ҚҰҚЫҚ негіздері



бет13/21
Дата10.10.2022
өлшемі370 Kb.
#42255
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

Демократиялық мемлекет

  • Қазақстан, ең алдымен, Конституция қабылдап, тiкелей мемлекет басшысын және Парламент сайлауға, өкiлеттi мерзiмi бiткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билiгi бар ел.

Зайырлы мемлекет

  • Қазақстан Республикасында дiни мекемелер мен дiн ұстаудың мемлекеттен бөлектiгiн бiлдiредi және бұл жағдай Қазақстандағы ислам мен православиелiк, тағы да басқа нанымдық ағымдарға бiрдей қатысты.

Құқықтық мемлекет

  • жеке адам мен қоғам мүддесiн қорғайтыны, заң үстемдiгi мен құқық принциптерiне негiзделiп құрылған мемлекет.

Әлеуметтiк мемлекет

  • жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес қоғам мен адамға тұтас қызмет ететiн мемлекет. Ол мемлекеттiк қаржы көздерi есебiнен барлық азаматтарға мүмкiндiгiнше бiрдей мөлшерде игiлiктер көрсетiп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен әлеуметтiк теңсiздiктi жеңiлдетуге әрекет етедi.

Қазақстанда сайлау жүйесiнiң екi түрi қолданылады: төте сайлау және жанама сайлау.

  • Қазақстан Президентi, Мәжiлiс және Мәслихат депутаттарн төте сайлау жүйесi арқылы сайланады. Мәжiлiс депутаттарын сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығының негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжiлiс депутаттарының кезектi сайлауы Парламенттiң, жұмыс iстеп тұрған сайлану өкiлеттiлiгiнiң, мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi.
  • Жергiлiктi органдарды — мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тек, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзiмге халық сайлайды. Жиырма жасқа толған азамат мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бip мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
  • Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр екi жыл сайын қайта сайланып отырады.

Адам құқықтары мен бостандықтарын:

  • Жеке немесе өзіндік,
  • саяси,
  • экономикалық және әлеуметтiк топтарға бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет