ҚҰҚЫҚ негіздері



бет17/21
Дата10.10.2022
өлшемі370 Kb.
#42255
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Әкімшілік жаза түрлері:

  • Ескерту жасау. Әкімшілік айыппұл салу. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей обьектісі болған заттың өтемін төлеп алып қою. Әкімшілік құқық бұзушылықтың обьектісі болған затты, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу. Арнаулы құқығынан айыру. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлігінен) айыру немесе қызметінің белгілі бір түріне не белгілі бір іс- әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру. Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу. Өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау. Әкімшілік қамауға алу. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қ.Р.- ның шегінен әкімшілік жолмен кетіру.

5-тақырып. ҚР азаматтық құқығы туралы жалпы түсінік. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар. Міндеттемелер туралы ережелер. Шаруашылық шарттарының жекеленген түрлері. Мүрагерлік құқық.

  • ҚР азаматтық құқығы туралы жалпы түсінік. Азаматтық құқық ұғымы, пәні және реттеу әдісі. Азаматтық құқықтың қайнар көздері. Азаматтық құқық субьектілері. Азаматтық құқықтағы заңдық фактілер. Өкілдік және сенімхат. Азаматтық құқықтарды қорғау.
  • Заттық құқықтар ұғымы және түрлері. Меншік құқығы ұғымы және мазмұны. Меншік құқығының субьектілері және обьектілері. Меншік құқығының түрлері. Меншік құқығын қорғаудың азаматтық-құқықтық тәсілдері.
  • Міндеттемелер ұғымы және жүйесі. Міндеттемелердің пайда болу негіздері. Шарт ұғымы және маңызы. Шарттардың түрлері және шарт жасасу тәртібі. Сатып алу-сату шарты туралы жалпы ережелер. Рента және оның түрлері. Мүлікті жалдау шарты. Мердігерлік шарт туралы жалпы ережелер.Қызмет көрсету шарттары. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер.

Азаматтық құқық

  • Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет