ҚҰҚЫҚ негіздері


Қазiргi уақытта негiзгi құқықтық құжат



бет12/21
Дата10.10.2022
өлшемі370 Kb.
#42255
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

Қазiргi уақытта негiзгi құқықтық құжат

  • Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумында қабылданған Конституциясы. Ол тәуелсiздiк кезiндегi Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бiр арнаға келтiрдi.

ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр қайнар көзi - халық.

  • Халыққа, негiзiнен мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын анықтау құқығы берiлген. Қазақстан халқы - тек қазақ ұлты емес, сонымен қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары. Халық дауыс беру, (референдум), талқылау, сондай-ақ Парламент депутаттарын сайлау арқылы мемлекеттiк өмiрдiң маңызды мәселелерiн шешуге қатысады. Президенттi де тiкелей халық сайлайды.

Егемендiк

  • мемелекеттiк билiктiң бiрлiгiн, үстемдiгi мен тәуелсiздiгiн анықтайтын мемлекеттiң мәнi болып табылады. Аталған қасиеттер тығыз байланысты және солардың арқасында мемлекеттiң азаматтарын жалпыға бiрдей тең құқықпен мемлекеттiк - құқықтық бiрлiкке топтастырып отырған Қазақстан Республикасынының осындай егемендiк жайына толық сипат бере алады.

Республика мемлекеттiк билiгiнiң тәуелсiздiгi

  • оның мемлекетаралық қатынастағы егемендiгi. Қазақстан мемелекетiнiң басқа бiр мемлекеттiң билiгiне бағынбауы, оның дербестiгiн, сөзсiз сыртқы саясаттық құқықтық субьектiлiгiн бiлдiредi. Ешқандай басқа мемлекеттiң Қазақстанның iшкi iстерiне араласуға құқығы жоқ, өйткенi ол - егемендi ел.

Республикадағы мемлекеттiк билiк бiртұтас,

  • өйткенi оның бiрден-бiр бастауы - Қазақстан халқы және мемлекеттiң егемендiгi бөлiнбейдi. Әйтсе де, бұл билiк өзiнiң бөлiну принципiне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiнiп, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның 3 - бабы).

Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi:

  • Елтаңбасы
  • Туы
  • Гимнi
  • Әр адам мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге мiндеттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет