ҚҰҚЫҚ негіздері



бет8/21
Дата10.10.2022
өлшемі370 Kb.
#42255
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

Оқиғалар және әрекеттер

  • Оқиғалар - адамдардың бұл субъектілердің еркіне тәуелсіз пайда болады. Мысалы, табиғат апаты, өлім және т.б адам өлiмi мұрагерлiк құқықты тудырады, ал пенсия жасына жету, зейнетақы алуға мүмкiндiк бередi. Әрекеттер - адамдармен пайда болатын заңға негiзделген айғақтар. Олар құқыққа сай (заңды әрекет) және құқыққа қарсы әрекеттер (заңсыз әрекет) болып бөлiнедi.

Құқықтық нормаларды жүзеге асыру:

  • 1) сақтау–қолданыстағы құқықпен тыйым салынған әрекеттерден бас тарту;
  • 2) орындау–оң мазмұнды заңды міндеттерді орындауға байланысты белсенді әрекеттерді жүзеге асыру;
  • 3) пайдалану–олар арқылы тұлғаның өз мүддесін қанағаттандырылатын субъективтік құқықтарды жүзеге асыру;
  • 4) қолдану–құзіретті органдардың нақты бір заңды істі шешуге байланысты биліктік қызметі, нәтижесінде сәйкес жеке ак қабылданады.

Құқық нормаларын түсіндіру

  • бұл мемлекеттің, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсіндіруге, оларда көрініс тапқан билік басында тұрған әлеуметтік күштердің еркін ашуға бағытталған қызметі.

Құқықтық мінез-құлық

  • бұл субъектілердің құқық нормаларына және әлеуметтік маңызды мақсаттарға сай келетін жүріс-тұрысы.

Құқықбұзушылық

  • бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті.

Әлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқықбұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға бөлінеді.

  • Қылмыстар–бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен ерекшеленетін, әлеуметтік маңызды мүдделерге нұқсан келтіретін, нұқсан келтірушіліктен қылмыстық заңнамамен қорғалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар.
  • Теріс қылықтар–әлеуметтік қауіптіліктің, қылмысқа қарағанда, аз дәрежесімен ерекшеленеді, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, әр түрлі нұқсан келтіру объектілері мен заңды салдарға ие. Олар үшін жаза емес, әр түрлі шаралар көзделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет