ҚҰҚЫҚ негіздері



бет2/21
Дата10.10.2022
өлшемі370 Kb.
#42255
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Мемлекет және құқық пәнi

  • қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтiк құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмiрдегi қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдiс-тәсiлдерiн, объективтiк заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнiн терең түсiнуге мүмкiндiк бередi. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттiк органдардың құрамын қалыптастырудың ретiн, жұмыс тәртiбiн және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекiтедi және қорғайды.

Заң ғылымдары үш топқа бөлiнедi:

  • 1. Мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, құқық пен саясаттың тарихи дамуы;
  • 2. Салалық заң ғылымдары (азаматтық, қылмыстық, еңбек т. б.)
  • 3. Арнаулы заң ғылымдары (криминалистика, соттық медицина, халықаралық құқық т. б.).

Мемлекеттiң дамуы

  • мемлекет қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң, жеке меншiктiң пайда болуы нәтижесiнде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлiнуiнiң туындысы. Мемлекет жария үкiметтiң пайда болуы мен iс-әрекетiнiң нәтижесi ретiнде қалыптасатын, қоғам өмiрiн ұйымдастырудың нысаны мен оның негiзгi салаларына басшылық ететiн, қажеттi жағдайларда мемлекеттiң күш-қуатына үйренетiн басқару жүйесi.

Құқықтың дамуы

  • адам қоғамының дұрыс өмiр сүруiнiң негiзгi обьективтiк заңдылықтарының бiрi. Ол - әлеуметтiк нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, дiни нормалары) қоғамның даму процесiнде бiрте-бiрте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттiң өзi қабылдаған, бекiткен құқықтың жаңа түрлерi пайда болды: заң, заңға тәуелдi кесiмдер, шарттық нормалар, заң күшi бар соттың шешiмдерi.

Мемлекеттiң және құқықтың пайда болуы туралы теориялар:

  • Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмiрiмен қалыптасып, дамып келедi деп түсiндiредi.
  • Табиғи теория - бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекеттi, құқықты ешкiм ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзi сияқты табиғаттан бастау алып, әдiлеттiлiкке негiзделген абсолюттiк ұғымдар деп атайды.
  • Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бiрге жетiлдi дейдi.
  • Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжрибесiнен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерiнiң мүдде-мақсаттарын iске асыру үшiн бiрiккен одақ деп түсiндiредi. Күрделi iрi патриархалдық отбасы басшысы бiрте-бiрте мемлекеттiң басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттiң басшысы - монарх.
  • Психологиялық теория - адамдардың психологиялық бiрiккен көзқарасы, iс-әрекетi, мiнезi, тәртiбi – бәрi келiсiп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет