Лекция 2. Тақырыбы: Құқықтың түсінігі және белгілері.
Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық.
Құқықтың нысандары (қайнар көздері).
Заңды мінез-құлық, құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік.
1. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық. Қоғам реттеушіліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір сүрудің əртүрлі салаларындағы жүріс-тұрысын ретке келтіру. Реттеу нормалардың көмегімен жүзеге асырылады, ал нормалар, өз кезегінде, техникалық жəне əлеуметтік болып бөлінеді. Техникалық нормалар – бұл адамдардың еңбек құралдарын жəне табиғат заттарын дұрыс қолдануының ережелері. Мысалы, техникалық нормаларға мыналар жатады: белгілі бір құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, шикізатты қолдану ережелері, мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар. Техникалық нормалар төмендегідей ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пəні тек əлеуметтік сипатта емес; ə) «субъектілік» құрамы тек адамдармен ғана емес, сонымен қатар сыртқы əлеммен, табиғат-пен, техникамен де байланысты. Əлеуметтік нормалар – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын жүріс-тұрыс ережелері. Оларға құқықтық, мораль-дық, діни, саяси, эстетикалық, əдет, корпоративтік нормалары жатады. Əлеуметтік нормалар келесі ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пəні тек əлеуметтік сипатта болады, ол – қоғамдық қатынастар; ə) «субъектілік» құрамы əлеуметтік саланың өкілдері ретіндегі адамдармен ғана байланысты.
Техникалық жəне əлеуметтік нормалар өзара тығыз байла-ныстылықта болады. Нақты айтқанда, қоғам үшін маңызды техни-калық нормаларды мемлекет пен құқық қолдайды, нəтижесінде олар белгілі бір заңды салдарды туындататын, жалпыға міндетті техникалық-заңды жүріс-тұрыс ережелеріне айналады. Мысалы, қылмыстық заңнама құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіп-сіздік ережелерін бұзу əрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді.
Құқыққа сан алуан түсінік беруге болады. Құқықты бірнеше мағынада қарастыруға болады. Құқық мораль, өнеге, дін нормалары тұрғысынан адамның мінез-құлқының бостандығы түрінде көрінеді. Мұнда адам əдет-ғұрып, мораль негізінде оның ресми құқыққа сай келе ме, жоқ па, оған қарамастан іс-əрекет жасау мүмкіншілігі құқығына ие болады. Бұл жерде құқық заңмен жəне мемлекетпен байланыста болмайды, тікелей қоғам арқылы қамтамасыз етіліп, қорғалады. Бұл құқықтың жалпы əлеуметтік мағынасын ашады. Құқық мемлекетпен қабылданатын жəне қорғалатын, жалпыға ортақ нормалардың жиынтығы болып табылады. Бұл нормалар адамның жүрістұрысы мен мінез-құлқы ережелерінен тұрады. Ол ережелер рұқсат ететін жəне тиым салатын нормаларды қамтиды. Құқық заң, түрлі қаулылар мен жарлықтар түрінде болады. Бұл құқықтың заңды мағынасын ашады. Құқық мемлекет секілді қоғам дамуының нəтижесі болып табылады. Заң тұрғысынан құқық мемлекетпен ұйымдастырылған қоғамда барлық қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік реттеуші болып танылады. Құқық қоғамның мемлекеттік еркін білдіреді. Құқық бір топ не таптың ғана мүддесін емес, керісінше барлық қоғамның мүддесін қорғауға бағытталған. Құқық мемлекетпен белгіленеді жəне қорғалады. Сонымен, құқық – бүкіл қоғамның еркін білдіретін, мемлекетпен белгіленетін жəне қорғалатын, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, 20 жалпыға бірдей міндетті, формальді анықталған заң нормаларының жүйесі болып табылады.
Құқықтың мынадай белгілері бар:
1) құқықтың еріктік сипаты – құқық адамдардың саналы, ерікті қызмет етуінің нəтижесі. Бірақ кез келген ерік құқық бола бермейді, тек мемлекеттен жəне қоғамның көптеген мүшелерінен туындайтын ерік қана құқық бола бастайды.
2) құқықтың жалпыға бірдей міндеттілігі – құқық барлығына, барлық азаматтарға, лауазым иелеріне, мемлекеттік органдарға жəне қоғамдық ұйымдарға бірдей міндетті болып табылады.
3) құқықтың мемлекетпен тығыз байланыста болуы – құқық мемлекетсіз, ал мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды. Құқық мемлекетпен қабылданады жəне қорғалады. Құқықты қолданатын мемлекет жəне ол құқық арқылы жазалау шараларын қолданады.
4) құқықтың нормативтілігі – құқық заң нормаларынан тұрады жəне ол барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, ал заң нормаларында жүріс-тұрыс жəне мінез-құлық ережелері орналасқан.
5) құқықтың жүйелілігі – заң нормалары бірі-бірінсіз қызмет ете алмайтындай бір жүйеге келтірілген жəне бірі-бірімен тығыз байланыста болады.
6) құқықтың формальді анықтылығы – заң нормалары қатаң белгіленген жəне ресми нысанда бекітілген болады. Олар заңдарда, жарлықтарда жəне өзге де құқықтық актілерде көрініс табады. Құқықтың түпкілікті заңдылықтарын білдіретін қасиеттерін білу үшін құқықтың мəнін ашу қажет. Қай заманда болсын əрбір құқық əрқашанда реттеуші құрал болатыны жəне ол кімнің мүддесін қорғайтыны маңызды мəселе болып қала береді.
Құқықтың мəніне қатысты келесідей көзқарастар бар:
1) Құқықтың таптық мəні. Бұл көзқарас бойынша құқық экономикалық үстем таптың мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдік етілген заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады. Мұнда құқықтың басты мақсаты үстем таптың мүддесін қамтамасыз ету болып табылады. Құқықтың жалпыға бірдей міндеттілігі, формальді анықтылығы белгілері үстем таптың мүддесін қорғауға бағытталған.
2) Құқықтың əлеуметтік мəні. Бұл көзқарас бойынша құқық адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, экономикалық еркіндігін, демократияны бекіту мен қамтамасыз ету құралы ретінде пайдаланылады. Құқық барлық қоғам мүшесінің мүддесін қорғайды.
3) Құқықтың діни, ұлттық мəні. Заң актілерінде не құқықтық əдет ғұрып нормаларында бір діннің не бір ұлттың мүддесінің басым болуы көрініс табады.