ҚҰҚЫҚ негіздері


Кепілдіктер мен өтемақы төлемдерінің түсінігі мен түрлері



Pdf көрінісі
бет180/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   389
Кепілдіктер мен өтемақы төлемдерінің түсінігі мен түрлері.  

    Кепілдік төлемдер ретінде заңда көзделген себепті жағдайларда қызметкердің 

өз  еңбек  міндеттерін  іс  жүзінде  орындамаған  уақытында  төленетін  төлемдері 

танылады. Олардың жалақыдан айырмашылығы: жалақы еңбектің нəтижесінде 

төленсе,  кепілдік  төлемдер  еңбек  жəне  оның  нəтижелері  үшін  емес,  заңдарда 

көзделген  жағдайларда  еңбекке  ақы  төлеуді  кепілдейді.Кепілдік  төлемдер 

мынадай жағдайларда беріледі: 

-  Қызметкердің  мемлекеттік  н/е  қоғамдық  міндетттерді  орындау  кезіндегі 

кепілдіктер; 

- Медициналық тексеруден өту кезіндегі кепілдіктер; 

-  Біліктілігін  арттыруға  жəне  қайта  даярлауға  жіберілетін  қызметкерлерге 

арналған кепілдіктер; 

-  Ұжымдық  шарттарды  жəне  келісімдерді  жасау  кезінде  келіссөздерге 

қатысқаны үшін кепілдіктер; 

- Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы кезіндегі кепілдіктер. 

  Өтемақылық  деп  қызметкерге  еңбек  міндеттерін  орындаумен  н/е  басқа  жерге 

жұмысқа  ауысуы  себепті  көшуімен  байланысты  шығындарды  өтеу 

мақсаттарына ие төлемдер аталады. Түрлері: 

- Іссапарларға жіберілетін қызметкерлер үшін өтемақы төлемдері; 

-  Қызметкерді  жұмыс  берушімен  бірге  басқа  жерге  ауыстыру  кезіндегі 

өтемақылар; 

-  Қызметкердің  жеке  мүлкін  жұмыс  берушінің  мүддесіне  пайдалануға 

байланысты өтемақы төлемдері; 

-  жұмыс  жолда  өтетін  н/е  жүріп-тұру  сипаты  бар  не  қызмет  ету  учаскелері 

шегіндегі  қызметтік  сапарлармен  байланысты  болатын  жағдайларда 

қызметкерге өтемақы төлемдері; 

- Жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы төлемдері. 



218 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет