ҚҰҚЫҚ негіздері



бет19/21
Дата10.10.2022
өлшемі370 Kb.
#42255
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Мәмілелер

  • азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері

Сенімхат

  • бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік жасау үшін басқа адамға (сенім алушыға) беретін жазбаша өкілдігі. Сенімхат сенім алушының өкілеттілігінің мөлшерін анықтайтын бір жақты келісім, ол тікелей сол сенімхатты беруге белгіленген құқықтар мен міндеттерді тудырады.

Меншік құқығы

  • дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Қазақстан Республикасының Конституциясы (6-бап)

  • мемлекеттік меншік пен жеке меншікті таниды және бірдей қорғайды. Жеке меншік - азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді. Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып бөлінеді. Жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар тек қана мемлекеттік республикалық меншікте болады.

Меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтарына:

  • жерді пайдалану құқығы; шаруашылық жүргізу құқығы; оралымды басқару құқығы;
  • заңдарда көзделген басқа да заттық құқықтар жатады.

Міндеттемелік құқық

  • Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға, атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға, ақша төлеуге және тағы осылар сияқгы әрекеттер жасауға, не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге хақысы бар. Тараптар (борышкер мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет