ҚҰҚЫҚ негіздері


  Еңбек  құқығы  бойынша  материалдық  жауапкершіліктің  түсінігі



Pdf көрінісі
бет181/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   389
9.7  Еңбек  құқығы  бойынша  материалдық  жауапкершіліктің  түсінігі. 

Қызметкерге  келтірген  зиян  үшін    жұмыс  берушінің  материалдық 

жауапкершілігі.  Тəртіптік  өндіріп  алудың  түрлері,  оларды  қолдану, 

беру  тəртібі.  Тəртіптік  жауапкершілік.Тəртіптік  қылық.  Жұмыс 

берушіге 

келтірілген 

зиян 

үшін 

қызметкерді 

материалдық 

жауапкершілікке тарту негіздері 

Еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі - бір тараптың 

екінші  тарапқа  келтірілген  материалдық    зиянды  заңға  сəйкес  өтеу  міндетінен 

тұрады.  Егер  заңдарда  өзгеше  көзделмесе,  еңбек  шартының  тарабын 

материалдық  жауапкершілікке  тартудың  негізі  болып  осы  шартының  ІІ- 

тарабына  құқыққа  қайшы  жəне  кінəлі  зиян  келтіру  табылады.  Зиян  келтірген 

тұлғаның кінəсі болмаған жағдайда да шығынды өтеу міндеті заңдарда көзделуі 

мүмкін.  

Заңдар материалдық жауапкершілітің екі түрін көзейді: 

Қызметкердің жұмыс берушінің алдындағы материалдық жауапкершілігі; 

Жұмыс берушінің қызметкердің алдындағы  материалдық жауапкершілігі. 

Жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі туындайтын жағдайлар: 

- Зиянды құқыққа қайшы түрде келтіру; 

-  Құқыққа  қайшы  əрекет  (əрекетсіздік)  пен  туындаған  зиянның  арасындағы 

себепті байланыс; 

- Кəсіпорынның кінəсі. 

Бұл  жағдайда  құқыққа  қайшылық  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын  қамтамасыз 

етпеуді  білдіреді.  Құқыққа  қайшы  болып  нəтижесінде  денсаулығына  зақым 

əкелген  əрекет  те,  əрекетсіздік  те  танылуы  мүмкін.  Себепті  байланыс 

қызметкерге  келтірілген  зиянның  жұмыс  берушінің  құқыққа  қайшы  əрекетінің 

(əрекетсіздігінің)  нəтижесінде  туындауын  білдіреді.  Кəсіпорынның  кінəсі 

жəбірленген  тұлғаға  қауіпсіз  еңбек  жағдайларымен  қамтамасыз  етпеген  оның 

қызметкерлерінің кінəсін білдіреді. 

Қызметкердің  еңбек  міндеттерін  атқаруына  б-ты  оның  өміріне  ж\е  (н\е) 

денсаулығына  зиян  келтірілгенде  жұмыс  беруші  қызметкерге  келтірілген 

зиянды  ҚР  Азаматтық    заңнамаға  сəйкес  өтеуі  тиіс,  қызметкерде  сақтандыру 

төлемдері болмаған жағдайда толық көлемде өтеледі, ал сақтандыру төлемдері 

болған  кезде  жұмыс  беруші  қызметкерге  сақтандыру  сомасы  мен  зиянның 

нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті. 



219 

 

Қызметкер басқа  жұмысқа заңсыз ауыстырылған, жұмыс орнына жіберілмеген, 



еңбек  шартының  талаптары  біржақты  өзгертілген,  қызметкер  жұмыстан 

шеттетілген,  еңбек  шарты  негізсіз  бұзылған  жағдайда,  жұмыс  беруші 

қызметкердің    алмай  қалған  жалақысы  мен  оған  тиесілі  өзге  де  төлемдерді 

өтеуге міндетті. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет