Нақты оқу әдістемелік кешен студенттердің Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаюына үлес қосуға ынталандыруы және еліміздегі құқық тәртібі мен заңдылықтың орын алуына септігін тигізуі қажет.
Халықтың құқықтық білімінің төмендігі елдегі құқық тәртібіне әсер етуші басты фактор екендігі белгілі. Сол себепті, “Құқық негіздерін” оқу барысында басты назар Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы заңдары мен нормативтік- құқықтық актілеріне аударылуы тиіс. Курсты оқу барысында студенттер Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін талдау әдістемесін игеруі қажет. Атап айтсақ, құқық пен мемлекеттің негізгі түсініктерімен танысуы, мемлекет, құқық, демократия, адам құқықтары мен бостандықтарның негізгі идеялары мен проблемаларын ашатын сұрақтармен танысуы; Құқық негіздері курсын оқу процесінде студент құқықтық әдебиеттермен, заңдармен, өзге де нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істей білуі; Қазақстанның қолданыстағы заңдары туралы жалпы мағлұматтарының болуы және олардың қоғамдық қатынастардағы орны мен функцияларын білулері тиіс.
1-тақырып. "Құқық негіздері" курсы пәні және жүйесі. Мемлекет және құқық теориясы Мемлекет туралы негізгі ұғымдар. Құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар.
«Құқық негіздері» оқу курсы түсінігі және ерекшеліктері. «Құқық негіздері» оқу курсының функциясы. Құқық негіздері пәні және мемлекет пен құқық теориясы.
Мемлекет туралы негізгі ұғымдар. Мемлекеттің пайда болуы туралы негізгі тұжырымдамалар. Мемлекет мәні. Мемлекет функциясы. Мемлекет механизмі және мемлекет нысаны. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам. Қазақстан мемлекетіне әлеуметтік-саяси және құқықтық сипаттама.
Құқық ұғымы және белгі-нышандары. Құқық мәні, функциясы және рөлі. Құқық қағидалары ұғымы және түрлері. Құқық жүйесі. Құқық қайнар көздері. Нормативті актілер ұғымы және түрлері. Құқық нормасы ұғымы және белгі-нышандары. Құқық нормасының құрлысы.