ҚҰҚЫҚ негіздері


Азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдындағы теңдігі



Pdf көрінісі
бет133/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   389
Азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдындағы теңдігі қағидасы – 

тұлғаның  құқықтары  мен  бостандықтарының  теңдігін  осы  құқықтарды 

мемлекетпен тең негізде қорғалуын жəне заң алдындағы бірдей жауапкершілігін 

көрсетеді.  Еңбек  құқығының  осы  қағидасы  келесі  нормалар  арқылы 

нақтыланады; 

Азаматтарға еңбек етуге өз қабілеттерін қолдануға тең мүмкіндіктер 

ұсыну; 

Еңбек  қатынастарындағы  жұмыс  берушілердің  құқықтары  мен 

міндеттерінің теңдігі. 

Ізгілік – адамды  жоғарғы  құндылық  деп  санай  отырып,  адамның  өмірін, 

құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғауды  қарастырып,  жан-жақты  дамуын 

бағыттай  отырып  еңбек  ету  бостандығы  қалыптастыру  үшін  негіз 

б.т.Қауіпсіздік,  санитария,  гигиена  талаптарын  анықтай  отырып  еңбек 

заңнамалары қызметкердің өмірі мен денсаулығын қорғайды. 

Еңбек құқығының қайнар көздері. Еңбек құқығының қайнар көздері ретінде 

мемлекеттің  құзіретті  органдарының  еңбек  жəне  өзге  де  қоғамдық 

қатынастарды  реттеу  саласындағы  құқық  шығарушы  қызметінің  нəтижелерін 

тануға  болады.  Яғни  еңбек  құқығының  қайнар  көздері – бұл  жалданбалы 

қызметкерлердің 

еңбегін 


пайдалану 

жəне 


ұйымдастыру 

жөніндегі 

қатынастарды,  еңбек  нарығын  реттейтін  нормативтік  құқықтық  актілер. 

В.Н.Уваров атағандай, нормативтік құқықтық актілер екі түрге бөлінеді: негізгі 

жəне туынды. 

Еңбек  заңнамасында  негізгі  нормативтік  құқықтық  актілерге  ҚР 

Конституциясы,  Конституциялық  заңдар,  еңбек  туралы  жекелеген  заңдар,  ҚР 

Президентінің НҚ жарлықтары, ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің жəне 

Жоғарғы  Соттың  қаулылары,  министрліктердің  жəне  өзге  де  орталық 

мемлекеттік  органдар  басшыларының  нормативтік  бұйрықтары,  еңбек 




186 

 

мəселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттің жəне өзге де орталық мемлекеттік 



органдардың  нормативтік  қаулылары,  мəслихаттар  мен  əкімдердің  еңбекті 

ұйымдастырудаң  жергілікті  мəселелері  жөніндегі  нормативтік  шешімдер 

жатады. 

Еңбек заңнамасы саласындағы туынды нормативтік құқықтық актілерге əр 

түрлі ережелер, нұсқаулар, ұсыныстар жəне т.б жатады. Туынды актілер негізгі 

нормативтік  құқықтық  актілердің  негізінде  қабылданады  жəне  олармен  бірге 

біртұтас жүйені құрайды. 

Қазақстан 

Республикасының 

заңнамасы: 

ҚР 

Конституциясы, 



Конституцияға  толықтырулар  мен  өзгертулерді  енгізуге  байланысты 

қабылданған  заңдар,  Конституциялық  заңдардан  кейінгі  басымдылықты 

кодекстер  алады.  Сол  кодекстердің  бірі – Еңбек  кодексі  болып  табылады.  Ол 

негізгі екі бөлімнен тұрады: 

-  Жалпы  бөлімде:  еңбек  құқығының  түсінігі,  мақсаты,  еңбек  заңдарының 

қағидалары, 

еңбек 

қатынастарының 



пайда 

болу 


негіздері, 

еңбек 


қатынастарының  субъектілері,  еңбек  қатынастарын  реттеудегі  мемлекеттік 

органдардың  құзіреті,  еңбек  заңнамасын  бұзғаны  үшін  жауапкершілік 

қарастырылады. 

-  Ерекше  бөлімінде:  еңбек  шарты,  еңбек  тəртібі,  жұмыс  уақыты,  демалыс 

уақыты,  еңбек  төлемақысы,  кəсіби  даярлық,  тараптардың  материалдық 

жауапкершілігі,  жұмысқа  тұруы,  жеке  жəне  ұжымдық  еңбек  дауларын 

қарау,жұмыскердің  жекелеген  санаттағы  еңбек  ерекшеліктерін  реттеу,  еңбек 

заңдарын бақылау қарастырылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет