ҚҰҚЫҚ негіздері


  Еңбек  дауларының  түсінігі  мен  түрлері.  Жеке  еңбек  дауларын  шешу



Pdf көрінісі
бет186/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   389
9.8  Еңбек  дауларының  түсінігі  мен  түрлері.  Жеке  еңбек  дауларын  шешу 

тəртібі.  Ұжымдық  еңбек  дауларының  түсінігі  мен  тараптары. 

Ұжымдық еңбек дауларын шешу тəртібі. 


222 

 

Еңбек    даулары  ретінде  қызметкер  мен  жұмыс  берушінің  арасындағы 



тікелей  келіссөзлдермен  реттелмеген,  қолданыстағы  заңдарда  қолдану,  жаңа 

еңбек  жағдайларын  белгілеу  жəне  еңбек  жағдайларын  өзгерту  жөніндегі 

мəселелерге  қатысты  келіспеушіліктер  танылады.  Еңбек  дауларының 

туындауына  əсер  ететін  себептер    алуан  түрлі  болуы  мүмкін.  Бұл  себептерге 

жəне  еңбек  дауының  пəнінен  қарай  еңбек  дауларын  келесі  түрлерге  бөлуге 

болады. 


Субъективтік  құрам  б-ша , яғни  еңбек  дауына  қатысушылардың  құрамы 

бойынша еңбек даулары:   

- Жеке еңбек даулары; 

- Ұжымдық  еңбек даулары болып бөлінеді. 

Жеке еңбек даулары бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру н\е тануға б-

ты,  еңбек  туралы  заңдарға,  ұжымдық  шартқа  ж\е  еңбек  туралы  өзге  де 

келісімдерге  б-ты  талаптарын  жұмыс  берушіге  білдірген  жекелеген 

қызметкерлердің бастамасы  б-ша туындайды. Ж.е.д.  бір жағынан – қызметкер, 

екінші жағынан – жұмыс беруші қатысады. Ж.е.д пəні – еңбек қатынастары да, 

олармен  тығыз  байланысты  өзге  қатынастар  да    б.т  Қызметі  б-ша  ауыстыру, 

қызметінен  босату,  біліктілікті  н\е  дəрежені  көтеру  ж\е  т.б.  туралы  даулар – 

жеке еңбек даулары б.т.  

    Ұжымдық  еңбек  даулары – бұл  жұмыс  берушінің  жəне  қызметкерлер 

ұжымының  арасында  ұйымдарда  жалақы  төлеу  мəселесіне,  ұжымдық  шарттар 

мен  келісімдерді  бекітуге  жəне  орындауға,  сонымен  қатар,  қолданыстағы 

заңдардың,  ұжымдық  шарттардың  жəне  келісімдердің  ережелерін  қолдану 

мəселелеріне қатысты туындайтын келіспеушіліктер.  

    Ұжымдық  еңбек  дауларының  тараптары  болып,  бір  жағынан,  жұмыс  беруші 

(немесе  жұмыс  берушілердің  бірлестігі),  екінші  жағынан,  ұйымның  ұжымы 

(ұйымдар  бірлестігі)  табылады.  Ұжымдық  еңбек  дауының  тараптары  өз 

өкілеттіктерін  өкілдері  арқылы  жүзеге  асырады.  Қызметкерлердің  өкілдері 

ретінде  кəсіптік  одақтардың  органдары  жəне  олардың  бірлестіктері,  ұйым 

қызметкерлерінің  жиналысында  (конференциясында)  құрылған  қоғамдық 

органдар,  филиалдар,  өкілдіктер  танылады.  Жұмыс  берушілердің  өкілдері 

ретінде ұйым басшылары немесе ұйымның жарғысына сəйкес өзге де уəкілетті 

тұлғалар,  жұмыс  берушілердің  бірлестіктері  немесе  жұмыс  берушінің  өзге  де 

уəкілетті органдары болуы мүмкін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет