- құқыққа қарсы, кінәлі(қасақана немесе абайсыздықта жасалған) жеке адамның немесе заңды тұлғаның әрекеті немесе әрекетсіздігі. Әкімшілік құқық бұзушылық азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян келтіретін және құқыққа қарсы әрекет боып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері: құқыққа қарсылығы, кінәлілігі, әкімшіліктік жазалану.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы: - бұл заңдық элементтердің жиынтығы, солар болған жағдайда әрекет әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады да әкімшілік жауаптылық туындайды. Бұл элементтер әкімшілік құқық бұзушының обьектісі, субьекті, обьективтік және субьективтік жақтары.
- әкімшілік жауаптылықтың шараларымен қорғалатын кез-келген қоғамдық қатынас болып табылады.
Объективтік жағы - әкімшілік құқық бұзушылық объектісіне бағытталған құқыққа қарсы әрекет, яғни іс әрекет немесе әрекетсіздік, оның сипаты, сондай-ақ оны жасаудың немесе жасамаудың жағдайы.
Субъект Субъективтік жағы - бұл кінә, яғни адамның өзі жасаған құқыққа қарсы әрекетіне және мүмкін болатын оның салдарларына рухани көзқарасы. Кінә қасақана немесе абайсыздық нысанда көрініс табуы мүмкін.
- өкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның әкімшілік құқықтық нормаларда қаралған, құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі жеке адамдарға немесе заңды тұлғаларға қолдануынан көрінеді.
Әкімшілік жаза - әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.
Достарыңызбен бөлісу: |