін қамтамасыз етуге бағытталған және салықтар, алымдар, және басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жасалатын операциялардан түскен табыстар, салықсыз және өзге де заңнамалық актілермен қарастырылған түсімдер есебінен құрылған мемлекеттің орталық ақша қоры.
Мемлекеттік бюджет табыстарының негізгі көздері салықтар болып табылады. Салық – бұл мемлекетпен бір жақты тәртіпте уәкілетті органның өкіліне бекітілген және мемлекет табысына жататын құқықтық формада міндетті ақшалай немесе заттай төлем. Ол белгілі бір мөлшерде шығарылады, қайтарымсыз, баламасыз, және тұрақтылық сипатта болады.
Салық құқығы – салықтарды бірыңғай өкіметтік белгілеу және өндіріп алу арқылы мемлекеттік бюджет табыстарын құру жөніндегі мемлекет пен салық төлеушілердің арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін қаржы-құқықтық мөлшерлердің жиынтығы.
Салық – бұл өзінің ішкі құрылымдары бар, күрделі түзілім. Ол мынадай элементтерден тұрады:
1. Салықтың құқықтық негізі;
2. Салықтың субъектісі – салық төлеуші адам;
3. Салықтың нысаны –салық не жөнінде өндіріліп алынса сол болады (табыс, мүлік және т.б.);
4. Салықтың мөлшері – салықтық төлемнің мөлшерін анықтайтын заңмен белгіленген салық салу шамасы;
5. Салық төлеу тәртібі – салық төлемдерінің салық төлеушіден мемлекетке өтуі жүзеге асуы тиіс салық заңнамасымен бекітілген ереже
Салықты топтастыруға болады. Салықтық ауыртпалықты қолданушыларға байланысты олар тура және жанама, төлеу түріне байланысты ақшалай және заттай, аумақтық деңгейіне байланысты жергілікті және жалпы мемлекеттік болып бөлінеді. Субъект бойынша салықтар жеке және заңды тұлғалардың салықтары болып бөлінеді. ҚР Салық кодексінің 60-бабы да салықтың әр түрлі түрлерін белгілейді.