ҚҰҚЫҚ негіздері


Жұмыс  уақытының  режимі  жəне  оларды  қалыптастыру  тəртібі.  Жұмыс



Pdf көрінісі
бет167/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

Жұмыс  уақытының  режимі  жəне  оларды  қалыптастыру  тəртібі.  Жұмыс 

уақытының ерекше режимі. 

Белгілі  бір  есепті  кезеңдегі  (апта,  ай,  т.б.)  жұмыс  уақыты  мен  демалу 

уақытының ара қатынасы (алмасуы) жұмыс уақытының режимі  деп аталады. 

Оның  негізгі  элементтеріне:  аптадағы  жұмыс  күнінің  саны,  күнделікті 

жұмыстың басталуы ж\е аяқталуы, жұмыс ауысымының ұзақтығы ж\е алмасуы 

жатады.  Жұмыс  уақытының  режимі  жұмыс  аптасының  типіне  байлынысты. 

Кəсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) қызметкерлері үшін 2 демалыс 

күні  бар 5-күндік  жұмыс  аптасы  белгіленген.  Бұл  жағдайда  күнделікті 

жұмыстың  ұзақтығы  жұмыс  беруші  жұмыс  ерекшелігін,  еңбек  ұжымының 

пікірін  ж\е  жұмыс  аптасының  белгіленген  ұзақтығын  сақтай  отырып  бекіткен 

оның  актілерімен  н\е  ауысымдық    графиктерімен  анықталады.  Егер  өндірістің 

сипатына  ж\е  кəсіпорындағы  (мекемедегі,  ұйымдағы)  жұмыс  жағдайларына  б-

ты 5 күндік  жұмыс  аптасын  енгізу  тиімсіз  болса,  онда 1 демалыс  күні  бар 6 

күндік  жұмыс  аптасы  сақталады.  Жылжымалы  (оралымды)  график. 

Жұмыстың жылжымалы графигі жұмыскерлердің өз əлеуметтік-тұрмыстық ж\е 

басқа  жеке  мұқтаждықтарын  өндіріс  мүддесімен    үйлестіру  үшін  қолайлы 

жағдай  тудыру  мақсатында  енгізіледі.  Бұл  график  экономиканың  барлық 

саласындағы кəсіпорындарда 5 күндік, 6 күндік жұмыс аптасы жағдайында да, 

жұмыстың басқа режимдерінде де қолданылуы мүмкін ж\е 3 бөлімнен тұрады: 

- «бекітілген уақыт» - жұмыскер өз жұмыс орнында болуға міндетті уақыт; 

- «айнымалы  уақыт» - осы  уақыт  аралығында  жұмыскер  жұмысты  өз  қалауы 

бойынша бастауға ж\е аяқтауға құқылы; 

- «тамақтану ж\е демалу үшін үзілістер» -  «айнымалы уақыт» - 30минуттан кем 

емес  ж\е 2 сағаттан  артпайтын  уақыт,  оны  жұмыскерлер  демалуға  ж\е 

тамақтануға пайдалануы тиіс. Бұл кезең жұмыс уақытына саналмайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет