Қазақстан Республикасы азаматтарының негiзгi мiндеттерi: 4-тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық. Әкімшілік жауапкершілік - Әкімшілік құқықтың пәні мен әдісі. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- Әкімшілік-құқықтық нормалар ұғымы, олардың ерекшеліктері.
- Әкімшілік-құқықтық қатынастар, олардың түрлері мен ерекшеліктері.
- Әкімшілік құқықбұзушылық ұғымы, оның белгі-нышандары.
- Әкімшілік жауапкершілік ұғымы, оның қағидалары.
- Әкімшілік шаралардың түрлері.
Әкiмшiлiк құқық - мемлекеттiк басқарушы органдардың басқарушы-жарлықшы қызметiн реттейтiн құқықтық нормалар жиынтығы. Әкімшілік құқығы құқық жүйесі салаларының бір түрі ретінде, қоғамдық қатынастады реттейтін, мемлекетті басқару қызметі үрдісінде пайдаланылатын мемлекеттік аппараттың тәртіптелген жұмысын қамтамасыз ететін құқық.
Әкiмшiлiк-құқықтық нормалар дегенiмiз - заң шығарушы, атқарушы органдар орнататын, рұқсат етiлген iс-қимылды және атқару билiгiндегi қоғамдық қатынастарды реттейтiн ережелер.
Әкімшілік құқығының қайнар көздеріне - Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарында қабылданған “әкiмшiлiк құқық бұзушылық” кодексi және басқа да құқықтық-нормативтiк кесiмдер жасайды.
Атқарушы билiк - мемлекеттiк басқару органдары жүйесiнен тұрады, ал бұл жүйеге Үкiмет, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен мекемелер, жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттiк мекемелердiң әкiмшiлiктерi жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |